31 мамыр-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи кештің сценарийі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың

150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты

тарихи-тағылымдық кештің сценариі


І Бөлім.А.Бөкейханов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі


Ұлжан: Таң қалдырып жиырмасыншы ғасырды,

Жаңа ғасыр құдіретке бас ұрды.

Замананың бұлты дертіп тұрды да,

Шапағатты алаш нұры шашылды.

Шашылмай ше?

Мүмкін бе еді жасыру,

Қын түбінен жарып шығар асылды,

Әлеміне асқақтатып Абайын,

Бұл қазағың алаш даңқын асырды.

Енді міне семейінде алаштың,

Әлиханның ескерткіші ашылды.


Жүрегіме толқын келіп ұрғандай,

О, тәңірі, сезім еді бұл қандай?!

Алты алаштың ардақтысы жиналып,

Бөкейханов өзі келіп тұрғандай!


Бүгінгі ұрпақ сен туралы не білген,

Солай болар, солай болған тегінен.

«Қырдың ұлы» алақандай қазақтың

Алатаудай қасіретін сезінген.


Жауға бермей көктүріктің бесігін,

Алты алашың ардақтаған есімін.

Абылай мен Кенесары атаңыз,

Және өзің... армандаған осы күн.


Сен туралы күмілжиміз неге біз?

Сен сезгенді бүгін біз де сеземіз.

Сен білгенді білу үшін ұмтылып,

Сен төзгенге енді біз де төземіз.


Ортамызда ерек туған еңселі ер,

Жиналыппыз ту түбіне өңшең ер.

Анау жақтан... қайтер еді жарықтық,

Абай атам өзі келіп көрсе егер?!


Сендерсіңдер ұлт иесі, алып кіл,

Артымызда Алаш деген халық тұр.

Біз қашанғы төменшіктеп жүреміз,

Қуантайық ұлтымызға барып бір!


Төбемізде Алаш туы желбіреп,

Тілегіміз, жүрегіміз елжіреп.

Сүйіншілеп қуантайық қазақты,

Семейіңе Әлиханың келді деп!




Дәулет:

2016 жыл - қазақ елінің ұлы тұлғаларының бірегейі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы. Әлихан - XX ғасырда ұлт-азаттық қозғалыспен қазақтың санасына серпін беріп, жүрегіндегі азаттықты оятып, қасиетті Тәуелсіздіктің іргетасын қайраткерлігімен қазақтың болашағына қалап кеткен тұғырлы тұлға.

Құрметті қонақтар, Әлихан Бөкейхановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізуге рұқсат етіңіздер.


Дәулет:

Барлығыңызды еліміздің өткені мен бүгінін танытатын тарихи-тағылымдық кешке шақырамыз!


ІІ бөлім. Театрландырылған көріністер

Сахна сыртынан:

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты тарихи-тағылымдық кешті Семей көп салалы колледжі сіздердің назарларыңызға ұсынады.


Видео. Алаш қайраткерлері


1-көрініс. “Қазақ тарихындағы тұғырлы тұлғалар” СЕМЕЙ, 1917 ЖЫЛ.

Сұлтан:

Ау, Алаш, көзіңді бүгін ашар күнің!

Қарманып ілгері аяқ басар күнің!

Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден сөз,

Адымдап асқар белден асар күнің.

Теңізім, телегейім – қайран елім,

Кемерлеп толқын атып, тасар күнің!

Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды,

Құрбан қып осы жолға шашар күнің!

Терезең теңгеріліп қатар тұрса,

Осы! –деп сонда жүрек басар күнің.

Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе?

Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе?

Заманның ыңғайынша амал қылып,

Зырлаған желмаяға мінеміз бе?

Өнерлі, білімдінің қылған ісі

Майданда мұны байқап көреміз бе?

Күш қосып, құралданып бас қорғаудың

Жолына белді буып кіреміз бе?

Болмаса күнде бір ел қырғын тауып

Жылаулап бастап-аяқ жүреміз бе!


Айбек:

Тілекті бүгін халықтың берген күні,

Көл дария көздің жасын көрген күні.

Талайдың тіршіліктен қол сермеген,

Қайғысын тас-талқан қып бөлген күні.

Жаз шығып, бір сағатта күркіреп күн,

Тырбаңдап тайша-торпақ өрген күні.

Құл болған екі аяқты айуандардың

Қатарға адам болып енген күні.

Ғаламға аузын ашқан айдаһардың

Мерт болып мақсатының өлген күні.

Ақ деп қан, шаһит деп жан, өлсек енді,

Шын басын әлеуметтің берген күні.

Алланың азат құлы екеніңе

Әркімнің көзі жетіп сенген күні.

Теңдестік, адамшылдық, құрдастықтың

Алдына мойынсұнып келген күні.

Бостандық өмір сүріп, өшсін құлдық,

Деп жұрттың мойын созып төнген күні.

Ә, құдай! Ұзағыңнан жаза гөр деп,

Іркіліп көзге жастың келген күні.


Сұлтан:

Ақ жүрек азаматтар асқар күнің,

Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің.

Дұрыстық ел қосында еткен істі,

Қол соғып, қошеметтеп қостар күнің.

