Достық бұлағы
[pic]
Тлеуова Роза Жолбайқызы
№30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы
Ақтөбе қаласы
Жүргізуші: Армысыздар құрметті балабақша қызметкерлері, бүлдіршіндер! 1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Нәсілге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін!
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: Адамзаттың арманын ұғып бірден,
Сенім құйып, үнімен үміт күлген,
Сан халықты бір тудың аясына
Бір әнмен біріктірген
Қосым Алдияр: Бірінші мамыр бүгін,
Мереке келді! - деп,
Көк аспан айдыны
Ашылды мөлдіреп.
Эдема: Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос – бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Аслан: Ақпыз, қара, сарымыз-
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау...
Әли: Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз-
Ағайынбыз бәріміз.
Ән: «Достық әні»
Мерей: Құлпырды, жайнады
Жас құрақ балауса.
Гүлдерде майдағы
Желбірер жалауша.
Расул: Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Сабина: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Жүргізуші: Қазақ әрқашанда бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын бере білген, «Орыс» халқын төрге би билеуге шақырамыз!
Мөлдір: Зеңгір көктем
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен
Жайнап өскен
Біз өмірдің гүліміз.
Қасен Алдияр: Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құшақ та,
Бақыттымыз бәріміз!
Ислам: Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
М. Нұрдана: Өмір сәні достықта,
Көңіл нәрі достықта.
Жүректі мәңгі жалғадық,
Сырға сырды қостық та.
Бекнұр: Достар тату-тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз.
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәрімізде дәм татамыз.
Жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр!
Әділ: Жалауымда нұрлы күн,
Шуақ шашып тұр бүгін.
Паш етеді , ол халқымның,
Ынтымағын бірлігін!
Диас: Ортақ – дәстүр, ғұрып бай,
Ынтымағын суытпай.
Шаңырағын көтерген,
Жүз түрлі ұлт – Жүз уықтай.
К. Даулет: Шыңға тарса салып жол,
Қиналмайды талып бел.
Жүз иыққа сүйенген,
Қазақстан – алып ел!
Ән: Әрқашан күн сөнбесін!
Жүргізуші: 1 мамыр Ынтымақ күні мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды сау- саламатта болыңыздар!