Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыбы Заттың санын цифрмен сәйкестендіру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


54 негізгі мектебінің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталығының тәрбиешісі Туремуратова А.Л.

Ақтөбе облысы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Тіктөртбұрыш, үшбұрыш (өзге фигураларжың арасынан табу).

Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру (кең,тар); тіктөртбұрыш, үшбұрыш туралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.

Аяғынан қаз тұрған,

Қалпағы бар антұрған. (саңырауқұлақ)
Ол не?

Мұз астында қыстайды,

Жасыл тонын тыстайды.
Тәрбиеші балалрға жердегі сәбіздер мен саңырауқұлақтарды көрсетеді. Сұрақ қояды:

-Балалар саңырауқұлақ нешеу?,

-шырша бүршігі нешеу?

-Балалардың қайсысы көп, қайсысы аз екен?

-Қане, енді сәбіздерді жинаңдар? Кім қанша жинайды екен?. Қане балалар нешеуін жинадыңдар?

[pic]

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Су құйғанда өседі.

Тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндерді пайдалана отырып үйшік жасауды тапсырады.

Балаларға сұрақ қояды:

-үйшік жасау үшін қандай пішіндерді қолдандыңдар?

-дұрыс, шаршы және үшбұрыш.

Рефлексия

Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу: сандарды, геометриялық пішіндерді;

Игеру: заттың санын сәйкестендіру;

Меңгерң: пішіндерден үйшік жасауды қандай пішіндер қажет екенін;