Ана тілім - айбыным

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Күні: 23.09.16.

Тақырыбы: «Ана тілім-айбыным»

Мақсаты:Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру,өз тіліне, туған жеріне құрмет  көрсетуге баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,суреттер,шарлар.

Түрі: топтық сайыс

Барысы: Ұйымдастыру

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Құрметті әріптестер,интернат тәрбиеленушілері! Бүгінгі «Ана тілім-айбыным» атты топтық сайысымызды Тіл мерекесіне арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой. 1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені  жазалды. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

Бүгінгі сайыс бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру.

2. Өлең сөздің патшасы

3. Сөз мәйегі- мақал.

4. Әріптер сайысы.

5. Сен білесің бе?

6. Ойлан тап.

7.Өнерпаз болсаң.

Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа алты адамнан құралған екі топ қатысады.

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

I-кезең. Таныстыру.

1-топ:"Жас қыран".

Қалықтап көкте жас қыран,

Халықпыз сөзге тоқтаған.

Тіліміз топты жаратын,

Тобымыз біздің- " Жас қыран".

2-топ:'' Топжарған''.

Шығарар намыс топтыалдан,

Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік арман,

Тобымыз біздің-" Топжарған".

II-кезең." Өлең- сөздің патшасы".

Әр топтан бір оқушы тіл өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

III-кезең. " Cөз мәйегі-мақал".

Сайыскерлер Отан, тіл, туған жер, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

ІV-кезең. Әріптер сайысы.(А,Е,Т,О,С)

1-топ.

1. Қандай елде тұрасың?

2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ?

3. Досың кім?

4. Қазір жылдың қай мезгілі ?

5. Қайдан келдің?

6. Әдемі қыздың арманы не?

7. Бүгін қандай күн?

8.Сенің көзің қандай?

9. Жігіттер сырға таға ма?

10.Жасың нешеде?

11. Қандай тағамды ұнатасың?

12. Жерде не бар?

13.Наурыз көжеге не салады?



2-топ (Ә,Б,М,Н,Д)

1. Мақал білесің бе ?

2. Атың кім ?

3.Қандай қаланы білесің?

4.Асан әнді қалай айтады?

5. Сен тұратын қаланы ата.

6.Алма тәтті ма?

8. Қазақстанда қандай жануарлар бар ?

9. Сәукелені қай қезде киеді?

10. Кім болғың келеді ?

11. Сенің анаң қандай адам ?

12. Сыныпта неше оқушы бар?

13.Қыздар неден қорқады?

V кезең. "Сен білесің бе?".

Тақтада берілген ұяшықтарда сұрақтар бар. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап береміз.

VI кезең. " Ойлан тап".

Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.

VII кезең. "Өнерпаз болсаң...".

Оқушылардың дайындап келген өнерлерін тамашалаймыз.

Қорытынды:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.