«Екі жұлдыз» ән байқауы.
Фанфары ойналады
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ән сүйер қауым! Тәуелсіздіктің 25 жыл мерей тойына орай ұйымдастырылып отырған Ауылымыздағы,мектебіміздегі ең ауқымды,жоғары деңгейлі,ең үздік жоба «Екі жұлдыздың» I кезеңіне қош келдіңіздер! Байқап отырғандарыңыздай қатысушыларымыз жұптасып өнер көрсетеді,менде жалғыз емеспін,ендеше моестро!
(Жігіттер биімен шоу орындалады)
Бұл Мағзумов Нұрбек Серікұлы!
2 - жүргізуші: Кеш жарық ханымдар мен мырзалар!
Осы жобаны ұйымдастырушы,Кешіміздің әдемі жүргізушісі Айсұлуууууу Исатаааайқызы!
(көрермендерге қарап) Шоуымызды не істейміііізззз?!
1 - жүргізуші: Кешіміздің құрметті қонақтары,әділ төрешілерімізбен таныс болыңыздар:
Әйелдер қауымдастығының жетекшісі,ардагер ұстазымыз-Айболатова Жамила Айболатқызы
2 - жүргізуші: «Асыл әжелер» ансамбльінің беделді мүшесі,өнер жанашыры- Базартаева Бақыт Уахитқызы
1 - жүргізуші: Мәдениет үйінің директоры- Шоқан Қадерұлы
2 - Жүргізуші: Мәдениет үйінің әдіскері-Айтмағанбетова Гүлсезім Ермұханқызы
1 - жүргізуші: Ата-аналар коммитетінің төрайымы- Әліпқалиева Гүлдана Қалиқызы
2 – жүргізуші: Ендеше, байқау шарттары мен талаптарына назар аударыңыздар!
жүргізуші: Жоба үш кезеңді қамтиды.
I кезең «Жұлдызды сәт» ( қатысушылар өз деңгейінде,өз мүмкіншіліктері бойынша қалаған әндерін орындайды)
II кезең «Ана, мен сені меккеге апарамын...» (Аналар,әжелер, жалпы нәзік жанды аруларға арналған әндер орындау керек)
III кезең «Әсем ән,шебер орындаушы» (басқа тілде танымал әндерді орындау. Мысалы,танымал фильмдердің саундтректерін(үнді фильмдерінен т.б), 80-90 жылдардағы әндер және т.б)
2 - жүргізуші: Байқау шарттары:
Әнді жанды дауыста орындау.
Сахна мәдениетін сақтау.
Сахналық киім.
Жоғары деңгейде дайындық
1 - жүргізуші:
Байқау ережесі:
Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықшылығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер тапсырма бойынша ән орындап, түрлі талаптарға сай өнер көрсете отырып, алуан түрлі образдарға енеді. Әр кезеңге қатысушыларымыз апта бойы дайындала алады,яғни әр кезең аралығы бір аптадай уақытқа созылады.
Қатысушылар: Ұзтаздар мен оқушылардан құралған жұп болуы шарт.
Қатысушылар есіне: Ән мазмұнына қарай сахналық қойылым,би немесе слайдпен шоу жасауды
ұсынамыз!(міндетті емес)
2 - жүргізуші: қатысушы бағалау әділқазылар алқасына жүктеледі 3және 5 сандары аралығында бағаланады әділқазылар беретін ең жоғары баға-25
Барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін бағаларын сұрайтын боламыз.өздеріңіз бақылап,жазып отырарсыздар.
1 - жүргізуші: иә,Нұрбек сонымен қатар көрермен де дауыс бере алады. Көрерменнің жоғары ұпайы 25. Әр қатысушының жинаған дауысын біз 2,5 ке бөліп отырамыз. Мысалы 25 дауыс10 ұпай, 24 дауыс жинаған жағдайда 9,6 ұпай және сол сияқты
2- жүргізуші: Ендеше сөз кезегі мектеп директоры Ақылбек Апальченұлы Кусаиновқа беріледі.
1 - жүргізуші: Олай болса Нұрбек мен саған бір ерекше сұрақ қояйын...
