Тақырыбы:Ұлттық сый кәде қуыршағы.
Сабаққа қажетті құрал саймандар:сызба дәптер беті,қатырма қағаз,барқыт мата,таспа,циркуль,тәтті торт қорабы,желім(ПВА),сызғыш,дайын қуыршақ басы,ағаш жоңқасының кесіндісі.
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінен өте бай эстетикалық талғамын, бұрынғы өмір салтын байқауға болады.Әдемі барқыт, жібек, атластан тігілген киімдер ою-өрнектерімен,бояу нақыштарымен ерекше.Қазақ киімі-көненің көзі,оны болашақ ұрпаққа жоғалтпай жалғастыру басты парызымыз.Сабағымызда қазақ киімі үлгі пішінінің сый кәде ретінде ойыстырылған көрінісі. Қазақ мемлекетінің ертеңгі бет бейнесі. Ұлттық үлгісін әрі жалғастырып,дамытып ,таза ұстауға, өз қолымызбен жасап шығаруға үйренейік.
Жұмыстың орындалу реті:
Ұлттық қуыршақ үлгісі екі бөліктен тұрады.Үстінгі негізгі тұлға бетін жасау үшін.
1.Денесіне биіктігі 20см конус,диаметрін 10см қылып аламыз.
2.Конустың екі бөлікті шетіне келтіріп орап,желіммен бекітеміз.
3.Төменгі шет ернегін 1см кертпе қып, іш жағынан бүктеп шығамыз.
4.Сыртынан конусты қаптаймыз.
5.Диаметрі 8см шеңбердің сырт бетіне мата қиындысын 0,5см деп артық алып,ернеуін ішке жапсырып шығамыз.Негізгі конус денесі немесе ішкі көйлегін дайындаймыз.
6.Сыртқы комзол үшін биіктігі 19см конус сызып аламыз.
7.Сыртқы бетін мата қиындысымен бұрыштап,содан кейін ішкі жағын алдынғы жағынан бұрыштап, екі жаппа бөлігін жартылай қаптаймыз.Енді дайын комзол жаппасын негізгі дене бөлігінің үстінен алдынғы жағын 5см ашыңқы қалдырып,үстіне жапсырамыз.Осылай сыртқы комзол дайын болады.
8.Көйлектің алдыңғы жағы комзолдың бұрыштарына айналдыра шілтер таспа жапсырып шығамыз.
9.Диаметрі 6см шеңбер мойын иықтығын сызып аламыз.Шеңбердің екі жақ бетін матамен қапталады.Ернегіне шілтер таспамен айналдыра жапсырып шығамыз.Дайын иықтықты дәл ортасын белгілеп аламыз да,тесіп -қиып дене тұлғасының үстінгі бетіне кигіземіз.Мойындық бас орнатылуға 1,5см қалуы тиіс.
10.Биіктігі 11см жеңге 2бөлек конусты қиылып алынады.Екі бөлікті конус пішініне келтіріп орап желіммен бекітеміз.
11.Конус жеңінің сыртын мата қиындысымен қаптаймыз.
12. Жең шетіне қатпарлармен(складка) лента таспамен жапсырмалаймыз.
13.Лента таспасының үстінен шілтер таспамен жапсырымыз.
14.Жеңнің ішкі бөлігіне 13см конусты мата қиындысымен қиып алып, шеттік екі бөліктің шетін орап келтіріп, желімдеп бекітеміз.
15.Конус шетін ине-жіппен көктеп отырып, жинақтап тартамыз да,ауызына ағаш жоңқасын салып бекітіп алып, сыртын шілтер таспамен ораймыз.
16. Денеге әншейін қуыршақ бастарын пайдалануға да болады.Негізгі денесіне қалдырылған 1,5см орынға бас орнатамыз.Беку үшін желімнінң кепкенін күткен жөн.
17.Шаш жасау үшін, екі іс машина жібін пайдаланамыз.20см кезкелген қатты тақтайшаға кезекпен біткенше орап аламыз.бір шетінен кесіп тепе-теңдікте дәл ортасынан бойлап желім арқылы жапырып,артынан бір тал жіппен байланады.Екі бөлік екі жаққа жіберіліп әдемі өріледі де,7см аралыққа тоқталып байланады. Үстінен шілтер таспамен оралады.
18. Бас киімге конусты түрінде 11см биіктікте бастың өлшеміне байланысты қиындыны қиып аламыз.Сыртынан мата қиындысымен қаптап,шілтер таспамен әдемілеп жапсырамыз.
19.Бас киімнің іш жағына желім жағып басқа орнатамыз.Үстінгі негізгі беті осылай аяқталады.
20. Астыңғы бөлігін дайындау үшін тәтті торт ыдысының қабығын пайдаланамыз.Ыдыстың дәл ортасын дөңгелектеп ойынды жасаймыз.
21.Ыдыстың бетіне сызбаны дөңгелектеп, мата қиындысын 0,5мм түсіріп,желіммен жапсырамыз,шілтер таспамен айналдыра желімдейміз.
22.Қабырғасының сызбасын 11см биіктікте матаны сызып алып,айналдыра желіммен жапсырымыз.
23.Қабырғаға жапсырылған мата үстіне 3бөлікке бөліп,үш сызық жүргіземіз. Үш сызылған жолдарға қатармен лента таспаларымен қаптырмалар(складка) жасап шығамыз.
24.Сый кәде ұлттық қуыршағының үстінгі жаппа,астыңғы бөлігінен бір тұстан бегітпе жасаймыз.
«Шыдамды еңбек,алғыр ой
Нағыз досың біліп қой», дегендей,сый кәде ұлттық қуыршағының үлгісін аяқтайық.