ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РМҚК
Тақырыбы: «Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?»
Авторы: Сайлауқызы Әсем
Жасы: 14 жаста
Мектебі: «Гимназия сыныптары бар №28 орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Жетекшісі: Исагалиева Нургул Утеуовна
Музыка пәні мұғалімі,
Директордың иновациялық жұмыс
жөніндегі орынбасары
e-mail: merey.006@ mail.ru
Облысы: Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
2014-2015 оқу жылы
«Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?»
Әнге толсын барлық қала, ауылдар,
Соғылсын барабандар, дабылдар.
Елбасының мерекесін ардақтау,
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.
«Тарихтың өзі алдына бас иетін ұлылар біздің ішімізде соншалықты көп емес, бірақ әр адам оны сәл де болса өзгерте алатындай еңбектенуге қабілетті... Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан – еш елден кем түспейтін тәуелсіз, бейбіт, ынтымағы жарасқан ел. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 23 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!
Джордж Кеннедидің: «Елің саған не істеді деме, сен елің үшін не істедің?» деген даналық сөзінде отаншылдық сезімнің ұшқындары айқын суреттеп тұр.
Күнделікті әр адам өзіне ең басты сұрақты қою керек: менің сүйікті елімнің гүлденуі үшін не істеуім керек? Бүгінгі күнге дейін Отаным үшін мен не істей аламын?...
Таза әрі мәдениеті жоғары , мінез-құлқы бір қалыпты қалыптасқан Батыс елдеріне қатты қызығасыз, бірақ біздің де сондай жағдайды басымызға қалыптастыруға кім кедергі бола алады? Қазақ халқы ертеден жайсаң, салмақты, оқымаған ата-бабаларымыздың өзі данышпан халық емес пе еді?.. Айналасына қоқыс тастамай, гүлдер мен ағаштарды отырғызу - әлдеқайда оңай шаруа. Әр адамзат өзінен бастау алуы тиіс - өзін және жақындарын сондай тазалыққа, әдептілікке, табиғатты сүюге үйреткені абзал.
Менің елім көркейе түсу үшін не істеуім керек? Оған жауап беру қиын! Бірақ қайда болмасам да, немен айналыссам да, менің барлық еңбегім мен күшім туған жерімнің гүлденуіне арналады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмысқа ,оқуға, өнерге, әртүрлі саладағы жетістікке жетуге барлық жағдайлар жасалған. Біздің мақсатымыз берілген мүмкіндіктерді әрі қарай өркендеуіне үлесімізді қосу керек. Сапалы білім алу, өзіңді өз-өзін ұстау мәдениеті мен қарым-қатынасты біркелкілеу, еліміздің тарихын терең тану. Осының бәрі өркениетті адамды тәрбиелеп , барлық білімді мемлекеттің дәрежесін көтеруге жұмсалуы қажет. Әрбір қазақстандық жеткен жетістіктер немесе қиындықты жеңудің өзі үлкен үлес болып табылады.
Қазір менің қолымнан керемет ғимарат салу келмесе де, өз іс-әрекетіме жауап беріп , басқаларға үлгі бола аламын. Өз жағымнан айналам мен жақындарымды тазалыққа, жарқын өмірге, ізгілікке шақыра аламын. Оның барлығы оңай, бірақ өте маңызды. Еліміздің әрбір азаматы осы заңдылықты сақтаса, сонда ғана көркейген мемлекетті қалыптастыру қолымыздан келетін болады.
Осы көшпен кеткен келешек жарқын болатынына шын жүректен сенемін.
Мейірімді Отанымыздың мейірім-шапағатын сіңіріп, шуағына бөленіп, тәуелсіздік туының саясында еңбек етіп, болашақтың бесігін сеніммен тербетейік!
Еліміздің болашағы мен өркениетті болуы біздің қолымызда!