Күш қосып, қол ұстасып, сөз бекітіп,

Арадан алалықты тастар күнің.

Адасқан қойдай шулап ерген елді

Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің.

Аңқылдақ Алаш ұлы сеніп отыр.

Орныңнан шығып, соны растар күнің!


Даулет:

Алаш туы астында

Біз – Алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған.

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы,

Жасасын, Алаш, жасасын!


Айдос:

Алаш туы астында,

Қолдайтын алаш бабамыз.

«Туысқандық», «теңдік» деп,

Туын қолға ап шабамыз.

Берілгенде тілектер,

Жарылмай ма жүректер?!

Заң жасайтын орынға,

Жұртпен бірге барамыз!

Қатардан орын аламыз!

Жасасын, Алаш, жасасын!


Бейбіт:

Алаш туы астында,

Куә болсын арымыз.

Көркейтуге Алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Былай тұрсын малымыз,

Алаш деген ел үшін,

Сарыарқаның жері үшін,

Бостандық берген ер үшін,

Төгілсін біздің қанымыз!

Аялмасын жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын!


Асланбек:

Алаш туы астында,

Өлсек бірге өлдік біз.

Не жақсылық, не қайғы,

Көрсек бірге көрдік біз!

Ішкі жанжал таласты,

Күншілдікпен қарасы,

Мына жерге көмдік біз!

Жасасын, Алаш, жасасын!


Сабыржан:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына,

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз,

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды, алаш, өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын!


Ән: Алаш ұраны


Голощекин: Қазақ халқын ұлт ретiнде жойып жiберуге бағытталған сұрапыл саясатты әшкереледік деп, оны «Тоқтату керек» деген ұранға салып, халық арасына іріткі салып жүргендерді жаппай қудалап, аяқтарын аспаннан келтіру керек. Мұнда «Қазан төңкерілісі» болмаған, «Кіші Қазанмен» желпу шарасын бастаңдар!

Видео: Ашаршылық туралы деректі фильм

2-көрініс. Айтылмаған ақиқат. (Мәскеу. Кремль. 1932 жыл. И. Сталин мен Т. Рысқұловтың кездесуі)


Кремль. Сталиннің кабинеті. Сталин терезеден сыртқа қарап, трубкасын әлдеқалай қалт ұстап, тың тыңдап қалғандай. Алыстан талып күй естіледі – «Көбік шашақан». Күй дауылдап барып басыла бере – хор дауысы шығады. Бейтаныс, қаһарлы әрі зарлы әуенге Сталин аң-таң болып тұрған кезде еңселі, ауыр есік ашылып, ішке Рысқұлов кіреді.


Рысқұлов: Сәлеметсіз бе, Иосиф Виссарионович!

Сталин: (Сөйлеме дегендей қолымен жасқап, әлі тың тыңдап тұрды. Хор баяулап бара жатады. Сталин сонда ғана бұрылып).

Естідің бе, Тұрар Рысқұлович? әне!

Рысқұлов: Ол не, Иосиф Виссарионович!

Сталин: (енді Рысқұловқа үнсіз қарап). Әлде радио ма? Жоқ, радио сөйлеп тұрған жоқ. Қаһарлы, зарлы музыка. (Рысқұловқа тесіле қарап). Сенімен ілесе келген сияқты әлгі ғажап үн...

Рысқұлов: Түсіндім, жолдас Сталин.

Сталин: Түсіндім... Түсінбейсіңдер. Ұлы мақсат жолында кесе көлденең тұрғандарды ысырып тастағаны үшін Сталинді қатал дейсіңдер!

Рысқұлов: Әрине, қатал тәртіп керек. Бірақ сол қаталдықтың қаһарында әділетсіздік қайқаңдамас болғаны ғой.

Сталин: Онымен не айтқың келеді? Қай әділетсіздік айтып тұрғаның?

Рысқұлов: Қазақстандағы дәл қазіргі жағдай, жолдас Сталин. Осыдан екі апта бұрын сол жағдайды айтып, мен сіздің атыңызға екінші рет хат тапсырғанмын. Қазір де келіп тұрғаным – сол сол халықтың тағдырын білу.

Қазақстан ажал ауызында, халық қырылып жатыр. Халықты құтқарып қалу керек, Иосиф Виссарионович. Халық, көшпенді халық – 6 миллион. Соның қазір жартысынан айрылдық. Күн өткен сайын құрып барады. Жедел көмек көрсетпесек мүлдем құрып кетеді, Иосиф Виссарионович.

Сталин: (қасын керіп). Сен де төменшіктеп, жалынуға дәтің барады екен-ау.

Рысқұлов: Халықтан үлкен емеспін. Халық қырылып жатқанда, менің тәкаппарлығымды лағнет атсын!

