Маша мен аюда қонақта. /ертеңгілік/

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Маша мен аюда қонақта.

Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі,Жаңа Жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету.Балалардың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру.Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Залдың ортасында сәнді шырша.

1) Ертегідегі Маша жүгіріп кіреді.Жан-жағына қарап,жалтақтайды.

- «Куда вы,все подевались?» деп шығып кетеді.

Қолында самауыры бар аю кіреді,музыка ырғағымен жүріп,үстел үстіне самауырын қойып,орындыққа отырып,шай ішеді.Қолына қармақ пен шелек алып,шығып кетеді.

(Балалар саз әуенімен кіріп,шыршаны айналып жүреді.Шыршаны қызықтап болған соң,орындарына отырады).

Тәрбиеші: Даламызда,қаламызда.

Жаңа Жыл кіріп келді.

Қартыңызға,балаңызға,

Жалынды сәлем береді.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,

Таңырқап тұрмаңыздар,

Сәнді шырша шақырады,

Шырша жырын жырлаңыздар!

Келіңіздер,келіңіздер!

Би де,билеп беріңіздер!

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер!

Тәрбиеші: - Балалар,біз бүгін қандай мерекені тойлағалы отырмыз?

Балалар: - Жасыл шырша,Жаңа Жыл мерекесін.

Тәрбиеші: - Жаңа Жыл бір жылда бір рет келетін мереке.Осы бір жылда сендер бір жасқа өсесіңдер.

-Балалар, айтыңдаршы,Жаңа жыл мерекесі жылдың қай мезгілінде болады?

Балалар: - Қыс мезгілінде.

-Мына тентек Маша біздің мейрамымыздың шырқын кетірмей тұрғанда,әнімізді айтып,тақпақ айтайық.

Тәрбиеші: - Ендеше балалар,мерекемізді Жаңа жылға арналған тақпақтарымызбен бастайық па?

Ажар Жаңа Жыл,Жаңа Жыл,

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп,

Аяз ата келер деп.

Томирис Тізбек шамдай жұлдыздар!

Көкке мойын бұрғызар.

Әшекейлеп әйнекті,

Өрнек салды түнгі ызғар!

Тәрбиеші: - Балалар,біздің мерекеге арналған әніміз де бар еді гой,соны барлығымыз орындап жіберейікші!

Ән: «Кішкентай шыршамыз»

2) Маша келеді.

Машаны аю қолшанамен сүйреп,залға әкеледі.Кішкене бала киімін киген,аузында соскасы бар.Тентектік жасайды.

Аю Машаны қолшанаға отырғызып,алып кетпекші болады.

-Маша: -А, наряды-наряды то мои,забыли!!! –деп шығып кетеді.

-Балалар,бізге кім жетіспей тұр?

-Аяз ата мен Ақшақар!

-Ондай болса,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

-Аяз ата, Ау-ау!!!

-Ақшақар,Ау-ау!!!

Кәне,балалар,енді орысша қалай атаймыз?

-Дед Мороз! Снегурочка! Ау-Ау!!!

Аяз ата мен Ақшақар залға кіреді.

Аяз ата : -Құтты болсын,балалар,

Келген Жаңа Жылдарың,

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз,ұлдарым,

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем,

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың да,бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: -Аяз атасыз.

Аяз ата: - Бәрекелді таныдыңдар.

Өткір екен жанарларың.

Тәрбиеші: - Олай болса,Аяз ата,шақырады биге менің жарқ-жұрқ еткен қонжықтарым.

Би: «Гамми - гамми»

Тәрбиеші: - Аяз ата,Ақшақар сіздерге арнап,балалар тақпақ айтып береміз дейді.







Ақшақар: Ал келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер!

Жомарт аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер!

Перизат Әлде қарлы боранда,

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстіне.

Адия Орала ма ол енді,

Айтар едім өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

Альдина Ақ қырауға малынған,

Сақалы да,мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Керемет, жақсы балалар!

Тәрбиеші: -Тауда туып,тауда өскен ,

Шырша келді ортаға,

Бәріміз бір дауыспен.

Дейік енді шыршаға,

«Қуант,бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!»

1). Маша ! « Раз,два,три!!! Ёлочка,гори!!!»

Ақшақар : -Сендерге алып келген жұмбағым бар,шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ жасыру.

Тіккен-тіккен,тік пісте,

Қысы –жазы бір түсте. (Шырша)

Балалар,жақсы көреді,

Қыста ғана келеді.

Ән,жыр,айтса,қисылмай,

Сыйлық кәмпит береді. (Аяз ата)

Айзере Сұлу сәнді шыршаға,

Көз тоймайды қараса.

Сендер үшін орманнан,

Жіберіпті мырза атаң.

Әмина Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен Жаңа Жылды ,

Қарсы алуға келдік біз.

Айша Жасыл шырша жанында,

Ойнап күліп қайтамыз.

Жасыл шырша жанында,

Өлеңінде айтамыз.

Тәрбиеші: Аяз ата ,Ақшақар,

Ортамызда балалар.

Қол ұстасып айналып.

Ән шырқасақ жөн болар.

Ән: « Аяз ата,Ақшақар»



Тәрбиеші: -Балалар,қазір,сендермен бір ойын ойнайық!

Ойын: «Қар кесегі»

Шарты: Ортада жатқан қар кесегін балалар алып,ата-аналарға қарай лақтырады.Ата-аналар қар кесегін ұстап алып,қар кесегіндегі тілектерді дауыстап,оқиды.

Тәрбиеші: -Аяз ата!Ақшақар! балалардың дайындаған тақпақтарына құлақ салыңыздар!

Айназ Келді деп Жаңа Жыл,

Қоян,қасқыр досым да.

Жиналыпты осында,

Кел,кел Жаңа жыл!



Кәусәр Лебі мұздай ызғарлы,

Алып келді қыс қарды

. Қысқа түндер ұзарды,

Ұзақ күндер қысқарды.



Сұңқар Боранымен буып белді,

Жаңа жылым тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.



Батыр Жаңа Жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз,ән саламыз.

Алихан Келді тағы ЖаңаЖыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.



Әлтайыр Бүгін бәрі өзгерек,

Жарқын күлкі сөз бөлек.

Тілек айтып күттік біз,

«Кел,ЖаңаЖыл,төрле»-деп.



Нұрәлі Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.



Нурдин Аяз сүйіп қарсы алған,

Жердің аппақ тұлғасы.

Қыстың айы- Қаңтарда

Басталады Жыл басы.



3). Маша келеді.Музыка ырғағымен залға кіреді. Қар кесегін домалатып,шығып кетеді де,үлкен қар кесегін домалатып кіреді.Қар үстіндегі аңдардың іздерін қарап жүреді,аю үлкен қар кесегін алып,Машаға қарай жақындайды.

-«Мишка,а кто это ходил?» -деп сұрайды.

Маша іздерді көрсетеді. «Не надо,не надо,я сама!»

Қасқыр ұлыйды. «Мишка,пошли,комочек не забудь!!! »

Машалар мен кішкентай ақшақарлар биі.

-Аяз ата: - Рахмет! Керемет!

-Ақшақаржан,біздің базарлықты да балаларға тарататын кез жетті гой деймін.

Машалар сыйлыққа таласады.Аяз ата Машаларға бөлек сыйлық береді.

Балалар Аз ата мен Ақшақарға рахмет айтады.

Тәрбиеші: Осымен, мерекеміз де аяқталды,тамашалағандарыңызға рахмет!

Келе жатқан Маймыл жылы барлықтарыңызға қуаныш,молшылық,денсаулық әкелсін!!!