-Бірге нол қосқанда неше болады?
-бір
-ал бірді нолге көбейткенде ше?
-ноль болады
-Дұрыс,мен неге бұл сұрақтарды қойып тұрмын,өйткені қазіргі жұбымыздың бірі сандар ғылымының педогогы,матиматикалық амалдар арқылы бар жасайтын,жоқ жасайтын,шексіз жасайтын адам
-Жеңіс Ермекұлы ма?
-Жоооқ егер Жеңіс ағай болса ол кісі сандарға ән айтқызады ғой,ал бұл адам ән айтып отырып есеп шығарады
-ммм онда ол- Зауреш Салімгерейқызы болар
-өте дұрыс Оның жұбы биші әрі әнші талантты қыздарыңыз Алтынғаным Исатайқызы
-Ендеше «Атамекен» әнімен сахна төріне шақырамыз!
2 - жүргізуші: (1 жұпқа сұрақ) ән керемет орындалды. Өз көңілдеріңізден шықты ма?
1 - жүргізуші: рахмеет!
Енді Нұрбек мені жақсылаап тыңда қазір сахнаға шығатын жұптың бірі басқа елдің адамы
-сонда қалай?
-Қазақстан азаматы болғанымен ағылшын тілі маманы...Ағылшын тілі маманы болғанымен , дене шынықтыру пәні мұғалімінің мамандығында меңгерген
ол сонымен қатар әнді жақсы айтады, биді жақсы билейтін , машинаны жақсы жүргізетін,қысқасы сегіз қырлы, бір сырлы
-Айсұлу Исатайқызы мен тауып алдым сіз маған жеңіл сұрақтар қойып жатсыз. Әрине Мақсат Нұрболатұлы ғой, оның жұбын мен айтайын ол өте қарапайым, сабырлы мінезді,инабатты қазақтың қызы Ақерке Ерболқызы
- Керемееет! Ендеше «Мереке» әнімен екінші жұбымызды қарсы алайық!
2 - жүргізуші:
Әнді кім таңдады? Ән тандау барысында қандай қиындықтар болды?
1 - жүргізуші:
-Нұрбек менің жұмбақтарым бүгін бітпек емес,ендеше тыңда бұл жұптың бірі алғаш еңбек жолын физика тілінде сөйлеуден бастаған
-Массаған ондай тіл бола ма?
-Болады,болғанда қандай? Мектептегі іс жүргізушінің тілімен жалғастырған тіпті
Басқа тілде де сөйлеген адам
-Тауып алдым ол орыс тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Қайырғалиқызы ғой солай ма?
-Өте дұрыс ендеше шақырайық сахнада Айгүл Қайырғалиқызы және білімді,адемі әнші қыздарыңыз Назерке Манарбекқызы «Егіз лебіз» әнімен
2 - жүргізуші: Әннің авторларын атап өтсеңіз?
-Келесі жұбымыздың бірі олда қазақ тілінің жас маманы,есімі жер ғаламшарының көркімен басталатын
-тауып алыдым Гүлнұр Ерболатқызы
-керемет сен өзі тапқыр болдың ғой
- оның жұбы ән десе,өнер десе ішкен асын жерге қоятын Бақдаулет Талғатұлы
- «Сенім шырағы» әнімен
1 - жүргізуші:
Бұл жоба сіздерді несімен қызықтыра алды?
2 - жүргізуші:
-ол үйленген,бір қызы бар
- Үйленген,бір қызы бар адамдар көп емес пе,барлығы шыға ма сонда?
- Жоқ,ол кісі туралы тағы не айтсам екен,оқушыларды жақсы көреді ,футбол үйірмесінің жетекшісі ммм.....
- мен айтайыншы, Айсұлу Истайқызы Ол кісі «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды шоуын өткізген олллл Нұрбееек Максиимұлы!
- алл,оның жұбы туралы не айтасың?
-ол географияны сүйіп оқитын, «олимпиада 2016» жүлдегері..
- Иә,иә ол 10-сынып оқушысы Аяжан Біржанқызы
- Олай болса,сахнадааа Нұобек Максимұлы және Аяжан Біржанқызын Қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші:
Ән таңдауда неге көңіл бөлдіңіздер?!