Сталин: (Рысқұловтың хатын парақтап дауыстап оқиды). Торғай сияқты аудандарды аштық жайлап, індет ауруы тарады. Ит, мысық, суыр, тышқан жеп... кісі етін жеп... Тек Торғай орталығында 2.500 адамның жартысы қара шешектен қырылды. Қазақстан денсаулық сақтау комиссариаты індет ауруының есебін ала алмай... Ақтөбе облысында 1930 жылы 1.102.500 адам болса, 1932 жылы 725.800 адам қалды. Қызылордада халықтың 15-20 проценті қалды. Балқаш ауданында 60 мың адамның 12 мыңы қалды. Қарқаралыда 1932 жылдың майында 50.400 адам бар еді, ал қарашада 15.900 адам қалды. (Хатты жауып, ысыра салды. Әрі қарай оқуға дәті шыдамағандай).

Сталин: Айтшы, Тұрар, республикада апатқа ұшыраған халықтың саны қанша?

Рысқұлов: Бүкіл Қазақстандағы жағдай Қарқаралы ауданындағыдай. Қарқаралыда 1932 жылдың мамыр айында 50 мың 500 адам бар еді. Ал 1932 жылдың қарашасында 15 мың 900 адам ғана қалды. Айттым ғой, бұл жағдай барлық аудандарағ тән.

Сталин: Үштен екісі, одан да артықтау. Яғни үш үйден екі үй жоқ. Обал! Озбырлық, әрине! Демократия, социализм дейміз. Не деген сұмдық! Қазақстан тарихында мұндай сойқан бұрын болып па еді?

Рысқұлов: Қазақстан – феникс құс сияқты, жолдас Сталин. Көп өліп, көп тірілген. Феникс өзіңіз білесіз, өртеп жіберсе, өртенген дененің күлінен қайта тіріле беретін көрінеді ғой. Ғұндар селі қаптады. Қазақстанды Қытай талай рет қырды. Шыңғысхан таптап өтті. Жоңғар шапқыншылығынан «Ақтабан шұбырынды» деген ат қалды.

Сталин: Халық үшін шырылдап отқа түсе жаздаған пәруана! (жақындап келіп, Рысқұловты бір қолымен иығынан қапсыра құшақтайды). Сен сөйтіп қарлығаштай қанатыңмен су себелеген халқың саған не жақсылық көрсетер екен?..

Рысқұлов: Тарих бәрін орын-орнына қояды. Бірақ сонда төбемізден төмен қарап салбарып тұрмасақ болғаны.


Күй қосылып, қаттырақ шығады. Сталин бір-бір басып, телефонға барады. Трубканы көтереді.


Сталин: Жолдас, Молотов!

Дауыс: Тыңдап тұрмын, Иосиф Виссарионович.

Сталин: тез арада Рысқұлов жолдастың ұсыныстары негізге алынсын. Түсінікті ме?

Дауыстар: Түсінікті,

Сталин: Ие, ұмытып барады екенмін? Голощекин Мәскеуге тез шақырылсын.

Дауыс: Командировкаға ма?

Сталин: (дауыс көтеріп, қатал). Жоқ! Мүлде! (Трубканы тарс еткізіп тастай салады. Рысқұловқа баяу бұрылып). Сен дәмеленіп қалма! Қазақстанға қайтпайсың!

Рысқұлов: Өмір бақи қайтпауға пейілмін. Қазақстан аман болса, халқым аман болса, соған өле-өлгенше ризамын. (Көзінен жас тамып кетеді. Залға қарап.) Халқым, сен аман бол! Құрбаның болуға мен дайын. Ал, зор қатенің құрбандары! Сендер кешіріңдер. Сендердің рухтарыңды қарны тойған күні ұмытып шыға келетіндерден сақтасын тағдыр!



3-көрініс. Зілді бұйрық. (Алматы, 1937 жыл. Орыс офицерінің бұйрығы)

Кабинет. Үстел төрт орындық тұр. Офицерге кіруге рұқсат па деп 4 адам кіреді. Кіре амандасып, күн тәртібіндегі мәселеге көшеді.


Офицер: Ұлы Сталиннің дана басшылығымен күрестің жаңа бағытын қолға аламыз. Троцкийшілерге қарсы күресте қазір ескі әдістер – дискуссия әдістері керек емес, жаңа әдістер, түп-тамырымен құрту, талқандау әдістері керек. (жанындағылар бас шұлғып, құптайды)

Қазақ 1: Ұлтшыл-фашистерге өмір сүргізбейміз дейсіз ғой?

Қазақ 2: Ұлтшыл фашист зиянкестерін жеріне жете құрту керек.

Офицер: Әрбір алашордашыл, әрбір жазушы, әрбір ақын, әрбір әнші мұқият тексерілуден өту керек. Мына тізімдегілерді түп-тамырын қалдырмай қазбалаңдар. Айғақ таппасаңдар жеті атасын, үрім бұтағын ақтарыңдар. Шыққан тегі, жүрген жері, қызметі, туған-туысқаны, қатын-қалаштары, не жеп, не ішкендері, бәрін білуім керек. Түсінікті ғой, әсіресі көңіл бөлетін нысаналарың: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқтылар. Аймақ-аймақ белсенділеріне дем берсеңдер болғаны көзге түсіп, көрініп қалуға тырысып қолдарынан келгенін аянып қалмас.

Қазақ 3: Осы тізімдегілермен болды ма?

