Даланың дара ұстазы. 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тәрбие сағаты







Тақырыбы:

Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин 







5 «А» сынып жетекшici

Таскараева Сафаргул Ахшабековна

Мерзімі: 30.04.2016 ж

Уақыты: 1600


Тақырыбы: Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин 
Мақсаты: 1. Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына 
мектептер ашқан алғашқы ағартушы ұстаз екендігі жөнінде 
түсінік беруЫбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің 
жағдайын салыстыра отырып көрсету. 
2.Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір 
жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру 
қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл 
байлығын дамыту. 
3. Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, 
ізденімпаз етіп тәрбиелеу.білімді болуға, ұлы адамдарды 
құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: презентация 
Түрі: аралас ( музыкалық монтаж, сахналау) 
Өту барысы: 
І
. Ұйымдастыру кезеңі (музыка ойнап тұрады) 
Қоңыраудың үні естіледі 
Мұғалім: 
-Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім? 
-Ыбырай Алтынсарин 
-Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Ыбырай атамызға 170 жыл толуына байланысты болады. Оқушылар өздерінің алғаш мектепке келген күндерін, алғашөы қоңырау мерекесін естеріне түсіріп, Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебін салыстыра отырып өз ойларын ортаға салады. 
Мұғалімнің оқуы 
Оқушылардың әдеби-музыкалық монтажы 
II. Кіріспе әңгіме Автормен таныстыру

 


III. Поэзия минуты. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айту. 
«Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады 
Кең далаға жар салды, 
Ыбырай ата күлімдеп, 
Әр баланы қарсы алды. 
«Кел, балалар оқылық! 
Оқымасаң білім жоқ 
Қаласыңдар өкініп,- 
Деп тұрғандай күбірлеп 
«Өнер-білім бар жұрттар», «Бұл кім», «Өсиет», «Өзен» 
IV.  Дамытушылық тапсырма. Ы.Алтынсарин кім? 
Тұңғыш ағартушы

Аудармашы Дала жұлдызы

Ыбырай

Жазушы 
V. Қорытынды 
«Ы. Алтынсарин – қазақ даласының жарық жұлдызы» талқылау, пікірлесу. 
Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебін салыстыра отырып қорытындылау