Қариясын қастерлеген – ел ардақты.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Қариясын қастерлеген – ел ардақты.


Мақсаты:

а) Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

ә) Тәрбиелілік: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

б) Дамытушылық: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой


Сәлеметсіздер ме! Балалар мен ата-әкелер. Қане барлығымыз қолымызды жүрек тұсына қойып, ҚР әнұранын айтайық.

2:Тәрбие сағатын бастамас бұрын сөз кезегі мектебіміздің директоры Нұртаев Санат мырзаға сөз кезегін береміз.

1: Жүз дейміз-ау!

Сөз болып па со-дағы!

Тек сол үшін жазбас едім оданы

Қария ма!

Қария ол қартаймас жас жүрекпен дана бастың одағы - деп

Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді.

2: Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп,келе жатқан жастардың міндеті.Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап бүгінгі тәрбие сағатымызды "Қариясын қастерлеген ел ардақты"- деген тақырыпта өтеді.

1: Шашу шашу шашайық,

Күй сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойда, биден шашу шашайық

Алдарыңызда қамажай биі

1: Қане балалар қария деген кім? Әже деген кім болады ендеше?

Бұрында қарияларды біздің ата-бабаларымыз қалай құрметтеп, сыйлаған?

Қазіргі таңда қариялары бар үйлерді қалай атайды?

Ендеше өз ата-әжелеріміз туралы жеке-жеке слайд шоу көрсетеміз.

2: Қарт кісіні құт-береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі, ұрпақ құрметеген ата-әжелер әр кезде де бақытты. Біздің ата-әжелерімізге арнап жаттаған өлең жолдарын тыңдаңыздар

Ұлболсын, Ислам. Жібек, Жасұлан.

1: Кәріліктің өзінің сәні-мәні бар. Ата-анаға не істесең , алдыңа сол қайтады. Дүние алма кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен де ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларыңда қартайғанда өзіңді аялап күтіп бағып қағатын болады. Сондықтан жас кезімізде ата-аналарымызды аялап қарайық.

2:Халқымыздың тәлім -тәрбиесі ақ әже сүті, аталар өсиеті , ақылымен берісіп, өзіндік қасиеттерімізді қалыптастырукөзделген.

1: Бұрынғы ата-әжелеріміз домбыраны қастерлеген. Айтысып, шешен болған.Домбыраның шегін тартқан Мереке қызымыздың күйін тыңдай отырыңыздар.

1: Қазақтың айтулы ақыны: М.Мақатаев

Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар

Ұрпағына не айтсаң, артта қалар

О, тірі шежірелер, қалдырыңдар

Қане нелерің бар салтқа , жарар- деп жырлағандай , қазақ отбасында ұрпағына ұлттық тәрбие беретін ата мен әженің орны қашанда ерекше саналған. Әжелеріміз ертегі, аңыздар, жыр дастандарынайтып, немере, шөберелерін рухани жағынан сусындатса, аталарымыз ақ батасын беріп, өсиет- насихаттарын айтып отырған.

2:Мәселен, Балғажа би мен Зередей зерек әкесінің ертегі-аңыздарын , жыр дастандарын тыңдап, тәрбиесін алып өскен Ыбырай мен Абай аталарымыз да қазақтың ұлы тұлғаларына айналды. Осындай оқиғалардан ақ ата мен әженің тәлім тәрбиесіналған сіздің балаларыңыздың да күні ертең еліне елеулі , халқына қалаулы жақсы азамат болмасына кім кепіл.

Жораева Рәзияның орындауында «Асыл әжем» әні

1: Ата елдің , отбасының ақылшысы, батагөй, әрі қамқоршы болса, ақ жаулықты әжелеріміз отбасы мен ағайын туыс, ел-жұрттың амандығын, тілеу тілеп, халықтың салт-дәстүрімізді ұлдары мен қыздарымызға ұғындырып, үлгі -өнеге көрсететін жандар. Тіпті халықтың дәстүр бойынша ақсақал қариясы бар ауылға келген қонақтар алдымен сол ауылдың қариялардың қолын алып, баталарын алуды азаматтық борыш деп санаған

2:Келін ененің із басар шәкірті. Ене мен келін тату-тәтті, сыйласып өмір сүреді. Көргені мол қайын ене, инабатты келін-отбасының құт-берекесі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын осындай дәстүрлер мен ізгі мұраттар, адамды өзара түсіністікке тәрбиелейтін, сүйіспеншілікке тек ынтымақты отбасына ғана бастау алады.

1: Қане балалар ойын ойнайық. Мақал жалғастыр. Ойын шарты мен мақалдың басын айтамын ал сіздер жалғастырасыздар.

1: Қарты бар үйдің ----------------қазынасы бар

2:Ауылыңда қария болса ----------------

1:Ата кәсібі-------------- бала кәсібі

2: Аталар сөзі-------------ақылдың сөзі

1:Көп жасаған қарт білер

2:Ата баланың --------- қорғанысы

1:Атадан бәйтерек ------------ баладан жапырақ

2:Ата жолы-------Бала жолы

1:Атадан өсиет-----------әкеден қасиет

2;Кәрі кәрінің---- сөзі дәрі

1:Өткен менен кеткенді

2: Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің жоқ па? Себебі қазіргі заманда ішімдікке салыну темекі шегу деген сияқты нашарқорлық, алкагольдар өте көп. Олар адамның өмірін қартайтады. Бұрынғы замандағы ата-бабаларымызды қараңдаршы өте денсаулықтары мықты, керемет болған не үшін деп ойлайсыңдар балалар?

Аманбай Мейрамбектің орындауында Ата,Әже әнің қарсы алыңыздар.

1: Қазақтар түрік тілдес болған . Олар түркілердің тароған, түріктер мен қазақтардың бауырластық тарихи тамыры тереңде жатқаны барша ел жұртқы аян. Қазақ пен түріктің қаны да жаны да бір ұлыс ретінде таныған түрік.Сол үшін алдарыңызда түрік биін көріңіздер.

2: Ертерек ата-әкенің тәрбиесін көрмей өскен бала кемде-кем. Сондықтан болар оларды "көрегенде бала" ,"тәрбиелі бала" аталатын. Ата-әженің тәрбиесін алған баланың бойынан үлкен-кішіге деген құрмет мейірім, имандылық, рухани тәрбиені ашық көруге болады.

1: Атам қазақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жетім жесірін жылатпаған. Бүгінгі таңда үйіндегі қаракөздер мен қарттар үйіндегі ақжаулықта аналар мен ақсақалды қариялардың саны өсу үстінде. Абай оныншы қара сөзінде «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? өлсем арнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын» дейді.

Көрініс қарттар үйі.

2: «Мұхаммед Пайғамбардың хадисінде Ата анасын ренжіткендерді Алла Тағала жақсы көрмейді» дейді. Барлығымыздың да анамыз бар. Аналарымыздың анасы да бар. Сол кісілерді анамыздай көріп сыйлау қажет.

1: Қазақ қариясын құрметтеген халық. Ауылыңда қартың болса жазып қойған хатпен тең дегендей ата болған кісілерді Ақсақал деп құрметтеп төрдең орын берген. Олардың батасын алмай ешнарсе істемеген.

Бата Ерқанат немесе Жібектің әжесі.

Сабағымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конусбекова Мадина Кемелбекқызына сөз кезегін береміз.