Квиллинг техникасымен әсем гүлін жасау 6 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




В. И.ПАЦАЕВ АТЫНДАҒЫ № 2 АЛҒА ОРТА МЕКТЕБІ

















Тақырыбы: «Квиллинг техникасымен әсем гүлін жасау»















Өткізген технология пәні мұғалімі: З.Б.Кашкимбаева









2015-2016оқу жылы

Тақырып: Квиллинг техникасымен «Әсем» гүлін жасау»

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену;
Дамытушылық мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: слайд
Сабақтың әдісі: көрсету, айту, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақтағы білімдерін тексеру. Квиллинг дегеніміз не? Квиллинг тарихы (реферат)
ІІ. Жаңа сабақ.
Квиллинг – жұқа қағаз таспаларын шиыршықтап орай отырып, түрлі бейнелер мен заттар жасау. Оны жасауға арналған арнайы квиллинг қағазы да болады.
Квиллинг өнерінің де кәдімгідей тарихы бар. Оның пайда болған жері нақты ешкім білмесе де, ол Еуропа жерінен шыққан деп есептеледі. Бірақ ол Батыс пен Шығыс елдерінің арасында жүріп, әр елдің ұлттық нықышына қарай дамып отырған.
Квиллинг сөзі ағылшынның «құс қауырсыны» деген сөзінен шыққан. Себебі, ертеде қағазды шиыршықтап орау мақсатында құстың қауырсыны пайдаланылыпты.
Сарамандық жұмыс.
Түрлі – түсті қағаздан шиыршықтап жасау әдісі.
Қажетті құрал - жабдықтар: қағаз, қайшы, қарындаш, ПВА желімі, ши.
Жұмыстың орындалу реті:
Қағазды қиып алу, шиыршықтау, әсем гүлін жасау, дайын үлгіге қағаз бетіне қондыру.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау:
• Оқушылардың жұмысын тексеру, түзету;
• Оқушыларды үнемділікке, таза ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Әсем гүлі
Дайындап қойыңыздар:
• 2, 5 ақшыл көк немесе ақшыл қызыл қағаз жолақшалары (5 жапырақшаларына)
• ¼ сары ұзын жолақшалары ортасына;
• ПВА желімі, қайшы, сызықшалары әр түрлі енді болуы мүмкін;
Бәрі өзіңіздің ойлап, жұмыс істеуіңізге байланысты.
Жұмыс: ЖАПЫРАҚШАЛАР
Қиылған қағаз жолақшаларын тығыз қылып шайба тәріздес шиыршықтау, бір жақ бөлігінен итеріп томпиіп тұрғандағы форманы беру;
Екінші шұқыр жағынан желім жағу. 5 жапырақшаларын жасап қою 
ОРТАСЫ
1/4 сары жолақшалардан тығыз қылып шиыршықтау.
ЖИНАУ
«хоровод» тәрізді бес жапырақшаларды бір бірімен қою, одан соң ортасындағысын жабыстыру Кебуіне уақыт беріңіз – міне гүл дайын болды.