Офицер: жылдың соңына қарай республика бойынша бірінші категорямен, яғни ату әдісімен репрессиялануға тиісті адамдардың мөлшерін 600-ге дейін көбейтуді жопарлап отырмыз. Республика басшылығы, сондай-ақ, оған қосымша 2000 адамды екінші категориямен, яғни ұзақ мерзімге соттап жазалауға құлшынды. Біздің міндет - жауды табу, жоғары жақ – атады. Іске кірісіңдер.


Видео: Мәскеу вокзалы

4-көрініс. Аманат. (Мәскеу, 1937 жыл. Әлихан мен Тұрардың кездесуі)

Мәскеу теміржол вокзалы. Әлихан орындықта Мәскеу-Алматы поездін күтіп отыр. Жанына Тұрар Рысқұлов келеді.

Тұрар: Ассалаумағалейкум, Әли аға!

Әлихан: (басын изеп, қолын қысып тұрып) Тұрар, Қазағымның Тұрары!

Тұрар: (жан-жағын қырағы көзімен бір бақылып алып) Сізді осында алдыртқалы, Мәскеудің аспаны түнеріп, тіршілігіңізге жайсыздық тудырып-ақ тұр, жақын арада ашылар түрі көрінбейді...

Әлихан: Жасыратын несі бар, тіршілігіміздің таусылар күні таяған сияқты... Алаштың маңдайалды, кілең ұлтжанды, білімді, әр салада аса білікті, арлы да намасты азаматтарын осы жолмен барсакелмеске әкетіп жатыр... Арыстарым елінің тәуелсіздігі үшін сыртта жүріп-ақ күресері ақиқат, дегенмен мына дүрбелеңнен кейін сұрауы жоқтай «сүйектері» далада қалып, туған жердің бір уыс топырағы бұйырмаса қазақтың баласы, менің сүйегіме таңба емес пе!

Тұрар: Құлпытас қояр-қоймас басымызға,

Ол жағын уақыттың өзі білер!..

Әлихан: Қазақта елін-жерін, халқын жан жүрегімен сүйген, ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтар аз емес.

Тұрар: Үкiметтiң қара қуғын жасаған бүгінгі күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы бар. Бұл топты баулыған – Әлихан аға сізсіз деп білем.

Әлихан: Кейінгіге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс аламыз ба?.. Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс лағнет аламыз ба?.. Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемелекет болады деген үмітім кеудемде сөнген жоқ.

Тұрар: (сөйлеуге енді оқтала бергенде жандарына сау етіп екі солдат жетіп келеді)

Солдат: Тұрар Рысқұлов, сізді жедел кремльге шақыртып жатыр, бөгелместен тез жетсін дейді.

Тұрар: (сабырлы күймен Әлиханға қарап) Шақыртқан жеріне жетермін, бірақ сізді енді қайта көремін бе, жоқ па?.. Әли аға, елге қарай жолаушы болса, мына тұмарымдай сақтап жүрген туған жердің топырағын тиесілі иесіне беріп жіберме екенсіз... Мізбақпас цементке шашылып, лепірген желмен жоқ болмаса екен деген тілек қой...

Әлихан: Қасиеттім-ау, осы бір уыс топырақтай туған жерден жырақта жатсаң да, иісі қазақтың қасиетін бойыңнан ала алмапты! Алашым аман болса бір емес, мың мәрте кездесерміз әлі!



Дәулет:

Кез болған соң кер заман біздің баққа,

Жау жарағын асырып, міндік атқа.

Ел бастайтын елдерге бұл бір зор сын,

Жаңа талап, жас ұлан қарап жатпа.

Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?

Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?

Тәуекелге бел байлап, бастап топты

Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.

Бай, қайдасыңортаға малыңды сал,

Азды-көпті аямай барыңды сал.

Жаны тәтті, жақсылар, қайдасыңдар?

Мұсылманның жолында жаныңды сал.

Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?

Өлең, күйдің шебері ақындарым?

Азаматтың міндеті елді қорғау,

Төнгелі тұр басыңа күшті толғау.


Видео: Әлиханның үйі

5-көрініс. Соңғы сапар. (Мәскеу, 1937 жыл. Әлиханның тұтқынға алыну сәті)

Мәскеуде үйқамақта отыр. Пәтерге орыс тергеушілері сау етіп кіріп келеді.

Әлихан: Жолдас Сталиннің 1922 жылғы «Алашорда басшыларының совет өкіметіне қырын қарайтын және оған қарсы соғысқан бөлігінің көзін жою» туралы жоспарын жүзеге асыратын «қолайлы» мезгілі жетіп әлі келмегендіктен мені тұтқындап лагерге айдауға, не атуға жүрегі бара қоймаған тәрізді. Алдырған жері Мәскеу.

Иә, тағы да жер туралы заң қабылдағылы жатырсыңдар ау, жер туралы заң қабылдаған кезде мені түрмеге қамаушы едіңдер, содан кейін Кремельден бірақ шығарушы едіңдер. Осы жолы да соған бет алғансыңдар-ау. Бұл жолы ағындарың қатты көрінеді, бұдан құтылудың жолы қалмаған сияқты.

Тергеуші: Сіз Алашорданы білесіз бе?

