Сыныптан тыс шара Тәрбие сағаты Астана

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Астана –қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».
Түрі:әңгімелеу.
Мақсаты:
1. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін арттыру, ой-өрістерін дамыту.
3. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, бүктеме, газет-журналдар, оқушы шығармалары.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын тәрбие сағатына аудару.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мұғалім түсіндірмесі:Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Президент Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары - Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерде жүзеге асырылды.

Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын аса маңызды әуе, автомобиль және темір жолдар торабында жатыр.
Бүгінгі таңда он жасқа толған елордамыз Астана қаласы жылдан-жылға гүлденіп келеді. Биік-биік зәулім ғимараттары, кең түзу даңғылдары мен көшелері көздің жауын алатын сұлу шаһарды көрген де арманда, көрмеген де арманда!

2.Бұрынғы Астана
га шолу.
Астана алғашында бекініс ретінде бой көтерген. 19-ғасырдың басында Ресей Орта жүз қазақтарының жеріне кіріп, билік жүргізе бастады. Жаңа жерлерді бағындырып ұстаудың басты амалы - бекініс шептерін құру еді. 1830 жылы орыс әскерлері Нұра өзенінің бойындағы Ақмола деген жерге келіп тоқтайды. Бірақ бұл жер елді мекен салуға қолайлы болмай шықты. Өйткені тап осы жерде Нұра мен Есіл өзендері бір-біріне жақындап келетіндіктен көктемде екі өзеннің тасыған суы маңайды телегей-теңіз етіп басып кетеді екен. Сондықтан бекініс орны Есілдің оң жағалауына, Қараөткел деген жерге ауыстырылды. Бірақ бекініс сол бұрынғы атымен Ақмола деп аталатын болды.

Бекіністің түрлі жолдар торабындағы орны оның тез өсіп, қалаға айналуына қолайлы жағдай туғызды. Ақмолада жыл сайын ұйымдастырылатын көктемгі жәрмеңкеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ресейден, Орта Азиядан, тіпті Қытай мен Үндістаннан да саудагерлер жиналатын.
Республикамыздың астанасы көшер қарсаңында Ақмола облыс орталығы болды. Бір жарым ғасырдан астам мерзімде ондағы тұрғындардың саны
280 мыңға жетті. Астана мәртебесі берілуге байланысты жоғары қарқынмен
өсіп, 5 жылда 500 мыңға жетті.

3. «Астана айшықтары»
Сүйікті ақындарымыздың бірі Өтепберген Ақыпбекұлының:
Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды:
Қызықты боп барады,
Бір күнінен -
Бір күні.
Әлемдегі дара бір,
Әсем,
Сәнді - қала бұл.
Есіл бойлай салынған,
Көз арбайды жаңа үй...- деп жырға қосқанын оқыған боларсыздар.

Астанамызды салумен айналысып жүрген құрылысшы - сәулетші аға-аталарымыз балдырған балапандардың да алаңсыз ойнап, күліп, шаттануларын да ұмытпапты.
Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығы балғындардың сүйікті орны. Мұндағы «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан бірден-бір- «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға болады.
Бұл аквариумдағы «Мұхит ара
лдың» ең ірі тұрғындары - акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар-Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар тіршілік етуде.
Сонымен қатар «Думан» ойын-сауық орталығы, «Самұрық» кинотеатры,
Бәйтерек, Гүл сағатын басқа да аквапарктерді көрсең көзің тояр емес.

4 « Астанаға – 10жыл»
Астананы қақ жарып, ағып жатқан сұлу, ерке Есіл өзені.
Есілдің суы мақпалдай жұмсақ. Өзі жылы. Тұнып, шымырлап, үн-түнсіз ағады.
Ұмыт та қалған жазылмай.
Есте жоқ ескі тағдырдай:
Әлем –
Әлі көрген жоқ,
Бәйтеректі дәл мұндай,
Нұр сыйлап қала көркіне,
Тағзым етіп:
Жер, Күнге,
Тұр ғажайып ғимарат-

Зор бәйтерек кейпінде...- деп белгілі балалар ақыны Ө. Ақыпбекұлы жыр арнаған – биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені Астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың ең алғаш келетін жері осы. Бәйтеректің ұшар басынан қаланың біраз жері көрінеді. Астана - келісім, бейбітшілік қаласы деп тегін айтылмаған. Бәйтеректе дүниежүзіндегі он жеті дін басының қолы мраморға түсірілген. Қасында бөлек алақанның ойылған ізі бар, оны Елбасымыздың қолы деседі. Биіктен қала көркін тамашалаған бала түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі келе
ді.

5. Шығармашылық жұмыс.
- Әр
студенттің Астана туралы өз пікірлерін, өлең жырларын тыңдау

ІІІ. Қорытындылау.
Астана жылдан-жылға көркейіп, асқақтай берсін!