Сабақтың тақырыбы : Күзгі жапырақтар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тасболатова Динара Жаксылыккызы

Воспитательница мини –центра детского сада « Жулдыз»

Сш №52 им Б Аралбаева .Село: Суттикудык


Сабақтың тақырыбы: Күзгі жапырақтар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қағазға гуашьпен өң беру тәсілін үйрету; балаларды ұжыммен бірігіп, композиция құрастыра білуге дағдыландыру; композицияның түс үйлесімділігіне, суреттердің дұрыс орналасуына көңіл аудара білуге үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

ұстаз үшін: дайын жұмыстың үлгісі, күз көрінісін бейнелейтін картиналар, гуашь, қылшықты қылқалам, су құятын ыдыс, ақ қағаз, қайшы, желім, қол орамал.

балалар үшін: гуашь, қылшықты қылқалам, су құятын ыдыс, ақ қағаз, қайшы, желім, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Ұстаз балаларға күз және күзгі жапырақтар туралы өлеңдер оқиды. Күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көріністері жайында суреттер көрсете отырып, балалармен әңгімелеседі. Ары қарай бүгінгі сабақта аппликациялық жұмысты өң берілген қағазға жасайтындықтарын айтады. Аппликация үшін қажетті қағазға өң беруді, яғни қағаз бетін бояуды балалар өз беттерінше орындауларына да болады. Мұндай қағаздар тиімді әрі әдемі болады. Оны аппликацияның әр түріне қолдануға болады.

Қағазға өң берудің әртүрлі тәсілі бар. осы тәсілдерді балаларға көрсетуі керек. Бүрку - бүл тәсілде өң берілген қағазға қылшықты қылқаламның көмегімен өңнің түсіне қарама-қарсы түсті шашыратады.Дымқылдау - бүл тәсілде суланған қағазға су кеуіп кетпей тұрып, бір-біріне ағып қосылатындай түрлі түсті дақтар салынады.Құрғақ қылқалам - бүл тәсілде өң берілген қағазға қатты қылшықты қылқаламмен су қосылмай бояу (гуашь) салынады. Қатты қылқалам өзіне тән «жолақ» іздер қалдырады, қыл қаламның қозғалысын өзгерте отырып, ирек, т.б. қызықты жолақтар жасауға болады. Ұстаз жұмыстың жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.Дайындаманы 4 бөлікке бөлеміз.Осы 4 бөлікке гуашь немесе акварель бояуларымен өң береміз. Әр бөлікке «бүрку», «дымқылдау», «құрғақ қылқалам» тәсілдерін пайдаланып, әртүрлі өңдейміз.Дайындамалар кепкеннен кейін, оларға күзгі жапырақтардың суретін саламыз. Үлгі қалып ретінде нағыз жапырақтарды қолдануға болады.Бейнеленген жапырақтарды контур сызық бойымен қиып аламыз.Алынған жапырақтарды негізгі қағаз бетіне әдемілеп орналастырамыз. Балалар жұмыс дәптерін ашып,жапырақтарды қию, жапсыру ретін түсіне отырып орындайды. Ұстаз балалардың жұмысын бақылайды. Қиналған балаларға көмек қолын созады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.Жаңа үйренген тәсілді қалай меңгергендеріне талдау жасау, қорытындылау.