«АНА – ГҮЛ, АНА – ЖЫР, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ»
Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: тәрбиеші, клоун,жоғары сынып ұлдары
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш.
• Ойындар:
1. Гүлді жина эстафетасы
2. Ананың даусын тану
3. Кір жуу
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Аяулым:
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн!
Әлішер:
Сәлеметсің бе Алтын күн!
Сәлеметсің бе Жер ана!
Сәлеметсің бе көк аспан!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Нәзерке:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Алихан:
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
Әйгерім:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Қаһарман:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Нұрайым:
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап,
гүл атты!
Медет:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Ән «Айналайын, ақ мамам!» (отырады)
Тәрбиеші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)
Тәрбиеші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
(Хормен би «Мария»)
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Сайқымазақ:
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады) Тәрбиеші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге Нәзерке ән айтып береді.
Нәзерке«Мен ауылға барамын» әнін айтады.
Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
Ойын «Ананы дауысынан тану»
Тәрбиеші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
«Кір жуу» ойыны
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
Фокустар:
Саусақпен. Саусақты жұтып алады. .
Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Тәрбиеші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Би «Қыздар биі» Доченка моя
Тәрбиеші: Енді қызық болсын,ата- аналар шығыңыздар бәріңі,бізге өлең айтып беріңіздер.
Ата-аналар хоры «Ананың тілегі»
Балалар ата-аналарына жасаған сыйлықтарын береді.
Тәрбиеші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар
Волгодонов орта мектебі
«Күншуақ» шағын балалар орталығы
Тақырыбы:
«АНА – ГҮЛ, АНА – ЖЫР, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ»
[pic]
Тәрбиеші: Абильхайырова С.Б.
2015 - оқу жылы
[pic]
[pic]
[pic]