Тәуелсіздік - аңсаған арман, қол жеткен мұрат.
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында
құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,
адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Буклет, плакаттар, қанатты сөздер,
компьютер, экран /слайд-шоу/
Барысы:
Әнұран айтылады.
1-оқушы. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменбін, дербеспін.
2-оқушы. Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.
Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.
3-оқушы. 1723-1727 ж. Бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады.Оның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте ауыр болды.Қазақтардың көбі Орта Азия мемелекеттерінің аумағына қарай ауысты.
Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң
Көздің жасын көл ғылып ағызамын.
4-оқушы. 1730 ж. Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға- Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды. Шайқаста кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
5-оқушы. 1836ж. Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістердің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Халық көтерілісін елге белгілі батырлар И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарып, 200-ден артық сарбаздармен жасақталды.
6-оқушы. 1837-18747ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ірі ұлт-азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, басқарушы ретінде 20 мың сарбаздан тұратын жасақ құрды.
7-оқушы. 1916ж. Ұлт –Азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ құрбан болды. Бұл қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында болды. Көтерілісшілер жасағын құрған сардарбасы Амангелді Иманов.
8-оқушы. 1917-1920 ж. Алаш қозғалысы 20 ғ. алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліс. «Алаш партиясының» өмірге келуі Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Алаш партиясының басшылары А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов. Биыл алаш қозғалысына 20 жыл.
9-оқушы. 1931-1933 ж. Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды. Ашаршылықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.
10-оқушы. 1937-1938ж Лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығай туға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов. 101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды.
11-оқушы. 1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы жылдары. Қиын да ұзақ 4 жыл. 1418 күнде 20 млн адам қаза тапты. Қазақстандықтар Москва, Ленинград түбіндегі шайқастарда және Украин, Белорусь, Молдаваны азат ету жолындағы ұрыстарда болды. Ерекше табандылықпен қаһармандық көрсеткен Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Т.Бегилдинов, Н.Әбдіров, С.Нұрмағамбетов, жас офицер Р.Қошқарбаев және т.б. ержүрек батырлар халақ қаһарманы атағын алды. Шығыс әйелдері арсынан 1-ші болып «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған қазақ қыздары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың еңбектері орасан зор.
Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге,
Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді, төгілді қанша көз жас,
Түнерді қайғы бұлты талай үйде.
Сұм фашист бейбіт елді болса құртпақ,
Алды-арты құрыш қамал тұрды құрсап.
Жау жеңілді, сол жеңіс арқасында,
Өсті, ер жетті бүгінгі ұрпақ.
12-оқушы. 1986ж Желтоқсанда отты оқиға болды.
Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
Тәуелсіздік құрбандарын 1 минут еске алу .
1-оқушы. 1991 ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қасиетті құжат.
2-оқушы. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
3-оқушы. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді айта бергім.
4-оқушы. Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті.
17 жыл тәуелсіздік алдық біз,
Жалғастырып баба жолын елдікті.
5-оқушы. Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай.
6-оқушы. Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын,
Елім айтқан: ер көтерер жер даңқын.
Президентім аман болғай Елбасы
Мәңгі жаса, мәңгі жаса өр халқым.
7-оқушы. Елорданы көшіріп Ақмолаға,
Астана деп ат қойды жас қалаға.
13 жыл толған бүгінгі Елордаға
Еңселі екен алыстан қарағанда.
8-оқушы. Туындай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге кеңдігіңді.
Тұрғанда «Бәйтерегің» көкке шырқап,
Ұстай біл асқақтатып елдігіңді.
Тәуелсіздік шежіресі.
1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.
1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкерТ.Әубакіров ғарышқа самғады.
1993ж Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.
1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.
1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.
1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.
1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.
1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.
2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.
2002ж. Денсаулық жылы.
2003-2005ж. Ауыл жылдары.
2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.
2008ж. Астанаға 10 жыл
2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы
2010ж. ЕҚЫҰ самммиті
Әр оқушыда параққа жылдар жызылып, тәуелсіздік шежіресі айтылған соң, парақтың екінші жағында ТЕК ҚАНА АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН ! деген ұранды сөз шығады.
Ән. «Атамекен».