«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ
Тәрбиеші: Жапықова.Г.О.
«Ел сенімін ақтаған – Елбасымыз Назарбаев»
«Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Коррекциялық: Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар
Әдісі: тәрбие сағаты
Тәрбиелік шараның барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
1. Елбасының өмір жолымен еңбек жолына қысқаша деректер.
2.Қорытынды:
Тәрбиеші:
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында туған. Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанады. Теміртауда болашақ металлургтар дайындайтын фабрика - зауыт училищесіне оқуға түседі. Елбасының мамандық таңдауы, еңбек жолы осыдан басталады. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесін 1960 жылы бітіріп шығып Теміртау қаласындағы қазақ металлург құрылысына қарасты «Домекстрой» тресінде 1960 - 1969 жылы жұмысшы, кейіннен домна пешінде горновой, домна цехында диспетчер, Қарағанды комбинатының домна пешінде газшы қызметтерін атқарды. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп транспорт бөлімінің меңгерушісі.
1969 - 1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1971 - 1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. 1973 - 1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, кейінен екінші хатшы қызметтерінде болды.
1979 - 1984 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы.
1984 - 1989 жылдар арасында Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.
1989 - 1990 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің І хатшысы, осымен бір мезгілде КОКП орталық комитетінің саяси бюросының мүшесі.
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1990 жылы 24 - сәуірде Қазақ КСР тұңғыш президенті болып сайланды.
1991 жылдың 1 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.
1991 жылғы 10 - желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып аталуы жөніндегі Заңға қол қойды.
1991 жылғы 16 - желтоқсан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды.
1991 жылғы 29 - тамыз. Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
1992 жылғы 25 - қаңтар. Қазақстан Республикасы БҰҰ - на қабылданды.
1992 жылғы 4 - маусым. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы Заңға қол қойылды.
1993 жылғы 15 - қараша. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енгізілді.
1995 жылғы 1 - наурыз. Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды.
1997 жылғы 11 - шілде. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң қабылданды.
1997 жылғы 20 - қазан. Президенттің Жарлығымен Астана қаласы Қ Р астанасы болып жарияланды.Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел¬тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұр¬сұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.
Қорытынды: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Қ Р Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды жабық деп жариялаймыз.