2-ші кіші «Сиқырлы күз» атты мерекелік ертеңгіліктің сценарийсі.
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орман корінісімен безендірілген залға кіреді.
Қатынасатын кейіпкерлер: Жүргізуші,Күн мен Жер және Алтын күз.
Жүргізуші: Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.
Жүргізуші: Дұрыс балалар.
1 – бала: Алтын, сары, қызыл, көк – Көк майсалы көрікті
Алуан – алуан жапырақ. Алқаптағы көп елік
Күзгі бақта күлімдеп, Бұл күндері киікті
Көз тартады атырап. Сары жібек көйлегін
2 – бала: Күн шуаққа маужырап, Ой, балалар , балалар
Жатыр еді атырап Қоңырқай күз болыпты
Ағаштардан жамырап Құлап жапырақ солыпты
Ұшты кенет жапырақ.
3 – бала: О, алақай тамаша! Ой, балалар, балалар
Шашу шашты жапырақ, Ел егінін орыпты
Бақтың іші алаша, Қамбалары толыпты.
Аунар ма едім, жатып ап?!
Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф... үрлейді) Енді балалар « Күз келгенде» әнін орындап берейік. (Орындарына отырады)
Как красиво в нашем зале
Всех на праздник мы позвали.
Будем в гости Осень ждать,
С нею петь, плясать, играть.
Каждый листик золотой –
Маленькое солнышко.
Соберу в корзину я,
Положу на донышко.
Мы –листочки, мы –листочки.
Мы –осенние листочки.
Мы на веточках сидели,
Ветер дунул –полетели.
Ал енді қолымызға бір – бір жапырақ алып «Күзгі жапырактар» биін орындап берейік.
Би: «Жапырақтар»
(Билеп болғаннан кейін қыздар жапырақтарды жерге жашып кетеді. Оларды ұлдар жинайды. Көп жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі)
Ойын: «Кім жапырақты көп жинайды»
Жүргізуші: Балалар, тыңдап көрейікші, орман бізге не деп жатыр екен? (тыңдайды)
Әдемі Алтын күз
Таң атпай тұрыпты
Ойқастап жүріпті
Жан – жаққа қарапты
Жапырақтарын тарапты, - бізге келе жатқан кім екен?
Залға Күн кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен де бүгін әдемімін, қараңдаршы (әрі – бері жүреді)
Жүргізуші: - Балалар, бізге Алтын күз келе жатыртыр деп ойласақ,ал бізге Күн келді , балалар күн әдемі ме?
Балалар: - Иә, әдемі!
Күн: Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?
Күн: - Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады
( балалар аяқтарын қаттырақ топылдатады , тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).
«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.
Жүргізуші: Күн, біз жаңбыр туралы ән де білеміз. Тыңдағың келе ме?
Күн: Әрине.
Ән: «Жаңбыр»
Күн: Ой, балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.
1-бала: Күз келді, келді күз,
Бүгін мейрам, алақай!
Көңілді әніміз
Шырқайық бәріміз.
2-бала: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Енді біздің қыздарымыз «Қол шатыр» биін билеп берсін.
Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме?
Залға Жер келеді:
Жүргізуші: жер ана, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздің балалар сізге би билеп бергісі келіп тұр.
Жер: сендер сондай кішкентайсыңдар, билей аласыңдар ма?
Балалар «Би билегім келеді» әніне билеп береді.
Жер: Ой, жарайсыңдар, кішкентайлар!
Залға Алтын күз келеді:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілдісіңдер?
Жүргізуші: Алтын күз, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.
Алтын күз: Балалар маған сендердің көмектерің керек. Менің пісіп жетілген жеміс –жидек, көкеністерім кім пайдала, кім дәмді деп дауласып келеді көмектеніңдер!
"Көкеністер дауы". Көрініс.
КӨКӨНІСТЕР: (бәрі бірге)
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
1. БҰРШАҚ:
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
2. ҚЫЗЫЛША: ызыланған қызылша қып-қызыл болып қалыпты.
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
3. ҚЫРЫҚҚАБАТ:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
4. ҚИЯР:
Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
5. ШАЛҚАН:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!
6. СӘБІЗ:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
7. ҚЫЗАНАҚ:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
8. ПИЯЗ:
Боламын мен демеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға!
9. КАРТОП:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
КӨКӨНІСТЕР: (бәрі бірге)
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
10. МЕДБИКЕ-БАЛА:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріндер!
Алтын күз: Рахмет саған медбике бала, сонымен қатар мен сендерге ойын ойнауға жеміс -жидектер алып келдім. Кім тез жинайды екен?
Ойын: «Кім шапшаң?» деп аталады.
Күн мен Жер: Алтын күз, осы сені неге Алтын күз деп атайды?
Алтын күз: Соны да білмейсің бе? Мен Алтынға толымын ғой. Сондықтан мен алтын күз атандым.
Күн мен Жер: Ой Алтын күз, мақтанба. Сен менен де тез озып кетем деп ойлайсың ба?
Алтын күз: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.
( Күн мен Жер ана қуады, жете алмайды).
Күн мен Жер: Алтын күз, сен расында жеткізбейді екенсің.
Күн мен Жер: Бүгін біздер ойнадық та
Ән салдық та, биледік
Қоштасатын кез де келді
Біздер енді кетейік.
Күн мен Жер: Сау болыңыздар, балалар!
Алтын күз: Балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Алтын күз» , - деп те атайды
Жүргізуші: Күз арқылы білеміз
Жомарттықтың салтын біз
Біз өзіңді сүйеміз,
Балалар: Рахмет саған алтын күз!
Ән: « Алтын күз не береді»
Күз: Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары, әдемі орамалды тауып алдым. Бұл сиқырлы орамал. Осы орамалмен ойын ойнайықшы.
Ойын: «Сиқырлы орамал» (балалар бірге қайталайды)
Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
(Ойынның соңында орамал астына алма салынған кәрзеңке қояды)
Кәрзеңкенің бетін жапырақтар жауып тұрады.Ал жапырақ астынан алма шығады. Күз балаларға алма үлестіреді. Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.Ертеңгілік аяқталады.