Тақырыбы: «Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жайлы толық мәлімет беру, қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет –ғұрпын насихаттау, ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ашылуы: Би «Қазақ биі»
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата –аналар, оқушылар, қонақтар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап шаттықпен бақыт тілей отырып, бүгінгі «Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!» атты іс шарамызды ашық деп жариялаймыз!
2 – жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық
(Шашу шашылады.)
Ән «Наурыз – думан» Муканова Маншук 9 сынып оқушысы қарсы алыңыздар!
1- жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырып дәстүр, салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз – жыл басы!
2 – жүргізуші:
Аманбысың, ардақты халқым менің
Ардақта наурыз тойын, салтыңды елім
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.
Сөз кезегі мектеп директоры Сатимов Исатай Темешұлына беріледі.
1 – жүргізушісі:
Бүгін – ұлыстың ұлы күні. Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Енді ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабымызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін.
(Қызыр баба)
2-жүргізуші:
Наурыз келді жайраң қақты таң күліп
Жап –жасыл боп кетті дүние жаңғырып
Жақсылыққа жаршы болған наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік
1-жүргізуші:
Наурыз –өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың соның ішінде түркі тілдес халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналып тойланып келе жатыр. Бұл күн мен түннің теңеліп адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн.
Ендеше бейне ролик назар аударайық!
2-жүргізуші.
Қазағымның салт дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы тәрбие көзі қалдырған,
Салт –дәстүрді ардақтайтын ағайын
Қазақ атты үлкен кіші балдырған.
1- жүргізуші.
Сәулесіндей үміттің таңғы үміттің!
Басын қостың сан дәстүр сан ғұрыптың,
Жаса наурыз жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың мәңгіліктің
Ортаға өнер көрсету бағытты бойынша Қазақтың ұлттық жыр дастандарынан көрініс көрсетуге 5 «а » сыныбын шақырамын.5 «ә»,6,7,8 «а»,8 «ә»
Ән
2- жүргізуші:
Келіңіздер наурызға аяқ басып
Қалыс қауым болмасын некен саяқ
Ән шырқап, би билейтін қауым болса
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп
Қазақтың халық әндерінен шашу шашатын мектебіміздің оқушыларын қарсы алайық Алғаш өнер көрсететін
5 «а» сынып
5 «ә» сынып
6 сынып
7 сынып
8 «а» сынып
8 «ә» сынып
9 сынып
Хор «Тәуелсіз ел – Ұланы!»
1 – жүргізуші:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен оқушылар,
Берілген салт – дәстүрдің жауаптарын дей отырып қазақтың ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрлерінің мағынасын ашу.
5а сыныбының құйрық бауыр дәстүрін тамашалайық
5ә сыныбының үй көрсету дәстүрін тамашалайық
6 сыныбының сүт ақы дәстүрін тамашалайық
7 сыныбының өлі, тірі дәстүрін тамашалайық
8а сыныбының жасау дәстүрін тамашалайық
8ә сыныбының жігіт түйе дәстүрін тамашалайық
9 сыныбының дәмету дәстүрін тамашалайық
Орта Булекова Нүргүл мен Утебаева Гүлсезім «Наурыз» әнімен
2 – жүргізушісі:
Сыналар, ер жігіттер, келді кезің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің дей келе қазақтың ұлттық спорт ойындарынан көрініс
5а, 5ә, 6, 7, 8а, 8ә, 9 сыныптарды шақырамыз.
1 – жүргізушісі:
Дана халқымыз «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанекей, Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.
5а, 5ә, 6, 7, 8а, 8ә, 9 сыныптарды шақырамыз.
1- жүргізушісі:
Ұлы күні Ұлыстың Баршамызға құт қонсын!
Наурызында қазақтың ризық – несібе мол болсын!
Мешін жылы бақ қонсын!
Ел қазаны тоқ болсын!
Берекеге кенеліп,
Қайғы мен мұң жоқ болсын!
2 – жүргізушісі:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе.
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман –есен жетейік
Келер Наурыз тойына
Бірге:
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!