Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
4. Дүниетанымдарын кеңейту;
Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;
Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мұғалімнің кіріспесі.
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы.
" Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі"
Тақырыбы: " Әдеп ережелері "
2015-2016 оқу жылы
" Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі"
Тақырыбы: "18 қазан –рухани келісім күні "
[pic]
2015-2016 оқу жылы
Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстан Елбасының сарабдал саясатының арқасында әлемді мойындатып, бәсекеге қабілетті іргелі мемлекеттердің қатарына енді. Экономикалық дамуы тұрақты, дағдарыстан жол тауып шыға алатын еліміздің басты байлығы, теңдесі жоқ қазынасы – халықтар достығы. Оның түбірі ғасырлар қойнауынан басталып, тағдыр тауқыметінде шынығып, еліміздің тәуелсіздігімен қатайып келеді.
Берекелі бірлігі бар елімізде 100-ден астам этностар мен 40-тан астам конфессиялар қақтығыссыз өмір сүруде. Бұл – біздің бірлігіміздің басты жемісі. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге таныламыз», деп атап өткен болатын. Бүгінгі біздің қоғамымызда мәдениетке, діни нанымға, тіл мен дәстүрге деген өзара құрмет орныққан.
Уақыт Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі этносаралық, конфессияаралық келісімді нығайтуда жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың дұрыстығын дәлелдеді. Тәуелсіз елімізде этноконфессияаралық қарым-қатынастардың өзіндік моделі қалыптасты.
Қазақстанда ұлтаралық, конфессияаралық келісімді сақтауда Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында елімізде барлық этнос өкілдерінің азаматтық құқықтары Конституция шеңберінде қорғалып келеді. Барлық ұлттардың өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, діни сенім-нанымдарын сақтауға, жетілдіруге мемлекет тарапынан тұрақты қолдаулар көрсетілуде.
Бұл бағытта елімізде көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1992 жылғы қазанда Елбасының бастамасымен 1893 жылы Чикаго қаласында (АҚШ) өткен Әлемдік діндер съезінің жүз жылдығына орай Алматыда рухани келісімнің Бүкіләлемдік конгрессі өткізілді. Міне, содан бері елімізде 18 қазан «Рухани келісім күні» ретінде аталып өтілуде.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әр үш жыл сайын Астанада тұрақты өткізіліп келеді. Биылғы жылғы мамырда елордамызда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі Астананың конфессияаралық келісім мен достықтың орталығы екендігін бүкіл әлемге паш етті. Осы съезде қабылданған Үндеуде дінбасылары «Біз адамзаттың ортақ игілігі үшін түрлі діндерді ұстанушылардың, халықтар мен мемлекеттердің арасындағы өзара құрметтеуді, түсіністікті және ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған діндер мен мәдениеттер үнқатысуын ілгерілету жолындағы ізгі бастамасы үшін Қазақстан Республикасына терең ризашылығымызды білдіреміз», деп елімізге алғыстарын жеткізген болатын.
Құқықтық ел ретінде Елбасының бастамасымен 2011 жылғы мамырда азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі құрылды. Осы уәкілетті органның аймақтық бөлімшесі ретінде Қызылорда облысының Дін істері департаменті облыста конфессияаралық келісім мен төзімділікті дәріптеу, мемлекеттік дін саясатын жергілікті тұрғындарға насихаттау шараларын жүзеге асырып келеді. Аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында департамент тарапынан жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген жоспарлардың шеңберінде жүйелі түрде үгіт-насихат шаралары атқарылуда.
Облысымызда ұлтаралық татулық, конфессияаралық келісім мен достық, өзара үйлесімді қарым-қатынасы одан әрі нығая түсуде. Бүгінгі күні қасиетті Сыр жерінде 35-тен астам ұлт өкілдері мен 7 конфессия бар. Дін істері департаменті ұлтаралық татулықтың негізі болып отырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және өңірдегі 11 этномәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
2009 жылғы 26 қазанда Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында Елбасы өз сөзінде «Тәуелсіздік жылдары ішінде бізде өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Біз жыл сайын Рухани келісім күнін, Құрбан айтты, Пасханы, Рождествоны бірлесіп атап өтеміз. Бұлар барлық қазақстандықтардың, ойлары ізгі және ниеттері жарқын адамдардың мерекелері», деп атап өткен еді.
Облыста дін өкілдерімен түрлі тақырыптарда дөңгелек үстел басындағы отырыстар, семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кездесулер өткізіледі. Оларда діни ахуалға сараптама, талдаулар жасалады. Іс жүзіндегі мұндай тәжірибелер конфессиялардың ұдайы үн қатысуының негізінде дау-дамайсыз өмір сүруге болатынын нақты түрде көрсетіп отыр.
Түрлі діни бағыттағы ағымдардың көбеюі жастардың қай бағытта бой түзеуіне, діни көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етері даусыз. Мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпақтың діни сауатты болуы діни бағыттағы теріс пиғылдарды болдырмауға септігін тигізбек. Осы орайда облысымызда ұйымдастырылатын шаралардың барлығы жастардың адаспауына, дұрыс жол таңдауына ықпал етуде. Төзімділік және конфессияаралық сұхбат арқылы қазақ жастарының өзара түсіністігін арттыру үшін діни сауаттылық бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін бірінші кезекте олардың арасында дәстүрлі діндердің маңыздылығы мен өміршеңдігін насихаттау жолға қойылды. Мұның бәрі әртүрлі мәдениет пен конфессия жастарының арасындағы төзімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосады. Халқымыздың руханияты мен мәдениетінің дамуында ерекше мәнге ие Ханафи мазһабын түсіндіру жұмыстары да осы бастамалардың аясында жүргізілуде. Әрине, бұл да жастардың ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болуы үшін қажет.
Құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам. Біздің мақсатымыз – этноконфессияаралық өзіндік өзгешеліктерді дамыту арқылы ұлтаралық, конфессияаралық келісімі жарасқан, мәдениеттер үндестігі орныққан, қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты ел болу.
Қазақстан Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде: «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз», деген еді.
Тәуелсіздік тұғырының мықты, ел іргесінің берік болуы, тұтастығымыздың сақталуының өзегі – этносаралық татулық пен мызғымас бірлікте, өзара түсінісушілікте, конфессияаралық келісімде жатыр. Қазақстан халқы ауызбірлігі мен саяси тұрақтылығын сақтай отырып, өзге мемлекеттерге үлгі, этноконфессияаралық келісімнің ордасы бола алады деп нық айта аламыз.
Мақсаты: -”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Әл - Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Ойланайық, пікірлесейік
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Әңгімелесу
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский
" Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі"
Тақырыбы: " Мен және менің болашағым!"
[pic]
2015-2016 оқу жылы