Сіз қалай оқисыз?
[pic]
Астана қаласы дарынды балаларға арналған
№81"Astana English School"гимназиясының
кітапхана меңгерушісі
Сулейменова Гүлбағира Садырқызы
Мақсаты: оқырман өзінің қандай деңгейде тез оқу дағдыларын меңгергенін анықтау.
Түрі: сауалнама
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
1. Кітап оқуды бастар алдында сіз үнемі айқын мақсат қоясыз ба?
А) әрқашан
Б) әрқашан айқынға жақын мақсат
В) кейде
Г) өте сирек
Д) ешқашан
2. Оқып отырған мәтіннің құрылымын тез түсіне аласыз ба?
А) мәтін құрылымын әрқашан тез түсінемін
Б) мен үшін маңызды бөлімдерін тез түсінемін
В) белгілі бір бөлігін оқығаннан кейін барып қана оның құрылымын көз алдыма елестетемін
Г) тек бүкіл мәтінді оқып болған соң барып оның құрылымын жіктеймін
Д) мәтін құрылымына ешбір назар аудармаймын
3. Оқылып қойылған мәтінге көз жүгіртуге қайта ораласыз ба?
А) ешқашан
Б) егер таныс емес жерлер болса
В) кейбір сөздерді түсінбегендіктен
Г) егер мәтін мағынасын түсінбесем
Д) әр түрлі себептермен бірнеше қайта ораламын
4. Мәтін жолдарын саусақпен, қарындашпен белгілеп немесе басты қозғау арқылы оқу әдеті барма сізде?
А) бас пен қол әрқашан қимылсыз
Б) кейде басымды қозғап оқимын
В) мәтіннің маңызды тұстарын саусақпен белгілеп оқимын
Г) бұл қимылдарды жиі жасаймын
Д) әрқашан осылай оқмын
5. Оқып отырған материалды дауыстап немесе ішіңізден айтып отырасыз ба?
А) әрқашан үнсіз оқимын және менде ондай әдет жоқ деп ойлаймын
Б) тура жауап бере алмаймын
В) кейбір (қиын) сөздерді дауыстап айтамын
Г) оқып отырған мәтінді жиі қайталап айтамын
Д)артикуляциямен, яғни дыбыс шығарып оқимын
6. Оқып отырған кезде сіз мәтіндегі бейнелерді көз алдыңызға елестете аласыз ба?
А) әрқашан
Б) кейде
В) жауап беру қиын
Г) өте сирек
Д) ешқашан
[pic]
Тест қорытындысы
А -10, Б-6, В-4, Г-2, Д-0:
50-60 ұпай – кәсіби оқырман;
30-50 ұпай – белсенді оқырман;
(тез оқудың дағдыларын меңгерген оқырман)
30 ұпайдан төмен – білімдар оқырман;
(бірақ тез оқу әдісін меңгермеген адам)
Сауалнама әдісін қолдана отырып, «Сіз қалай оқисыз?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде кім кәсіби оқырман, кім белсенді оқырман, кім білімдар оқырман екені анықталды.