Әлихан: Сіз не айтып тұрсыз? «Сіз Алашорданы білесіз бе?» дегеніңіз не өзі? Мен, Әлейхан Бөкейхан, Алаш партиясының төрағасы, Алаш өкіметінің төрағасы, Алаш саяси кеңесінің төрағасымын. Сіздерше айтқанда Алаш өкіметінің премьер-министрімін. Маған «білесің бе?» деп кекетіп сұрақ қоюға болмайды. Өйткені біз, Алашорда үкіметі, кеңес үкіметін мойындап, біздің өткеніміз ешқашан есептелмейтіндей болып, сіздердің көсемдеріңіз Ленин аралығында қол қойылған. Ленин өліп қалғаннан кейін ол сіздердің көсемдеріңіз болып есептеле ме, жоқ па? (Т: Есептеледі) Есептелсе онда оның күші сол күйінде. Ал ол аза десең ана «мұрт» әлі орында отыр. Оның қойған қолы күшінде ме? (Т: Күшінде) ендеше не туралы әңгіме болып отыр. Маған Сталиннің сол шарт бұзылды деген қағазын әкеліңіз. Әйтпесе мына сөздеріңіз бос.

Тергеуші: Алашорданың қызметі қандай?

Әлихан: Алашорданың құрылған уақытынан тарағанға дейінгі қызметі жайында мен жолдас Каширинге айтып бергенмін. Мен кеңес үкіметін жақтырмаймын, бірақ мойындаймын.

Лиза кіріп келеді: -Әке,әке (жүгіріп барып отырған жерінде құшақтай алады)

Әлихан: -Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Бұл мәдениетті кісілер, дәстүр аттамайды.

Әлихан: кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?

Тергеуші: рұқсат

Әлихан: Вася, мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат!

Әлихан: Лиза, сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барсаң-келместің» командировкасы. Лиза сен Васяның үйіне бар.

Мен дайынмын. Кеттік жігіттер.


(Әлиханды алып кетеді. Сахаға көтерілгеннен кейін тергеуші шешімді оқиды)


Видео: Ә.Бөкейхановқа шығарылған үкім туралы


Тергеуші: 1937 жыл, 27 желтоқсандағы КСРО жоғарғы соты әскер колегиясының үкімі бойынша Алаш үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов халық арасына іріткі салып «өзін-өзі автономиялық баскару идеясын таратқаны үшін, орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысып, Орта Азиядағы пантюркистік ұйымдардың басшысы Валидовпен байланыс жасағаны үшін, қылмыскер деп табылды, сондай-ақ 1927 жылы далада қарулы көтерілісті дайындау туралы мәселені талқылауға қатысты, сол үшін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58 статьясының 2, 4 және 11 тармақтарына сәйкес жасаған қылмысы бойынша ату жазасына кесілсін.


6-көрініс. Үзілмеген үміт. (Алматы, 1937 жыл. Қуғын-сүргін қорытындысы)

Офицер: Кір, баянда!

Қазақ 3: Мәскеуде Әлихан Бөкейханов, Нығмет Нұрмақов пен Нәзір Төреқұлов, Алматыда Ахмет Байтұрсынов, Омбыда Қошке Кемеңгеров атылды. Олар «отанға опасыздық жасағыны үшін, Қазақсанды СССР-ден бөліп әкетуге, сөйтіп оны шетел империализмінің колониясына айналдыруға тырысқан әрекеттері, тероршылдық істері, зиянкестік және диверсиялық жұмыстары, шетелдік шпионаж жасағын үшін» ату жазасына кесілді және үкім орындалды.

Офицер: Біз күшті болсақ, қазақтар бізге бағынады. Бірақ біздің даладағы билігіміз сəл əлсіреген жағдайда керісінше... болды. Бүгінге дейін қанша адам атылды?

Қазақ 3: тек Алматыда ғана 600-дей адам атылды. Мәселен: 1938 жылғы 15 ақпанда Қоңырқожа Қожықов атылды, 25 ақпанда атылған 39 адамның ішінде Санжар Асфендияров, Ғабдолхакім Бөкейханов, Шәкір Диваев, Сүлеймен Есқараев, Тел Жаманмұрынов, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Сейтқали Меңдешов, Ілияс Молдажанов, Хасен Нұрмұхмадов, Қабылбек Сарымолдаев, Жанайдар Садуақасов, Сәкен Сейфуллин, Жағыпар Сұлтанбеков, Қайсар Тәштитов, Нығметолла Сырғабеков, Ғаббас Тоғжанов, Мирасбек Төлепов, Зейнолла Төреғожин, 26 ақпанда атылған 37 адамның ішінде Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Асфендияр Кенжин, Сәлемхат Күленов, Сәлімгерей Қаратілеуов, Әзімбай Лекеров, Бейімбет Майлин, Асхат Сейдалин, Жұмат Шанин, 27 ақпанда атылған 41 адам ішінде Мағзұм Асанбаев, Борис Берлин, Мерғали Қаділбеков, Сабыр Қапин, Әлкей Өтекин, Зарап Темірбеков, Мұхамедияр Тұнғашин, Телжан Шонанов, 28 ақпанда атылған 40 адамның арасында Бірмұхамед Айбасов, Әшір Бүркітбаев, Оразалы Жандосов, Мұхаметқали Тәтімов, 3 наурызда атылған 38 адам ішінде Ибадолла Құлжанов, Мағазы Масанчи, Абдолла Розыбақиев, Рахым Сүгіров, 7 наурызда атылған 43 адам ішінде Нұртаза Ералин, Жұмахан Күдерин, Нұғман Манаев, 8 наурызда атылған 44 адам қатарында Әбілқайыр Досов, Атлас Кәлменов, Жақсылық Құлтасов, Хакімжан Нұрымов, 9 наурызда атылған 37 адам ішінде Әбдірахман Айсарин, Ахмет Нұралин, Шахзада Шонанова, Анас Ілиясова бар...

