Ағашты өндейтін құрал-жабдықтар
Сүйекті, мүйізді, ағашты көркем өңдеу үшін көп құрал-жабдықтың қажеті жоқ. Темірді өңдеуге арналған құрал-жабдықтарды, станоктарды қолдануға болады.
Ағашты, сүйекті, мүйізді көркем өңдеудің ерекшелігі — оның табиғи құрылысын сақтап қалу және өзгеше пішінді пайдалана отырып, қол жұмысын барынша қолдану. Механикалық жабдық шикізатты алғашқы кезеңде өңдеу үшін және кеп уақытты талап ететін қызметтерді тездету үшін колданылады.
Доңгалақ арасы бар станок. Ағаш өңдеу өндірістерінде шикізатты аралау үшін қолданылады. Оның жұмысы электрлік байланысқа негізделген. Электрлі мотордың білігіне күш белдік пен шкифтің көмегімен беріледі. Белдік жалпаң немесе үш қырлы болып келуі мүмкін. Бірінші жағдайда қуат беретін жабдыққа созылмалы резеңкелі белдік тартылады, қырынан қарағанда жалпақ болып келетін, ал екінші жағдайда текстроп, қырынан караганда трапециялы болып келетін. Текстроптың мұндай құрылысы шкивпен ұстату жазықтырының көлемін үлғайтады, мұның арқасында қуат беретін жабдықтың күші артады. Станок моторының күші 0,7 кВт, аралаушы дискінің айналу жиілігі бір минутта - 1500-1800 рет.
Шикізатты аралау үшін әр түрлі кескіш дискілер қолданылады. Мысалы, ағаш пен мүйізді қарапайым, тістері ажыратылған дискілермен аралау ыңғайлы, кейде сүйекті тістері қиғаш орналасқан дискімен де кеседі.
Сылағыш станогы сүйекті немесе ағаштың қатты түрлерін өңдеудегі қара жұмысты атқарады. Қолмен жасайтын жұмыстарды механикаландырады. Сылағыш станок қуаттылығы 1,7 кВт-ңа тең электрлі мотордан, әр түрлі пішіні бар алмалы-салмалы фрезерлер орналасатын біліктен тұрады. Олардың диаметрі 200, 600 мм, кескіш жазықтығы 200-ден 500 мм-ге дейін. Білік моторының айналуына қарай бағытта фрез орналасады. Сылағыш станогының фрезері қарапайым жабдық емес. Оларды механикалық ұстаханаларда сүйек өңдеуші өндірістері үшін арнайы жасайды.
[pic]
3-сурет. 1-аяқ тұтқасы; 2,12-бекіткіш; 3,5-шкифтер; 4-электрқозғағыш; 6-май қуятын орын; 7-тросты жұмсақ вал; 8-ілгек; 9-тұтқа; 10-муфта; 11-негіз; 13-тетіктер.
[pic]
4-сурет.
1-медициналық өңдеу құралдары; 2-қайрақ орнығатын стержень; 3-ысқыш қағаздарды қисатын стержень.
Тегістегіш станогын ағаш жөәне сүйек өңдейтін өндірістерде қолданады. Ағаш өңдеу мекемелерінде дайын, жасанды заттарды ажарландыру жұмыстарында қажет. Тегістегіш станогы қуаттылығы 1,7 кВт-қа тең электрлі мотордан, тегістегіш құралы орналасқан біліктен тұрады. Біліктің бір минут аралығында айналу жиілігі -1500 айналым.
Өндірісте тегістегіш станогының екі түрі қолданылады: тегістегіш жабдығы көлденең және тік орналасқан түрі. Көлденең орналасқан түрін план шайба деп те атайды, бұл жағдайда тегістегіш құрал дөңгелек темірмен бекітіледі, ол темір план шайбаның табанына тығыз орналасқан. Ал тегістегіш құралдың тығыз орналасқан жағдайында мотордың білігіне темір диск орнатылады, дискінің денесіне келтіре тегістегіш құрал кесіліп, ортасынан бекітіледі.
Ағаш пен мүйізді өңдеу жұмыстарында тегістегіш құрал тез тозады, сондықтан мұндай құралдың ірі түйіршікті түрін қолданған жөн. Станокта жұмысты тұрып істеуге болмайды. Тегістеу шаң шығаратын жүмыс болғандықтан, тегістегіш жабдық қоршалады немесе желдетпе орналасады. Сондықтан жұмыс арнаулы деңгейде отырып істелінеді.
Бұрғылау-тесу станогы ағаш өңдеуші сүйек кесу өндірісінде жазықтық бетінде домалақ тесікті тесуге арналған. Өрнектеу жұмыстарын орындау кезінде осы станоктың көмегімен лобзик арасын орнату үшін тесік теседі, фурнитура тесіктерін жасауда қолданады. Ең көп қолданылатын жұмыстың түрі - технологиялық тесіктерді қажетті тереңдікке дейін тесу (дөңгелек түрдегі мүсінді түтік, ішкі бұрандалар).
Станоктың құрамы: жұмыс істеу үстелінің үстіне жасалмақ затты мықтап орнатады, айналдырық, оның патронында бұрғы орналасқан, қуаттылығы 0,6 кВт электрқозғағыш бар, ол бұрғыны айналу қозғалысына келтіреді. Бұрғыны айналу жиілігі бір минутта - 1545-4450 айналым. Айналдырықтың дайындалатын шикі-затын иінтірек арқылы жоғарыдан төмен қарай өңделетін орынға алып береді, бұл жағдайда айналып тұрған бұрғы қозғалысқа түсіп, шикізатты өңдейді.
Мұндай станокпен жұмыс істеуде техника қауіпсіздігін мүқият сақтау талап етіледі. Өйткені станоктың айналатын бөлігі өте қауіпгі. Бұрғыны патронда нақты бекіту керек, ол қисаймай түзу болғаны қажет (оны көзбен көру арқылы бұрғының айналуы кезінде байқауға болады). Жасанды зат жұмыс үстелінде дұрыс орналаспаса, бұрғы сынып кетуі және адам жарақаттануы мүмкін. Көз қауіпсіздігі үшін жай шыныдан тұратын көзілдірік киген дұрыс. Ал ағаш жаңқалары түсетін жерге сорғылы желдеткіш орнатады.
[pic]
5-сурет. Бұрғылау-кесу станогы: 1- станок негізі;
2 - тіреуіш; 3 - маховик; 4 - доғал шайба; 5 - ара негізі;
6 - кесу столы; 7 - рама; 8 - стерженъ; 9 - гайка;
10 — муфта; 11 –үнемдеткіш гайка