Сабақтың әдісі | Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, жаңа әдіс-тәсілдер, «Өрмекші торы», Бестармақ (синквин) тәсілі, БББ кестесі, сарамандық жұмыс, кері байланыс жасау. |
Барлық оқушылар: Тігін машиналарының қызметін біліп, түрлерін ажырата алу. | Көпшілік оқушылар: Тігін машинасын жұмысқа дайындай алу. | Жекелеген оқушылар: Машина тігімінің сапасын реттеп, мата қиығына машина тігімін орындау. |
Кіріспе | Ұйымдастыру кезеңі «Сөзді тап» жаттығуы Жақша ішінде тасталып кеткен сөзді табыңдар. Жігіт (...) індері Шамшырақ (...) Аниса (..) ыстық Жауабы: Тігін машинасы «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткенді қайталау.
Топқа бөлу |
Оқушылар шағын топ құрамында бір минуттың ішінде келесі сөздік есептің шешімін табу керек.
Тоқыма жіпті сұрақ қоя отырып, бір – біріне лақтырып, өрмекші торын құрады. | 5мин |
Негізгі бөлім «Білу» (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
«Түсіну» ( Неге? Неліктен? Не үшін?)
«Қолдану» ( сарамандық жұмыс)
«Талдау» (Салыстыр, айырмашылығы неде?)
«Жинақтау» (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)
«Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
|
Тігін машинасы туралы не білетіндерін БББ кестесі бойынша «Білемін» бөлімін толтырады.
Тігін машинасы – бұйым бөлшектерін тігін жіптері арқылы біріктіруге арналған құрылғы. Тігін машинасының құрылысы, құрамды бөліктері, қызметі және жұмыс істеу принципімен таныстыру.
Сарамандық жұмыс І Кіріспе нұсқау Тігін машинасында жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. ІІ Жұмыстың орындалу реті 1.Тігін машинасын жұмысқа дайындау. 2.Жіпті шөлмекке орау. 3.Машинаның үстіңгі және астыңғы жіптерін сабақтау. 4.Машина тігімдерін орындаңдар. Ол үшін: -матаны екі бүктеп, мата бастыратын табанның астына қойыңдар; -табанды түсіріңдер: -түзу тігім жүргізіңдер. 5.Тігім сапасын тексеру. 6.Жіптердің керілуін және инешаншым ұзындығын реттеу. 7.Тігін машинасын жібек жіптермен сабақтап, тігімді орындау. 8.Қандай жіптермен тігімді реттеу жеңілірек болғаны туралы қорытынды жасау. Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау оқушылардан талап етіледі
Тігін машинасы мен қол тігістерін салыстыру, айырмашылығын ажырату.
«БББ» кестесі арқылы бүгінгі өткен сабақты қорытындылау.
Тігін машинасымен тігудің қажеттілігі қаншалықты маңызды? Тігін машинасын пайдаланып қандай жоба жасағың келеді?
|
Сұрақтарға жауап беріп, білгендерін ортаға салады.
.
Сарамандық жұмысқа кіріседі.
Тігін машинасымен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтайды. Тігін машинасымен мата қиығына машина тігімін жүргізеді.
Тігін машинасы мен қол тігістерін салыстырып, айырмашылығын ажыратады.
Сабақты «БББ» кестесінің «Білдім, Білгім келеді» бөлімдерін толтыру арқылы қорытындылайды.
Бестармақ (синквин) тәсілі бойынша бүгінгі сабақты бағалайды.
|
3мин
5мин
10мин
5мин
5мин
5мин |
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма |
Қалыптастырушы бағалау (смайликтер арқылы) Жиынтық бағалау. Сапалы машина тігімі, үстіңгі, астыңғы жіптің іркілуін анықтау. |
Өзін-өзі бағалау.
Түртіп алу. 50-51-52-суреттерді дәптерге салып келу. |
3мин
2мин
|