Офицер: (сәл езу тартып) Жаппай жазалау шарасын жарылқадық! Боссың! (кедесіне медаль алып тағып көріп, жараса ма екен дегендей айнаға қарап, қайта шешіп қояды)

Қазақ 3: (Сахнадан сәл төмен түсіп, көпшілікке қарата, қолындағы қағазын кеудесіне басып оқиды) Алашым!..Алашым!..маңдайыңа «қазақ» емес «қасірет» деп жазылған ба Арысым!.. Не күн жетті ажалыңды мақтанышпен айтатын, бір-біріңді құрбандыққа шалатын! Қайда?! әншейінде сөз бермейтін, қолындағы билігімен кердеңдейтін...(ызамен, ашумен, содан кейін дауысын сәл түсіріп) жетімін де жазықсыз жылатпаған, ата-баба аруағын ардақтаған, Қайда менің Қазағым, Не ғып отыр? Сталинның мылтығына байлап беріп, Алы Алаштың баласын!

Кешіреге гөр, кеш бізді арыстарым! Сол қазақтың бірі мен... (басын шайқап) айталмадым... Тәнімді алсадағы жансыз қылып, жүрегімді бергем жоқ... сата алмадым... Сатылмаған бейкүнә ақ жүректен туар әлі ұлы ұрпақ деп білемін. Сондықтан да сатпадым... мен сақтадым...


Сахна сыртынан:

Бір минут үнсіздікпен саяси қуғын—сүргін көріп құрбан болған асыл азаматтарды еске алайық.


О замандас, соларға бір қараңыз:
Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.
Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бір ғана біз.


Терме: Айшолпан Кебек


ІІІ бөлім. «Тәуелсіздігім- тәңірден келген тәтті сый» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған


Дәулет: Кайырлы күн –бақыты бар казағым,

Белін буған бостандық алған жаңа күн.

Қуаныштан құшағын ашқан аспанда,

Артта қалды күйзелген жан азабын.


Мадина:

О, народ мой, поведать позволь,

Как из пепла страна возраждалась,

Как, пройдя сквозь потери и боль,

Пусть с трудом, но с колен поднималась!

Как по ней реки крови текли

И как горы от стонов дрожали,

Как казахи за счастье земли,

Не страшась свою жизнь отдавали.

Умирали с надеждой в глазах,

Что их дети, а может быть, внуки

Смогут гордо сказать: «я – казах!»

И ласкать будут слух эти звуки.

Зарина:

Шарықтасын шаттығы кең даланың,

Аман ба өзі-арманы нар бабамның.

Тарихта мәңгілік қалды өшпестейін,

Елім- айлап шарасыз зарлаған үн.


Мадина:

My motherland, my dear land

Let my land be in peace.

Be happy land

Be happy people

Be joyful people of Kazakhstan.


Дәулет:

Бүгін міне-жемісі төзіміңнің,

Еркін шыққан сәті бұл өз үнімнің.

Еркіндіктің көк туы аспандаған,

Суйіншісі бүгінгі қыз-ұлыңның!


Мадина:

Kazakhstan the native land

Very because we love you

Sea, mountains dal steppe

This is my motherland


Зарина:

Уақыт жұбатады кешірімді,

Қисайған келем түзеп бесігімді

Каңшама заман өтті, бабам өтті,

Тәуелсіз арман етіп осы күнді,

Шежіре домбыраммен егіз далам

Даламнан есейді естіп аңыз балам

Ашылып үнім шықты, талаптанып,

Сүйінші,суйінші бер, елім, маған.


Мадина:

Ах, как много пришлось испытать,

Но ты гордых колен не сгибала

Я люблю тебя, Родина-Мать,

Что рабою ты все же не стала.

Суждено было сбыться мечтам,

Закалился, окреп дух народный

И из пепла восстал Казахстан

Независимый, гордый, свободный.


Дәулет:

Кемемді келдім сүйреп кайырылған,

Тағдырдың сыйын алып дайындаған

Көгімнен күнім шықты көптен күткен

Сүйінші,сүйінші бер, айым, маған

Көшімді бұрып алып басқа арнадан

Бастадым тарихымды басталмаған

Жүзіме жұлдыздардан шашу шашып

Сүйінші, сүйінші бер, аспан, маған


Мөлдір:

Айдын да шалқар, сайын далам сахарам,

Еншіме берген ен байлығымен Жасаған.