1 - жүргізуші:
-Өзі кішілеу болғанымен,ән айтқанда дауысы зор,қазақтың қызы,Бостандықтың келіні
- қазақ тілінің әншісі болса Жаңылсын апай шығар
-дұрыс ал оның жұбы сабаққа алғыр,биді де,әнді де жақсы көретін ұлдарыңыз Нұрбеееек Мақсатұлы!
2 - жүргізуші:
Еліміздегі қай әншілерді сүйіп тыңдайсыздар?
1 - жүргізуші:
-Өсімдіктер әлемінің маманы,бір өзінің бір есімі,екі адамның есімінен құралған,бір бөлігі-орысша айтатын болсақ «счастье» деп айтуға болады
- екінші бөлігін айтқанда Бақытжамал Қазкейқызын айтып тұрсыз ғой солай ма?
-өте дұрыс. Оның жұбы өзінің көршісінің қызы ( 2 жүргізуші ыңылдап... көршінің қызы керемет еді..)
- ия 10 сынып оқушысы Айзада Қайратқызы. Ендеше ду қол шапалақпен қарсы алайық.
-олай болса қошеметпен сахнаға шақырайық «Қос бәйтерегім» әнімен
2 - жүргізуші: Әннен басқа тағы неге әуестенесіздер?
-Енді Айсұлу Исатайқызы келесі жұпты мен айтайын. Ол кісі физика құралдарына жан бітірген.
-Әрине Жұмабек Нағымұлы ғой.
-иә,ал оның жұбы білімде озат,дауысы зор қазақтың нағыз батыр қыздарын бейнелейтін Тоғжан Манарбекқызы
-Ендеше 8 жұбымызды «Балдәурен» әнімен сахна төріне шақырайық!
2 - жүргізуші:
Керемет орындау,алдағы «Екі жұлдыз» жобасында сіздерден не күтеміз,қалай таңқалдырар едіңіздер?
1 - жүргізуші:
-Ендігі жұбымыздың бірі алғаш боп мектеп табалдырығын аттаған кезде қарсы алатын ұстаз
-Дайындық сыныбының мұғалімі ме?
-Дұрыс
-Бірақ олар бізде екеу ғой
-иә,бірақ ол кәсіби әнші болмаса да,кәсіби әншілермен нық тіресіп жүрген мұғалімдердің бірі
-Ол Венера Қасымқызы
- дұрыс қасындағы жұбы салмақты,қоңыр дауысты ұлдарыңыз Нұржан Әбілсалімұлы
-Қарсы алыңыздар «Қоғалай» әнімен.
1 - жүргізуші:
Қанша жастарыңыздан бастап ән айтып жүрсіздер?
1 - жүргізуші:
-Келесі жұбымызды ортадан көру үшін,оның аты ерекше,ханым деп аяқталады,асханаға жолдарыңыз түсіп жатса соғып қолынан су ішіп,шай ішіп,мейірлеріңді қандырасыңдар.
-иә,иә,ол,ол-Нәсіпханым
-оның жұбы әдемі,дауысы да әсем жан-жақты қыздарыңыз Аяна Мақсотқызы.
2 - жүргізуші:
Киімді кім таңдады?
1 - жүргізуші:
Келесі жұбымыз өзі әнші,өзі бастауыш сынып мұғалімі,сахнадан табылып жүрген Мадина Қыдырғалиқызы
-және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген Санжар Тілепбергенұлын «Кешікпей келем деп ең» әнімен қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші: Бойларыңыздағы әншілік өнер кімнен дарыды?
1 - жүргізуші: Ендеше әділқазылардан бағаларын сұрасақ
2 - жүргізуші: бірінші жұптың бағалары
1 - жүргізуші: Дәл қазір көрермендер дауысын ашық деп жариялаймыз! Қолдарыңыздағы билеттің дауыс беремін деген жеріне жұптардың реттік номерін немесе аты.жөнін жазып,Әр жерде орнатылған жәшіктерге саласыздар,қаламдар жәшіктердің жанында орнатылған
2 - жүргізуші:
Ендеше дауыстарды есептеу