Тақырыбы: «Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!»
Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: Әлияның суреті, «Әлия» музейінен суреттер, жұлдыз,
нақыл сөздер,шарлар, шырақтар
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Соғыс жылдарында қазақтың қас батыр атанған Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Т. Бегелдинов, Тоқтаров, Р.Қошқарбаев, Әди Шәріпов, шығыстың қос шынары ХХ ғасырдың арулары атағы берілген аяулы - Мәншүк, Әлия десек, бұл батырлардың щығуы кездейсоқ құбылыс емес.
Қазақтың ер жүрек, батыр да, мерген қызы – Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толғанына арналған сыныбымыздағы «Әлияның ерлігі – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Батырларға басымды иіп бір минут,
Еске алайық сол бір апат қайғыңы. (1 минут үнсіздік) [pic]
Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхамед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді. Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Ленинградтағы №9 орта мектепте білім алады. Соғыс басталған жылы балалар үйі Ярославь облысының Вятское селосына аударылып көшіріледі. Әлия осындағы Вятское орта мектебінің 7-сыныбын аяқтаған соң Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі. Алайда 1942 жылы Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі Орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының мергені болады.
Көрініс – 1: Соғыс басталғанда Әлия Ленинград қаласындағы № 140 мектепте оқитын.
Жүргізуші: ИӘ, Әлия Молдағұлова 54 - ші атқыштар бригадасын 4 - ші батальонның 3 - ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Новосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті.
Оқушылар енді экранға назар аударайық : Әлия Молдағұловаға арналған бейне көріністі бірге қарайық. (бейне көрініс арқылы көрсетіледі)
Жүргізуші: Қатарында Әлия болған 4 - ші батальон жауды Казачиха деревнияснан қуып Новосокольники – Дно темір жолын кесіп, тастау жөнінде бұйрық алды. Жауынгерлер қарсыласқан жау торабына лап қойды.
Ержүрек жауынгерді байқап қалған гитлершілер сол шақта борандатып оқ жаудырды. Әлия жараланып етбетінен түсті. Әлия жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып қайтадан жүгіре жөнелді де бірінші болып жау жеріне басып кірді.
4 - ші батальонның Әлия болған он қанаты түгелдей шабуылға шығып қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныш шебін бұзып өтті.
Казачиха деревниясын жаудан азат ету шайқасында Әлия біздің жауынгерлерді 6 рет шабуылға көтеріп, 200- дей фашистің көзін жойды.
1944 жылдың 14 қаңтар айында Әлия Молдағұлова Казачиха түбінде ерлікпен қаза тапты.
1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын берді.
Батыр, ер жүрек мерген – Әлия апамызға арнаған оқушылардың жырларына кезек берейік.
1-оқушы: 2 - оқушы
Жүріп өткен жолдары нағыз аңыз, Тверьдің орманы жас, жері кәрі.
Әлияны бүгін біз сағынамыз Ата қоныс санайды жұрттың бәрі
Дастанындай керемет мәңгіліктің, Сол жерге Әлияның қаны сіңді
Иесіне ерліктің табынамыз Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі
Әлия деп ағады бал бұлақта, Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан
Әлия деп сайрайды бұлбұл бақта . Әлия Отанына болған мақтан
Көтеріліп күн сөзі Әлия деп Бежиница маңында тұлғасы тұр,
Әлия деп ай туады біздің жақта. Дегендей «Ерлікке аттан, ерлікке аттан»
3-оқушы: 4- оқушы
Даңқ жетті туған жерге Ар намысы азаматтың,
Қазақ қызы қол басындай Таразыға түскен күн.
Жауға тиген қорғасындай Күндері үшін болашақтың
Бір сұрапыл жекпе - жекте Әр қарыс жер қорғалмақ
Қол бастады Әлия қыз Бір Қобдадан сегіз ердің
Ол жоқ. Қалды келешекке Шығуы бұл тегін бе еді?
Үлгі болып ерлік аңыз Айғағындай күш - жігердің,
мерген қызы Әлия еді.
Жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік.
Сейдолла Байтерековтың әні «Әлия». Бұл әнді алғаш орындаған Р.Рымбаева болатын.
«Әлия» әнін орындайтын Қанатова Шамшырақ пен Бекова Тоғжан
5-оқушы: 6 – оқушы
Даламыздың даңқысысың Болса да күткені таң, аңсары – нұр,
Балауса гүл балғын қыз Он тоғыз жаспен бітті барша ғұмыр
Жанын қиып халқы үшін Он тоғыз жас тағы сол Әлияны
Жанып түскен ақ жұлдыз Күтумен сарғайды бел, шаршады қыр.
Мәңгі жасап жерде енді. Сағынса жер шалғында, аспан - қазды
Биік бол деп таулардан, Күтті ол бейбіт сәуле шашқан жазды,
Сенің балғын бейнеңді Әлия майдандағы ерлігімен,
Жасап қойдық мәрмардан. Он тоғыз жас туралы дастан жазды.
Жүргізуші:Сынып оқушыларының орындауында «Катюша» биі.
Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлова атындағы музей бар. Ол музей қорында Әлияның портреттері, соғыс кезінде киген киімдері, оқыған мектебі, құрбысымен түскен суреті, әкесіне берілген алғыс хат,медаль , қолданылған қарулары сақталған. Сол музейдің қорынан алынған туындыларға назар аударайық .( слайд арқылы көрсетіледі.)
Жүргізуші: Хор : «Бейбіт күн тілегі» әні
[pic]
Жүргізуші: Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау - әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде Талас - тартыстың болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты Әлияша сүюден басталады.
Бүгінгі Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жылдығына арналған «Әлияның ерлігі – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты сағатымыз аяқталды.