Баяндама құқықтық тәрбие беру заман талабы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жақсыбаева М.С.

Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейі


Бас бостандығынан айрылғандар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.

Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру,адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу,ауырлатылған мән-жайларда мәйтті немесе олардық көмілген жерлерін қорлау,көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Сонғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады. Келешек ұрпақтың осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу үшін оқушылар мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 116 «2009-2011 жылдарға арналған азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықты түсіндіру жұмысы бойынша бағдарламалар туралы» қаулысына және 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының құқықтық саяси концепцияларының ережелерін іске асыру.

Құқықтық жалпы оқытудың мақсаты – оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың саяси белсенділіктерін және жалпы құықықтық мәдениеттерін арттыру; Мемлекет Басшысының 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау.

1-4 сынып оқушылары үшін:

- Қазақстан Республикасының Заңы туралы, Конституциясы туралы бастапқы білімін қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, мінез-құлық этикаларын қалыптастыруға көмектесу;

5-9 сынып оқушылары үшін:

- құқықтық білімдерін жүйелеу, заңгерлік сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге оқушыларды дағдыландыру;

10-11 сынып оқушылары үшін:

- тереңдетілген құықтық білімдерді меңгеруге мүмкіндік туғызу және лайықты өмір салты дағдыларын қалыптастыру: құқықтар мен міндеттер тұтастығы ұстанымын оқушылардың санасына жеткізу.

Құқықтық жалпы оқыту қоғамдық пән мұғалімдерінің жетекшілігімен ақпараттық- насихаттық лекторлық топтарымен жүзеге асырылады.

Ата-аналарға арналған құқықтық жалпы оқыту бағдарламасына тоқталсам:

1- тоқсан: А) Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бастапқылары (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақ- тың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауынан).

Б) Қазақстан Республикасының 13.08.2002 жылғы «Бала құқықтары туралы» Заңы.

Өмірдегі бала құқығы, жеке бостандығы, адамгершілік құндылықтарына қол сұқпау.

Отбасындағы баланың мүліктік құқығы. Ата-аналар - қоғам- дағы бала қызығушылықтары- ның негізгі өкілдері.

2-тоқсан: «Отбасы, мектеп, қоғам – қоғам игілігі үшін өзара іс-әрекет» отбасыларының рухани-құқықтық негіздері. Әр күнге ереже. Баланың құқықтық қабілеттелігі және құқықтық қабілетсіздігі.

3- тоқсан: Отбасындағы салауатты өмір салты. Салауатты өмір салтын құқықтық қорғау.

Қазақстан Республикасының «Шылым шегуге қарсы күрес туралы», «ЖИТС аурының алдын алу туралы», «Алкоголь- ге қарсы күрес туралы» Заңы. Зиянды әдеттердің алдын алу.Отбасының дәстүрлері.

4- тоқсан: Қазақстан Республикасының Әкімшілік, Азаматтық қылмыс- тық кодекстері: кәмелетке толмағандардың құқық бұзу- шылықтары туралы.

Зорлық, соғыс, қатыгездік насихаттарынан бала құқықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасының «Отбасындағы неке туралы» Заңы.

Қорытынды сабақтар мамандар- ды шақырумен «Дөңгелек үстел»: заңгерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қорғау органдары- ның қызметкерлері, нарколог, инфекциялық дәрігерлер.