Біз қазақша сөйлейміз.
(мектепшілік іс-шара)
Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.
Көрнекілігі: слаид, интерактивті тақтаны қолдану, музыка, кабинетті қанатты сөздермен безендіру.
Құрметті ұстаздар! Тілдер мерекесіне орай өзге ұлт ұстаздарымен өткізіліп отырған «Біз қазақша сөйлейміз» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Армысыңдар, мектебімнің ұстаздары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін осы кеш ашылады
Сіздер үшін ұстаздарымыз өз өнерін ортаға салады.
Ұстаздар өнерін қазақ тілінде таныстырады.
«Тіл білгірі» бүгін басталады
Білгірлерді, жұртшылық, қарсы алайық!
Көшбасшысы тілдердің- қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық.
Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан теңіз жоқ – дегендей қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқуға дайындалып келген ұстаздарымызға сөз берейік.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті әнге берейік.
Ш.Қалдаяқов. «Арыс жағасында»
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой»
Интерактивті тақтада көрсетілген суреттердің атауын тез ойлап, жазып шығу.
«Мақал-сөздің мәйегі»- дегендей берілген мақалдардың баламасын тауып орнына қою.
Әр ұстаз өзіне берілген қазақша іс қағаздарын оқып, аударып, қазақша қалай аталатынын табу. (өтініш, сенімхат, хаттама, мінездеме, хабарландыру,т.б)
Көңіл-күйің қалай? / Смайлик арқылы сабақтан соңғы көңіл-күйлерін білдіру/
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білгені жөн болар.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.