(Бесікке салу!, (Ашық сабақ)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Л.Н. Раимжанова «Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.


Тақырыбы: «Бесікке салу»

Мақсаты: Бүлдіршіндерге қазақтың бесікке салу дәстүрін көрсету, балалалардың тілін, сөйлеу қабілетін жетілдіру. Қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, балалардың тілін, ойын- сұрақ арқылы дамыту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,ойын.

Көрнекіліктер: бесік, қуыршақ, суреттер

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:

Мотивациялық-қозғаушы.

Іздену-ұйымдастыру. Бөлмеге қолында қуыршағы бар Әже баламен бірге кіреді. –Балалар, қарандаршы бізге қонаққа кім келіп отыр екен? -Әже. –Кәне әжемізбен және қонақтармен амандасайық. Шаттық шеңбер жасайды. «Үлкенге де сіз. Кішіге де сіз, Құрметпеннен сіздерге, Бас иеміз біз.»

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші: Балалар Әже қолындағы бөпе жылап кетті, ұстай тұрындаршы, бесігін әкелейін. Бесігін әкеліп ортаға қояды. –Балалар мына ортада тұрған не? -Бесік. –Дұрыс. Ал мына сыртындағысын не деп атайды екен? –Ол жабуы-жабқышы. –Ал енді, балалар қазір ішіндегі заттарын көріп ,танысайық. –Мынау не балалар? -Тартпа. –Дұрыс, баланы бөлгенде құлап қалмасын деп жасаған. –Ал мынау ше? -Жайлық. Дұрыс, жайлық екеу. Біреуі-бас жайлық, екіншісі аяқ жайлық. –Мынау не? Мынау жастық, көрпеше, түбек, шүмек. Жастықты жұмсақ оны бөпенін басына саламыз, көрпешені үстіне жабамыз тонып қалмасын деп.

-Ал енді баланы бесікке салайық, бала бесікте жылы, таза жатса тыпыршып оянып кетпей тыныш ұйықтайды.

[pic] [pic]

Бесікке салу ата-бабалардан келе жатқан қазақтың салт-дәстүрі. –Балалар қазір әже бізге Айгөлек атты бөпемізді бесікке бөлуді көрсетеді. Ал, енді жол өзініздікі, біздің бөпемізді бесікке бөліп көрсетіңіз. – Әже бесікті аластайды.

«Алас, алас пәледен алас, Тілі жаманның тілінен алас. Көз тілдең сақтасың, алас, алас.»

-Әже баланы бесікке бөледі де, әлдилеп бесік жырын айтады.

«Әлди әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жылама бөпем, жылама, Тәтті ұйқыға батағой. Әлди, әлди, әлди әй»





Тәрбиеші: Ал енді балалар әжемен бірге бесік жырын қайталайық. Балалар біздің Айгөлек бөпеміз жәйлі, жылы бесікте әң ырғағымен тербеліп тәтті ұйқтап қалды.Тыныш отырайық, оянып кетпесін.

Тәрбиеші: Әже сіз мына бөпемізге қарай отырыңыз, оянып кетпесін.

-Әже жарайды айналайын, қарай отырайын. –Ал балалар біз қазір кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті: « Керегені жасайық, Шанырақты құрайық, Уық болып иіліп, Киіз үйдей болайық.»

Қорытынды: Балалар біздің Айгөлек бөпеміз қайда ұйықтап жатыр екен? –Бесікте. – Ал енді айтындаршы сендерге Айгөлек бөпемізді ұйықтатқан «Бесік жыры» әні ұнады ма? Балалар , міне бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі бесікке салу рәсімімен таныстық.

Бүгінгі «Бесікке салу» салт дәстүріміз сендерге ұнадыма?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар бесікке салу рәсімімен танысты.

Игереді: Бесік жырын айтады.

Меңгерді: балалар бесікке салу ретін меңгерді.



































КМҚК «Ақсу ауылындағы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы»









«Бесікке салу»

Ертеңгілік

1-ші сәбилер тобы







Тәрбиешілер: А.Ж. Кудербаева Л.Н.Раимжанова



2015-2016 оқу жылы