Өнерлі өрге жүзер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Өнерлі өрге жүзер.

Тәрбие жұмыстарының мақсаттары:Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру.

Оқушыларға білімді, тәрбиелі, өнерлі болуды үйрету.

Түрі: сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап, өнер, қолөнер, мақал-мәтел жарысы.

Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер, мақал-мәтел.

Жүргізуші:

Есен сау бармысыздар,армысыздар,

Армысыздар қария қарлы шыңдар.

Төсінен керуен-керуен көш өткен ел,

Біздердің сұлу сазды жырымызды ал.

Сіздердің бүгінгі тамашалайтындарыңыз топ аралық жарыс «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер, білім сайысы.

Ал ондай болса өнер, білім сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Алдымен әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:

Әділқазы мүшелері:----

Ал енді, ортамызға сайысқа қатысушыларымызды қошеметпен қарсы алайық.:

Бүгінгі жарысымыздың жоспары:

1-кезең Таныстыру.

2-кезең «Қыз өссе елдің көркі»ән,би.

3-кезең «Мақал-сөздің мәйегі» мақал-мәтел жарысы.

4-кезең Қолөнер

5-кезең Сұрақ-жауап.

Ал ондай болса, әділқазы алқасына тек әділдікті, қыздарымызға тек сәттілікті тілейміз.

І КЕЗЕҢ

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

Өнер қуып қыздарым өтер деймін

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін

Жоспарымыз бойынша І кезең таныстыру.

(оқушылар өздерін таныстырады)


ІІ КЕЗЕҢ

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Екінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

«Ал қанекей, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.»-дей отыра, келесі кезекте аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.(кезектесіп өз өнерлерін көрсетеді.)

ІІІ КЕЗЕҢ

Қазақпыз – қыз өсірген іңкәр қылып,

Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп.

Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,

Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші бөлімі мақал-мәтелдерге арналады.

Келесі кезек мақал-мәтелде.

ІV КЕЗЕҢ

«Қол өнер» кезеңінде қыздарымыздың қол өнерлерін тамашалау.

V КЕЗЕҢ

Мінекей сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан жоғалтпаған ата-салтын.

Жас ұрпақ ойнап, өзін бір танытқан,

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын.

(Сұрақ-жауап)

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімесін,

Қатысу да бір жеңіс жол болсаң сен ұғатын.

Кімдер жүйрік қанекей, білейікші,

Мықтысы деп тобымыздың жүрейікші,

Табылар білім болса бар асыл да,

Кезек келді әділ қазы алқасына.

Жарыстың нәтижесін шығару. «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер, білім сайысымыз өз мәресіне жетуге жақын.Қазылар алқасы барлық сайыстың бағасын есептегенше, кезекті музыкалық үзіліске берсек.

Музыкалық сәлем.------------------------------------

Әділ қазы алқасына сөз беру.

Қорытынды:

Құттықтаймыз ал енді,

Мықты болар жігітті.

Өрге жүзер өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуаныштан жанары,

Шоқтай болып жанады.

Жүзден жүйрік күшімен,

Мыңнан тұлпар шықты шын.

Арулардың ішінен,

Шыққан------------- мықтысың!

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тілі болатыны белгілі.Біздің тәрбиеміздің де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.

Бүгінгі біздің жарысымыздың алдына қойған мақсаты да оқушыларымыздың бойына халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын тұла бойына сіңіру, оны қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру.

Бейбіт жыл бал айындай масайрасын,

Отанның гүл бағында құс сайрасын.

Күн мен ай күліп нұрлы зор аспанда,

Жұлдыздар әлемінде нұр жайнасын,- деп бүгінгі сайысымызды аяқтағымыз келеді.

Келгендеріңізге рахмет! Қатысушыларымызға алғыс айта отырып, оқуда тек сәттілік, өмірде ақ жол тілейміз! Келесі кездескенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын!