Астана қаласы
№8 орта мектеп
Технология пәнінің мұғалімі:
Дагис Жанарбек
САБАҚ ЖОСПАРЫ
2- сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету
Сілтеме:
Оқулық 6 сынып технология, құрал жабдықтар жинағы.
Сабақтың мақсаты:
жақ тәрізді арамен, қол арамен, жұмыс істеудің дағдысын игере алу.
Оқу нәтижесі:
Араның құрылысын танып біліп, өз бетінше арамен жұмыс істей алады.Еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау. Өзін-өзі бағалауға және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ міндеттері:
Тақырыпты меңгере отырып, оқушыларға ағашты кесудің әдіс-тәсілдерін көрсету.
Көрнекі, техникалық құралдар:
жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.
Тақырыпты ашу.
Жұптық жұмыс.
Қосымша.
Сергіту сәті:
«Шаттық биі» ойыны.
Топтық жұмыс.
Оқуға арналған тапсырмалар:
1-топ жақ ара
2-топ екі сапты ара кез келген жұмыс жасайды
1-топ жақ араның артық жақтарын
2- топ екі сапты араның кемшіліктерін
3-топ электр араның артық жақтарын
4- топ электр араның кемшіліктерін айтады
а)талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу;
ә) талшықты кесе көлденеңінен тілу;
б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұрыштап кесу.
Сабақ жүрісі
І.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап.
ІІ. Үш топқа бөлу («Араның түрлері» атты тақырыпта, яғни қолдарына түскен қағаздағы ара түрлері бойынша топтасып отыра қояды: ара түрлері: екі сапты,электр ара, жақ ара.
ІІІ. Әр топ белгілі ара түрлеріне қысқаша сипаттама бере отырып түсініп, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады
ІV.Топтық жұмыс. Оқушылар шрифтограмма шешеді, сөзжұмбақ, армен кесу жұмыстары.
V.Сергіту сәті.
VІ. 1.Топ: талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу;
2.Топ: талшықты кесе көлденеңінен тілу;
3.Топ: талшыққа қиыстай жүргізілетін бұрыштап кесу.
Бағалау. (формативті бағалау)
Үйге тапсырма. Аралап кесу түрлерін анықтау
Рефлексия.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин
Жұмысты орындау реті:
Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
Қол арамен кесу.
Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.
Кесу – ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.
Кесінді – дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.
Аралап кесу – әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.
Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.
Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына – жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына – қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.
Жақ тәрізді ара дегеніміз – жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.
Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті – бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті – қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.
Қол ара – жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.
Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,
талқылап бағалау.
Рефлексия
Үйге тапсырма: §6.2. оқулықтың 47-48 беттері