Аналар-тіршіліктің тірегі. (ойын-сауық )
Мақсаты:Бүлдіршіндерді әлемдегі ең асыл жан-ананы сыйлауға,адамгершілік
Сезімін ұялатуға,әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
(музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді)
Жүргізуші:Аяулы аналар,апайлар 8-Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Көктемнің шуақты күндеріндей,сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Құрметті қонақтар! «Балапан» тобының ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық!
Ән «Зеңгір көктем».
Музыка әуенімен Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ:Сәлеметсіздер ме?Мұнда не болып жатыр?Қандай әдемі болып
кеткенсіңдер!
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Сайқымазақ?Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.
Балалар,сайқымазақпен сәлемдесейікші.
Сайқымазақ:Қандай тамаша!Мен де анамды жақсы көремін.Сендермен
бірге болуға бола ма?
Жүргізуші:Әрине,болады.Білесің бе,Сайқымазақ?Ана деген керемет асыл жан.
Менің анам кішкентай кезімде не айтсам, соны алып беретін.
Сайқымазақ:Ал, менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі айтып,ұйқыдан
Оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Жүргізуші:Олай болса,балалардың тақпақ, әндерін тамашалаңыздар.
Ділдә:Аяулы асыл анашым.
Құшағы кең панасың.
Менің сәби санама
Ақыл айтқан данамсың.
Марғұлан:Анам менің-тірегім
Сен деп соғады жүрегім
Қалмасын бала анасыз
Осы менің тілегім
Ернар:Сүйікті анашым
Аштыңыз көзімді
Бір сағат көрмесем
Сағынам өзіңді
Әлихан:Әлпештеген анасын
Қамқор көп анасың
Ақ сүт беріп өсіріп
Азамат қып бағасың
Аягөз:Анам менің мақтаным
Ақ сүтін ақтаймын.
Шадияр:Сыйлайын анамды
Оятқан санамды
Анамның тәлімі
Сүйдіргін даламды.
Ән: «топ-топ балақан».
Сайқымазақ:Балалар,менің кететін сәтім келіп қалды.Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.Қош сау болыңыздар!
(Балалар Сайқымазақпен қоштасады).
Жүргізуші:Қар,мұз еріп,су көбейіп,сай салада ағады.
Бүршік шашып,жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар,менің айтып тұрған тақпағымда жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Балалар:Көктем.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар,көктем мазгілі.Қанекей,бәріміз бірге ару Көктемді қарсы
Алайық.
(әуен ырғағымен көктем келеді ).
Көктем:Мен көңілді көктеммін,былтыр келіп кеткенмін Көзін ашып бұлақтың ,түбіне тал еккенмін
Гүл болып қырда егілем , дән болып жерге себілем
Жаңбыр болып жауам да , нұр боп көктем төгілем
Аяулы аналар,әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын
Жүргізуші:Амансың ба ,ару Көктем
Ұлан байтақ еліме қош келіпсің! Шуағыңмен шаттандырып, нұрыңды
мол төге бер! Сізге арнап ән шырқап берейік.
Ән: «Күшігім».
Көктем:Рахмет.бүлдіршіндерім.Тағы қандай өнерлерің бар?
Назым:Әжем менің шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде
Бізді ойлап жүреді.
Дінмұхамбет:Әлпештеген анамыз
Біз бақытты баламыз.
Асылай:Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Ернұр:Анашым,менің ардағым,
Мәпелеп мені өсірген.
Нұрдана:Аналар бізді өсіріп,аялаған,
Өмірін баласы үшін аямаған.
Ақмаржан:Абзал анам,ақ анам,
Баласы үшін жан қиған.
Заңғар:Мамам менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған
Жырды маған жаттаған
Жұрттың бәрі мақтаған.
Көктем:Балалар,мен сендерге көп гүлдер әкелдім.қазір біз «Гүл теру»ойынын
ойнаймыз.
Көктем:Рахмет,балалар өнерлі екенсіңдер.Бір-бірлеріңді ренжітпей сүйкімді бүлдіршіндер болып өсіңдер!Өнерлерің өрлей берсін!Сау болыңыздар!
(Көктем балалармен,қонақтармен қоштасады)
Жүргізуші:Бүгін біздер құрметті де ардақты аналарымыз бен әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп халқымыз текке айтпаған.
Міне,құрметті абзал жанды аналар!
Мерекелеріңіз құтты болсын!Дендеріңіз сау болсын!Келесі кездескенше!