Воспитательная работа Мен таңдаған мамандық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мен таңдаған мамандық


Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен таңдаған мамандық
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

1 Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Ол пікір сайыс түрінде өтеді.

2 Жүргізуші:

Алдымен мынадай тренинг ұйымдастырып жіберейік. Әр студент орнынан тұрып өз тілектерін айтады, яғни осы студенттердің айтылған жақсы тілектері тобымызға, сыныбымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.
(студенттер тілектерін бірінен соң бірі айтып жалғастырады)

1 Жүргізуші:

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.
2 Жүргізуші:

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»

1 Жүргізуші:

Қазір студенттер 2 топқа бөлініп бір бірімен топ болып жарысады.

Біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады, сол кезеңдерді таныстырып өтейін.

  1. «Менен сұрақ, сенен жауап» - студенттерге сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға жауап беру

  2. «Шебердің қолы алтын» - өндірістік оқыту сабағында жасаған бұйымдарын топ болып таныстыру.

  3. «Өнерлі шебер» - әр топ студенттері өз өнерлерін көрсету керек, мысалы мамандыққа байланысты тақпақтар айту, мақал – мәтелдерден айту немесе жұмбақтар шешу.

  4. «Тізбекті үзбе» ойыны. Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы: мұғалім – медбике.

  5. «Мамандық таңдаудың сыры неде?» атты кезеңінде мамандықтар туралы презентация жасау. Яғни колледжде оқып жатқан мамандығына немесе жалпы мамандық туралы толық мағлұмат беру.

2 Жүргізуші:

Ал студенттер сайысымызды бастаймыз, екі топқа да сәттілік тілейміз!

І. Кезең «Менен сұрақ, сенен жауап»

1.Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба? 
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
4. Өндірістік оқыту сабағында қауіпсіздік техника ережесін айтып бер?

5. Өндірістік оқыту сабағынан кім береді?

6. Өндіріс орындарына саяхатқа барғандағы туралы айтып бер.


1 Жүргізуші:

ІІ Кезең «Шебердің қолы алтын» - өндірістік оқыту сабағында жасаған бұйымдарын топ болып таныстыру.


2 Жүргізуші:

ІІІ Кезең «Өнерлі шебер» - әр топ студенттері өз өнерлерін көрсету керек, мысалы мамандыққа байланысты тақпақтар айту, мақал – мәтелдерден айту немесе жұмбақтар шешу.


1 Жүргізуші

IV «Тізбекті үзбе» ойыны. Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы: мұғалім – медбике.

2 Жүргізуші:

VКезең «Мамандық таңдаудың сыры неде?» атты кезеңінде мамандықтар туралы презентация жасау. Яғни колледжде оқып жатқан мамандығына немесе жалпы мамандық туралы толық мағлұмат беру.

1 Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызда қолдау көрсеткен қонақтарға рахметімізді айтамыз.

2 Жүргізуші:

Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

















Атырау энергетика және құрылыс колледжі


«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары








Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Мен таңдаған мамандық»


Дайындаған: №20 топ кураторы

Сугурова А.Н.

Тобы:№ 20 топ «Ағаш шебері»
















Атырау 2015 жыл.