Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
17.06.2016ж
Білім беру саласы: Тіл дамыту,қоршаған орта,сурет салу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:
Тақырыбы: «Табиғат біздің досымыз».
Мақсаты:
1.Білімділік: Жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың сөздік қорын қарама – қарсы мағыналы сөздер антонимдерді еңгізу.
2.Дамытушылық: Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Тапсырмалар арқылы тілдерін дамытып,сөздік қорын байыту. 3.Тәрбиелік: Гүлдерді күтіп-баптауға ,әдемілікке,табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: түрлі түсті бор,гүл,көбелек,орман ханшайымы,қоян,су құйғыш.
Сөздік жұмыс: сыйқырлы гүл Билингвальдық компонент:Гүл-цветок,күн-солнце,жаңбыр-дождь. Әдіс-тәсілі:Шаттық шеңбер,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын ойнату,сергіту сәттері,жұмбақ,мақал-мәтел.
Оқу іс -әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Табиғатты бақылау.
Балалар, қәнекей бәріміз жартылай шеңбер жасап табиғатты бақылайық.
Балалар бүгінгі күн қандай ыстық па әлде суық па?
Олай болса бүгінгі күніміз жайдарлы екен.
Өте жақсы балалар.
Балалар айналамызға қарандаршы не көріп тұрсындар?
Дұрыс айтасындар. Ағаштардан не байқап тұрсындар?
Қарандаршы жапырақтарымыз жап жасыл болып жайқалып өсіп тұр екен.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бізде бүгін ерекше күн.Бізге көптеген қонақтар келіпті.Қане,бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
Көңіл күйіміз қалай?
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенмен,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме,апайлар!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Жаз мезгілінде неше ай бар?
-Қане үш айды атап айтайықшы
Өте жақсы балалар.Олай болса балалар бүгінгі жаз мезгілінің табиғатын тамашалайық.
Ыстық
ағаштар
Жапырақ
Сәлеметсіздер ме!
Жақсы,тамаша
Қимыл-қозғалыс жасап,апайлармен амандасады.
-Жаз мезгілі
-үш ай бар
-Маусым,шілде,тамыз.
Ұйымдастыру-шылық- ізденістік
-Табиғат аясында «Табиғат ханшайымы» әндетіп,аралап жүреді,гүлдерді иіскеп,көбелектерді ұшырады.
Ханшайым:-Ой,сәлеметсіңдер ме!
-Сендер,кім боласындар?
-Ал мені таныдыңдар ма?
-Мен орман ханшайымы боламын.
-Менің орманыма не үшін келдіңдер?
-Өте жақсы,бүгінгі күніміз көңілді өтетін сияқты.
(Мұңайып қоян келеді).
Тәрбиеші:Сәлеметсің бе,қоян!Саған не болды?Көңілсізсің ғой?
Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен орманда келе жатып мына әдемі гүлді анама сыйлағым келіп жұлып алдым.Орман ханшайымының сиқырлы гүлдерін байқамай жұлып алдым.Енді «Орман ханшайымы» маған ренжитін болды.
Орман ханшайымы:Қоян сен мұңайма,сенің гүлді жұлғаның дұрыс болмады бірақ біз бір амалын табамыз.Бұл сиқырлы гүлдерді қалпына келтіру үшін саған тапсырмалар орындау керек.
Қоян:Бұл тапсырмаларды мен орындай аламынба екен?Балалар,маған көмектесіңдерші!
Тәрбиеші:Балалар қоянға көмектесемізбе?
Орман ханшайымы:Ендеше балалар бұл тапсырманы сендермен жарыс түрінде өткізейік.
Балалар қазір мен сендерге шыршамен аққайын суреті салынған карточкалар таратамын .Кімге шырша суреті түссе олар бір топ болады.
Ал ,аққайын суреті түскен балалар олар бір топ болады.
Олай болса,екі топқа бөлінейік.
І топ – «Шыршалар» тобы болсын.
ІІ топ – «Ақ қайың» тобы
-Ал енді сайысымызды бастайық.
І тапсырма:Топтардың ұрандары.
«Шыршалар» тобы-----
«Ақ қайын» тобының ұраны----
ІІ тапсырма:Табиғат туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
«Шыршалар» тобы-----------------------
«Ақ қайың» тобы----------------------
Жарайсыңдар балалар,екі тапсырманы дұрыс орыңдадыңдар.
Ханшайым:Балалар,жарысымызды әрі қарай жалғастырайық.
ІІІ тапсырма:Мақал-мәтел
«Шыршалар» тобынан бастайық.
Р.Айзере______________________
Милана----------------------------------------
Алина------------------------------------------
Кезекті «Ақ қайың» тобына береміз.
Ділназ------------------------------------------
Нұртілеу--------------------------------------
Мәнсүр-----------------------------------------
Балалар,жарайсыңдар!Шаршап қалмас үшін сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Өте жақсы балалар.Біз барлық тапсырманы орындасақта біздің гүліміз қалпына келмеді.Енді не істесек екен?
