Сабақ тақырыбы: Құстар әлемі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Құстар әлемі.

Сабақтың мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларға табиғат байлығын сурет бойынша әңгімелей отырып, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Құстарды қорғауға, қамқор болуға бағыт-бағдар беру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекіліктермен жұмыс жасау.

Көрнекіліктер: құстардың суреттері,плакат,қима қағаздар,

Сабақ барысы:

1.Шаттық шеңберіне балалар жиналады. (хормен айтады)

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы гой,

Ал кәнекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме, ағайлармен, апайлар!

Тәрбиеші: Кәне ,балалар орнымызға отырайық. Бүгін біздер құстар әлемімен танысамыз,өзіміздің білген тақпақтарымызды айтамыз.Сабағымыздың мақсаты: құстармен танысу,мағлұматтар алу.

Ендеше, келген қонақтарға жұмбақ жасырайық:

Дейді бәрі киелі,

Иір мойнын иеді.

Аппақ адал болсын деп,

Оны бәрі суйеді. Бұл қандай құс? \аққу\

Тәрбиеші: Балалар, бәріміз мында қарайық. Құстардың түрлері көп.Олар үй құстары, жабайы құстар болып бөлінеді.(құстарды таныстыру)

Тәрбиеші: Рахмет! Енді өзіміз білетін тақпағымызды айтайық.

Шахназ: Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған.

Бекболат:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Құстар болып ұшайық,

Бір отырып, бір тұрып.

Ұшып-ұшып алайық.

ІІ.Ойын: « Cуретшінің қателігі» балалар адасқан жан-жануарларды орындарына дұрыс орналастыруымыз керек. (балалар жан-жануарларды орындарына орналастырады)

Нұрәділ:

Торғай, торғай , торғайсың.

Жақын неге қонбайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда сенде тоңбайсың.

Исламбек:

Көкек жолды айтсаңшы,

Үйге бізбен қайтсаңшы.

Үй алдына қонсаңшы,

Қонағымыз болсаңшы.

ІІІ. Ойын: «Төрт балапан» (балаларға балапандар беріледі,сұрағына жауап беріп,плакатқа орналастырады

Гүлбахар:

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан, томарға.

Секең-секең ауысқан.

Тұмсығы өткір темірден,

Ағаштарды кемірген,

Тазалықты тапсырған,

Оған құстар сеніммен. \тоқылдақ\

Иса: Тоқ-тоқ етіп ағашқа,

Тұрған олмен тоқылдақ.

Ешбір тыным таппаймын.

Тұмсығым мен шоқып-ақ.

ІҮ.Ойын: Күннін сәулесін құрастыру. Құстар туралы сұрақтар беріледі,ата-аналарымен бірігіп, күн шапағын құрастырады.)

Алтынзер:Аспан ашық, дала кең,

Қош болыңдар, тырналар.

Мен сияқты баламен,

Дос болыңдар тырналар.

Данияр:

Ұшып-қонып жүреді,

Жылы жаққа ұшпайды.

Бізбен бірге қыстайды

Луп-лүп етіп жүрегі, .

Қорытынды: `(хормен айтады)

Құстар келсе көктемде,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап деп-демде,

Біз оларды қорғаймыз.


Кәне,балалар,бәріңе рахмет! Бүгін құстар туралы білгенімізді ортаға салдық.Ата-аналарға да рахмет айтамыз. Және қонаққа келген апайларыңнан «Алма ағашына» сіздерге арнап тілек жазуын сұраймыз.Сендерге әкелген құстардың сыйлығын берейін.