Тәрбие сағатының тақырыбы: Бастауышым балбұлағым–Алдым сенен білім нәрін
Тәрбие сағатының мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып, сәт-сапар тілеу.Білім ордасы-мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.
Мұғалімніңсөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңы оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!
Оқу елге керекпе
Керексізбе?
Болды дау....
Сар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау.
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауыболатын
Жарық етті әлемді,
Қараңғы еді дала тым
Жырын жаттап жатамыз.
Жалықпастан қыс - жазы.
[link] і, жыр кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
Біздіболашаққане бастайды?
Хормен:
Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата - ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам,
Ардақтап сізді өтем деп.
ІІ. Ұстаздарға,аналарға арнау
1 - оқушы:
Әріп сырын үйреткен,
Шын көңілмен, жүрекпен.
Ардақ апай керемет,
Сабақ берген біздерге.
2 - оқушы:
Сара апай орыс тілін танытқан,
Ойландырып ой - сананы дамытқан,
Баршаңызға тілеріміз жақсылық,
Арналады өлең атты шабыттан.
3 - оқушы:
Ақылшым – асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қамқор боп қалам ұштадың.
Торғай апай салмақты,
Түрлі дизайн үйреткен
4 - оқушы:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
(Армандастар - құрдастар ) әні хор
«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Ғылымаға, бізпәндерсізденбірдаудыңтөрелігінсұрайкелдік.
Ғылым: Ендешебаяндаңдар.
Математика: - Қымбаттымәртебелім, өмірдеменіңорнымерекше. Өйткеніадамбаласынакерегі мен. Мен есепболмасам, адамдарсағатты, сауданыт. б. ғылымдаресебінқалайесептейді?
Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.
Қазақ тілі: Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар.
Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!
«Өрмекшінің өрмегі» өре отырып қазақ тілі пәнінен сұрақ жауаптар.
«Қара жәшік» арқылы математика пәнінен сұрақ жауаптар.
«Қарлы кесек»арқылы дүниетану пәнінен сұрақ жауаптар.
III. Концерттіқ бағдарлама :
1. «Пираты» биі
2.«Қазақ биі»
3.«Үнді» биі
4. «Вальс» биі
Құттықтау сөздер:
Сөз кезегі мектеп директоры: А.К.Жаныгуловаға, оқу ісінің меңгерушісі Э,Е.Базылбаеваға беріледі.
Сөз кезегі ардақты ата - аналарымызға береміз.