Арғысы алтын бабамыз Сақтан жалғасып,

Бергісі берен алты Алаш асыл атадан.

Арасын жалғап Алтай мен сонау Атырау,

Қорғаған бабам кең байтақ жерде осынау.

Тәуелсіздіктің атқанда таңы мүмкін бе,

Жүректе жырың, тамырда қаның тасымау.

Қорғаған елін келгенде дұшпан емініп,

Қара нар ерлер қабырғасы бүтін сөгіліп.

Зар заман сенің зобалаң салған кезіңде,

Жылаған ана жүректен запыран төгіліп.

Қадаған сұғын, қасиетіңе сенің таңданып,

Талай жау келген қару- жарағын сайланып.

Шеңгелі қанды Шыңғыс ханның да ұрпағы,

Ұлы далада қазаққа кеткен айналып.

Қазақстың жерін таныса жүз ұлт жерім деп,

Қазақтың елін сыйласа жүз ұлт елім деп.

Шаттанбассың, мақтанбассың сен қалай,

Шалқар далам, шар айна аспан, көгім деп.

Мақтан сен, қазақ, еліңмен, ата жұртыңмен,

Кездерін еске ал кер замандағы күрсінген.

Қаймана халық шекпесін қайғы-қасірет,

Көрмейік енді көзінің жасын іркілген.

Алаштың жері атадан қалған мына жер,

Біз ие бүгін, ертеңгі ұрпақ мұрагер.

Көтеріп көкке көк байрағыңды төбеңе,

Қазағым менің, салтанат мәңгі құра бер!


Айдана:

Я за тебя, Отчизна-мать,

За небо над тобою

Суровый путь готов опять

Пройти от боя к бою.

Любая дерзкая мечта

Твоих вершин не выше.

И мы от веку неспроста

Живем тобой и дышим.

Отчизна-мать!

Я знаю – это счастье

Все время чувствовать себя

Твоею малой частью.

Не мне дана ты одному,

Но с каждым днем,

Что прожит,

Твой образ сердцу моему

Все ближе и дороже.


Жарқын:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болсын келе берер!

Мерекең құтты болсын, егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер.

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.


Шырын:

Нимало на свете невиданных стран
Чудесных, богатых, красивых,
Но дорог сердцу лишь ты, Казахстан,
Давший мне жизнь и силы!
Ведь здесь проживает особый народ-
С открытой и щедрой душою
И в дни изобилья, и в годы невзгод
Мы вместе, мы рядом с тобою.
Мне дорог воздух вольных степей
Как символ свободы пьянящей!
Ты стал независим, мой Казахстан,
Как в небе орел парящий!
Так пусть твой богатый и гордый народ
Не знает ни войн, ни напастей!


Зарина:

2016 жыл – Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы. Әлихан - XX ғасырда ұлт-азаттық қозғалыспен қазақтың санасына серпін беріп, жүрегіндегі азаттықты оятып, қасиетті Тәуелсіздіктің іргетасын қайраткерлігімен қазақтың болашағына қалап кеткен тұғырлы тұлға.


Даулет:

2016 жыл –Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Бұл ең әуелі біздің жасампаз тарихымыздың бетбұрысты белесі.

Бұл – біз үшін тек мерейтойлық оқиға ғана емес, жетістігімізді де, кемшілігімізді де саралайтын, болашақты бағдарлайтын кез.

Осылайша Мәңгілік ел жолындағы алғашқы асуды бағындырып, жаңа кезеңге қадам басатын жол.


Мадина:

Каждый казахстанец вносит свой посильный вклад в процветание нашей страны. И вканун празднования двадцатипятилетия Независимости Республики Казахстан хотелось бы отметить и достижения нашего колледжа.

Слово для поздравления предоставляется руководителью колледжа


Директордың құттықтау сөзі


Ән. «Сарыжайлау» Сымбат ҚТӘ 31


Дәулет:

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты әдеби- сазды кештің қадірлі қонақтары

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

сөз кезегі беріледі.


Аяулым ҚТӘ 31

Тартса тағдыр тауқыметті азабын,

Сонда- дағы көрдік өмір ғажабын,

Бәріне де Тәубе бүгін, шүкір деп,

Майдан салар елдігі үшін қазағым!

Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын,

Елім айтқан: ер көтерер жер даңқын,

Президентім-

Аман болғай Елбасы,

Мәңгі жаса!

Мәңгі жаса өр халқым!!!

Тауымыз бар,

Таңырқатқан шыңымен,

Ұл- қызындай даламыз бар-

Ұлы, кең.

Алдарыңда басымды иіп өр халқым,

Құттықтаймын

Тәуелсіздік күнімен!!!


Жібек

Тәуелсіздік рухы биік ұлы ұғым

Ол өзегі ескі тарих жырының

Тәуелсіздік- еге болған бүгінім

Тәуелділік-жат билеген кешегім.

Тәуелсіздік-еге болған бүгінім,

Ажары айғақ түлеген жер түгінің

Азат елдің Ай дидарлы ұлының

Жел желпіді еркелетіп тұлымын.

