|
Ата - аналар арасындағы сайыс. Тақырыбы: Көктем аруы
Автор публикации: Прманова Г.Н.
Дата публикации: 2016-03-29
Краткое описание: ...
Көктем аруы Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісіне беріледі.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Рұқсат болса бастайық!
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларымызды біздің топтың жігіттері алып шығып таныстырады. 1 - аруымыз: Құсайын Гүлназ – Ерсайын Айдар. 2 - аруымыз: Маратқызы Аружан – Қарабалин Шыңғыс. 3 - аруымыз: Егеш Жайнар – Серікқали Жеңіс. 4 - аруымыз: Ерсайын Әнел – Жомарт Ерхан. 5 - аруымыз: Меңдеш Адия – Руслан Заңғар. 6 - аруымыз: Аманкелді Еркежан - Саламатұлы Азамат.
Вальс: Ару қыздарымыздың орындауында.
Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
Жүргізуші: Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар – деп, әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқаратын міндеттері мен таныстырып өтейін.
Өздерінің реттік санын алу. 2. Өздерін таныстыру. 3. Сұрақ - жауап. 4. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі. 5. «Анамның сүйікті асы». 6. Сән үлгісін көрсету.
Жүргізуші: Білім, ғылым, өнерге, Қанат қағар кездерің. Ата - салтын ертеңге, Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І кезең. Реттік сандарын алу. 1 - аруымыз: Құсайын Гүлназ. 2 - аруымыз: Маратқызы Аружан. 3 - аруымыз: Егеш Жайнар. 4 - аруымыз: Ерсайын Әнел. 5 - аруымыз: Меңдеш Адия. 6 - аруымыз: Аманкелді Еркежан.
Ән: «Үкілі кәмшат»
ІІ кезең. Бүлдіршін арулар келді танысуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, ару қыздарды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
1 - аруымыз: Құсайын Гүлназ. 2 - аруымыз: Маратқызы Аружан. 3 - аруымыз: Егеш Жайнар. 4 - аруымыз: Ерсайын Әнел. 5 - аруымыз: Меңдеш Адия. 6 - аруымыз: Аманкелді Еркежан.
Ән: «Қуыршақ»
ІІІ кезең. Сырлары көп ғылымның, Шешілмеген әлі де. Тереңдігі білімнің, Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.
1. Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады? 2. Ана - туралы тақпақ білесіңдер ме? 3. Анаң сені үйде не деп еркелетеді? 4. Қандай мақал - мәтелдерді білесің? 5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? 6. Төрт түлік малды ата?
Би: «Жігіттер»
ІҮ кезең. Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік.
Арулардың өз өнерлерін көрсетуі:
1 - аруымыз: Құсайын Гүлназ – ән: «Балалық шақ» 2 - аруымыз: Маратқызы Аружан – «Үнді халқының биі» 3 - аруымыз: Егеш Жайнар – Көркем сөз: «Отан» 4 - аруымыз: Ерсайын Әнел – Ән: «Анашым» 5 - аруымыз: Меңдеш Адия – би: «Қамажай» 6 - аруымыз: Аманкелді Еркежан – «Өзбек биі»
Би: «Көңілді күн» V. кезең. «Анамның сүйікті асы». Арусыңдар таудай биік талабың, Қызысыңдар еркін өскен даланың Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).
VІ. кезең. Сән үлгісін көрсету. Ал, халайық ықыласпен демейік, Арулардың сән үлгісін көрейік. Сыры мен сымбатына қарап біз, Әділдікпен бағаларын берейік. (Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)
Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер, Көрсетті өнерлерін жас өрендер. Осымен сайысымыз аяқталсын, Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Өнерлі, білімділер жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады. «Көктем Аруы»- Құсайын Гүлназ «Білімді Ару» - Аманкелді Еркежан «Өнерлі Ару» - Меңдеш Адия «Шырайлы Ару» - Ерсайын Әнел «Сәнғой Ару» - Егеш Жайнар «Іскерлі Ару» - Маратқызы Аружан 3. Қорытынды сөз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
|
|