Воспитательная работа Тіл-ұлттың жаны

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тіл- ұлттың жаны

Сабақтың тақырыбы: Тілі- ұлттың жаны

Сабақтың мақсаты: Ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, шешен сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, ақын жазушылар портреттері,слайд, кітап көрме т.б

Жоспары:

Мақал жалғастыру

Қазақ тілі –ғажап тіл ( өлең оқу)

«Тіл –ұлттың құдіреті» Слайд шолу(тілге байланысты слайд қорғау)

Жүргізуші:

Ана тілім бәрін айтар шежірем.

Тілсіз нені білдіре алам не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем .

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің анаң сыйлап өтіңдер!

Жүргізуші:

Ана тілім күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.

Жүргізуші:

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан

Туған анамды ұмытқаным емеспе ?

Туған тілім,

Егер сені ұмытсам

Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан ,

Құлағыма сіңірген таныс үнін...

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Жүргізуші:

Қастерлеп қазақтың ана тілін.

Қайнаған қаныменен баба тілін,

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін.

Өз тіліңді оқы дейді мектепте

селтең қағып жүрме,балам ,бос текке

өзге тілге қанша құмар болсаң да ,

өз тіліңді шамаң келсе шеттетпе!

Жүргізуші:

Ана тілі халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. 22-қыркүйек -Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ана тілі –әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.

Жүргізуші:

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай , беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.

Жүргізуші:

Мақал жалғастыру

Тіл тәтті ... бауыр қатты

Тіл тас жарады... тас жармаса бас жарады

Шебердің қолы ортақ... шешеннің сөзі ортақ

Бал тамған тілден... у да тамар

Ана сүті бой өсіреді... ана тілі ой өсіреді

Қол шешпегенді... тіл шешеді

Піл көтермегенді ...тіл көтереді.

Тілде сүйек жоқ... таста тамыр жоқ

Аңдамай сөйлеген ... ауырмай өледі

Тіліңмен жүгірме... біліммен жүгір

Қызыл тіл... қылыш жүзіндей

Мақал құра!

Ел , сабыр, ата, қыз, ұл, жаңбыр, өтірік, нан, әдепті, білім, ана.

Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісі-оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі ұлттық мәдениеті жоқ ел-өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Дүниедегі барлық ел тәуелсіздікке, ұлттық қадір- қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт- дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Жүргізуші:

Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі- өте бай тіл. Осы бай тіл –біздің мақтанышымыз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек. Әрбір елдің қуаты, бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен қатар мәдени, рухани өрісімен айқындалады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Өзінің сөзінде: «Тіл тағдыры-өзін Қазақстан азаматы деп санайтын баршаның ортақ ісі »-деп атап көрсетті.