Орман ханшайымы:Балалар сендер гүлге не қажет екенін білесіңдер ме?
Олай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жұмбақтың шешуін тапсандар осы берілген сұрақтың жауабын табасындар
1. Көктен түседі,
Жер ішеді.
2.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.
Өте жақсы балалар олай болса гүл жайқалып,әдемі болып өсу үшін күннің көзі мен жаңбыр керек екен.Олай болса балалар екі топқа бөлінбей бірігіп,бәріміз дос болып гүлге көмектесейік.
Сондықтан «Шыршалар» тобы мен «Ақ қайың» тобына бірігіп асфальт үстіне бормен күннің суретін салайық.
Суретті салмас бұрын балалар мен сендерге борды қалай қолдану керек екенің және де қауыпсіздік ережелерің айта кетейін.
Балалар борды қалам ұстағандай оң қолымыза ұстап ұшынан алшақ ұстаймыз және салатын суретке байланысты түстерді тандап аламыз.
Асфальтқа сурет саларда жерге қолымызды тым жақын ұстамаймыз. Үйткені қолымыз жарақатанып қалуы мүмкін.
Балалар суретті салмас бұрын ауада қолымызды жаттықтырып алайық. Олай болса бір нүкте алып содан бастап дөңгелетеміз. Балалар күн түсі қандай?
Өте жақсы.
Ал пішіні қандай?
Олай болса балалар күнді қандай түсті бормен саламыз?
Дұрыс айтасындар балалар.
Балалар жаңбыр қалай жауады?
Дұрыс айтасындар балалар ,олай болса балалар сендермен құйып жатқан жаңбырды салайық.
Билингвальдық компонент: Гүл-цветок,күн-солнце,жаңбыр-дождь.
Өте жақы балалар қарандаршы сендердің біріккенің арқасында гүліміз өз қалпына келіп, сендерге рахметін айтып жатыр.
Олай болса балалар сендермен бір ойын ойнасақ .
Ойын: «Гүлге қонған көбелек»
Шарты: Түрлі –түсті көбелектерді түсіне қарай гүлдерге қондырамыз.
Қоян:Балалар рахмет сендерге !
Сендер өте ақылды да әдепті балалар екенсіндер.Мен бұл істеген қылығыма ұялып тұрмын.Енді бұлай ітемеймін.Менің қайтатын уақытым болды.Сау болындар балалар.
Орман ханшайымы:
Балалар сендер ақылды,тәртіпті,әдепті балар екенсіндер мен сендерге қарап қуанып тұрмын сендерге көп көп рахмет !Сендердей балалар тұрғанда менің орманыма қауып –қатер төнбейді екен.Балалар менімде қайтатын уақытым болды. Сау болындар!
-Сәлеметсіз бе.
-Біз «Қарлығаш» балабақшасының «Құлыншақ» тобының балаларымыз
-Біз осында сабақ өткізейіндеп келдік.
Сәлеметсің бе,қоян!
-Ия,көмектесеміз.
«Табиғатты сүйеміз,оны қорғай білеміз».
«Табиғатты қорған,сүю парыз».
Жанбұлан:
1.Қандай сұлу табиғат!
Тіршіліктің анасы
Қорғай біл,ей адамзат
Табиғат-елдің анасы. Назгүл:
2.Табиғат деген-Жер ана
Балалар оны бағала
Табиғат деген-Туған жер
Қорғайды оны барлық ел
1.Орман көп болса,
Олжаң көп болар
2.Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
3.Орман,тоғай-жердің көркі.
1.Даланың көркі-мал,
Өзеннің көркі-тал.
2.Судың қазасы-дерттің қазасы.
3.Орманға сен қалай қарасаң,
Орман саған солай қарайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Жоқ
(Жаңбыр)
(Күн)
Балалар қуана келіседі.
Сары.
Дөңгелек.
Сары
Құйып жауады, себелеп жауады
Сау бол қоян.
Сау болыныз!
Рефлексифті
түзетуші-
лік
Балалар қазір жылдын қай мезгілі ?
Балалар біз табиғат аясында кім кездестірдік?
Тағыда нені кездестірдік?
Қоянның істеген ісі дұрыс болды ма?
Балалар біз қоянға қалай көмектестік?
Көрдіндерме балалар гүлдерді өсіру үшін де көп еңбек ету керек екен.
Олай болса балалар гүлдеріміз суалып қалмас үшін еңбек етіп гүлдерді суарайық.
Еңбекке баулу: Гүл суару.
Жарайсындар бал алар сендерге рахмет !
Балалар біздіңде топқа қайтатын уақыт болды.
Барлықтарын сабаққа жақсы қатыстындар,келген қонақтармен қоштасайық .
жаз
Орман ханшайымын
қоянды
жоқ
тасырмалар орындап
Балалар гүлдерге су құйады.
Сау болыныз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы білді.
Игереді: Қоршаған орта туралы түсініктерін игерді.
Меңгереді: тапсырмаларды орындауды меңгерді.