Ең алғашқы лебіңнен күш сезілген

Мен не бердім деп сұрама өзіңнен

Жиырма жылда жүріп өткен жолыңды

Бірге жасап, көріп келем көзіммен.

Жақсы істер көп, бәрін тізу қиын-ды,

Алға басу биік мақсат түйінді

Елім бейбіт, көрші тату, ұлттар тең.

Салтанатым жарасып тұр бүгінгі.

Тәуелсіздік-бүгін өскен өркенім,

Өз елімде бақыттымын, еркемін

Өрге жүзсек серік етіп сенімді

Бүгіннен де жарқын болар ертеңім.


Гульнур:

Наш крылатый орёл, - гордый беркут степной,
И на флаге родном ты всегда золотой!
Ты под солнцем летишь высоко в небесах,
Есть решительность, смелость в отважных глазах!
Высоко над землёй ты красиво паришь,
И свободой, и силой нас в небо манишь!
Видишь степи бескрайние ты под крылом,
Сопки, снежные горы, покрытые льдом!
Видишь реки, озёра, на севере - лес,
А на юге - пустыни, Арал где воскрес!
Барса снежного видишь в высоких горах,
И смешного сурка в тех ковыльных степях!
Видишь стадо сайги, рядом стаю волков,
И балхашскую рыбу, и там рыбаков!
Видишь нефть нашу, золото, уголь и медь,
В поле море пшеницы, - собрать бы успеть!

Настя:

Табуны лошадей как пасут в Луговом,
И скалу Окжетпес видишь на Боровом!
И столицу ты видишь, - сверкает в степи!
Байтерек, Акорду, - молодой Астаны!
Ты летишь высоко, - наши степи возвысь!
Так не может никто, - прямо в солнце глядишь!
Казахстан как орёл, - гордый беркут степной,
Он стремится лишь ввысь, как к медали златой!
Казахстанцы смелей должны вверх лишь шагать,
Год за годом трудиться, чтоб жить-процветать!
Дружно здесь проживает свободный народ,
Этот Мир и Свободу орёл бережёт!
 


Яна:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра
 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Мадина:

Казахстанский народ испокон дружелюбен.

Русский, турок, казах в мире прочном живут.

На родном языке, на казахском и русском

Песни вместе поют, общий дом берегут.

Надо дальше шагнуть всей страной, всем народом.

Надо знать языки итальянцев, датчан,

Чтобы всем рассказать, как прекрасна природа,

Как талантливы люди, как богат Казахстан.

Пусть звучат в Казахстане языки всех народов!

Приезжайте к нам в гости – встретим вас и поймем.

Всем представим всоих космонавтов, поэтов,

В группу лидеров мира непременно войдем!


Айгерім:

Тілі, жері, ұрпағы үшін жан беріп,

Сыбаға боп бізге қалды бар бағы.

Билік ұстап еркіндіктің жалауын,

Қайта жақтың мәңгіліктің алауын.

өр бабасы ар – намыстан жаралған,

біз бақытты ұрпақ елміз, ағайын!

Қиындықты қара нардай көтерген,

Бабалардың аруақтары қолдай көр.

Анамыздың көз жасына шомылған,

«Еркіндігім» қыран құстай самғай бер!


Адиль:

Над страною Абая новый день настает!

Гордый барс казахстана устремился вперед!

И становится краше и милей, чем была,

Дорогая столица – город наш – Астана!

Необъятны просторы, колосятся хлеба-

Это родина наша, это наша судьба!

Наши планы огромны, Трудолюбие есть,

А залогом успеха – Сила, Молодость, Честь!

Казахстан расцветает, как природа весной!

Мир и солнце сияют над прекрасной страной!

И летят над планетой дорогие слова:

Астана-Казахстан, Казахстан-Астана...


Алтынай:

Қазақстан гүлден көркей нұрлы елім

Жүректегі ақ тілегім бұл менің

Жарқын нұрлы болашаққа айналсын

Өзіңменен өткен әрбір күндерім

Құтты болсын бақыт күнің, бақ гүлің

Сезінбеймін мен ешкімнің жаттығын

Ұзақ-ұзақ ғасырлармен жалғасқан

Тәуелсіздік – таусылмайтын тәтті ұғым!

Қазақстан-туған жері дананың

Туған жері періштелі баланың

Сенде туып, сенде өсіп көктедің

Құшағында Отан деген ананың.

Қазақстан-жазса бітпес дастаным

Тек өзіңсің айтылатын басты әнім

Заманыма келе жатыр сай болып

Білімді де жаңа заман жастарың.

Қазақстан көркейе бер, ұлы елім

Мақтанышым тек өзің деп білемін

Бар әлемге тек өзің паш етем

Сен деп соғар, сен деп соғар жүрегім!


Би. Би тобы


Мадина: Слово для поздравления и подведения итогов предоставляется организатору мероприятия


Ән «Атамекен» Алишер ДШ 31


Мадина:

This unique state as Kazakhstan, is no longer anywhere in the world. We are proud of Kazakhstan and hope it will have a great future.


Зарина:
Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Мадина: Будущее Казахстанав наших руках! Нам есть чем гордиться! Так давайте достойно нести знамя нашей страны!

Дәулет:

Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!






16