Жас өрт сөндірушілер тақырыбындағы оқу іс-әрекетінің жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Жас өрт сөндірушілер»

Мақсаты: Төтенше қауіпті жағдайлардың алдын алу, болдырмау. Қауіпсіздік шараларын балаларға үйрету. Өртке байланысты қауіпті заттармен ойнамауға болмайтынын үйрету. Өрт сөндіру құралдарымен таныстыру, адамгершілікке баулу.

Әдісі: көрсету, түсіндіру, үйрету

Қолданылатын құралдар: өрт сөндіру құралдары, мысалы: топырақ, су, көбік шашқыш, күрек, айыр, шелек т.б.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Ата – аналар, әріптестер, кішкентай бүлдіршіндер! Біздің бүгінгі «Жас өрт сөндірушілер» эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер!

Бұл жарысымызға әділ баға беретін әділқазылармен таныстырып өтейін.

Ата – аналарымыз: Ажар апай мен Нұргүл апай және балабақша психологі Зина апай.

Барысы:

Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі біздің эстафеталық жарысымызды бастау үшін, ортаға сайысқа түсетін екі топты шақырамыз

І топ: «Жалын» тобы

Топ басшысы: Іният Жасұлан қарсы алыңыздар!

ІІ топ: «Алау» тобы

Топ басшысы: амангелді Қуаныш, қошемет көрсетейік.Қош келдіңіздер «Жалын» және «алау» тобы мен топ басшылары.

Сіздерге сәттілік тілеймін «Алға!»

Эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын, мен сіздерге өрт сөндіру құралдарымен таныстырып өтейін. Өрт сөндіру құралдарымен көрсетіп қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп, таныстыру.

Тәрбиеші:Ендеше бүгінгі жарысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар

1. Топтың ұраны

2. Екі топтың бір – бірімен сәлемдесуі

3. Эстафеталық жарыс 4 бөлімнен тұрады

І «Жалын» тобы

А) Ұраны, сәлемдесуі

Топ басшысы: «Жалын» тобының ұраны: «Мәңгі лаулап жанамыз»

«Жалын» тобынан «Алау» тобына жалынды сәлем!

ІІ «Алау» тобы

А) А) Ұраны, сәлемдесуі

Топ басшысы: «Алау» тобының ұраны: «Алаулықтар әрқашан алда»

«Алау» тобынан «Жалын» тобына жалынды сәлем!

Тәрбиеші: Эстафеталық бөлімдердің шарттарымен таныстьыру:

1. Өрт шалған үйді: 2 шелекке құм салып, кедергілермен секіріп, аттап шелектегі құмды үйге шашу. Келесі ойыншыға шелекті табыстау

2. Өрт шалған үйді: 2 шелекке құм салып, кедергілердің арасымен өтіп, 2 – ші кедергіден секіріп, 3 – ші кедергіден аттап үйге шашу

3. Екі ойыншымыз насылка көтеріп осы кедергілерден өтіп, өрт шалған үйде қалып қойған сүйікті ойыншықтарымызды алып шығу. Құтқару жұмысы

4. Топ басшылары: көбік шашқышты осы кедергілерден өтіп бірінші алу

Әділ – қазылар өз әділ бағаларын есептегенше, Қаражан Шапағаттың орындауында әсем ән тыңдайық.

Тәрбиеші: сөз кезегін қазылар алқасы Ажар апайға береміз. Өзіңіздің жылы лебізіңізді бүгінгі сайысқа қатысқан сайыскерлерімізге білдірсеңіз.

Әділқазылар: Алғыс хат пен сыйлықтарын топ басшыларына табыстау.

Бүгінгі біздің «Жас өрт сөндірушілер» эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, жарысымызға келгендеріңіз үшін, жас сайыскерлер атынан алғысымызды білдіреміз.

Бүгінгі эстафеталық жарысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін балабақша психологі Зина апайға береміз.

Сау болыңыздар!