Тілашар білімге жол ашар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


(Ұйымдастырған Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекені, № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Кушекбаева Фериде Алментайқызы)


Тақырыбы: Тілашар білімге жол ашар

Мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің 1 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін мерекелеу,ата-ана,ұстаздармен қуаныштарын бөлісу.

Көрініс:

Бала: Әже Диас мектепке барайын деп жатыр екен. Мен бармаймын ба?

Әже: Әрине барасың құрыным.

Бала: Мектеп деген не апа?

Әже:Мектеп ол білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да , жазушы да, дәрігер де ғалымда бәрі – бәрі білім алған.

Бала: Әкем де, анам да мектепте оқыған ба?

Әже:Иә тіпті мен де, атаң да мектептен білім алғанбыз. Жүреғой құлыным.

(Қызы немесе баласымен көшеге шығады, алдынын көршісі жолығады)

Әйел: Амансыз ба апа? Мектепке шықтыңыздар ма? Бірге баратын болыппыз ғой.

Әже: Иә мына немеремді Сейфуллин мектебіне алып бара жатырмын. Естуімше аудандағы мықты гимназия мектебі дейді ғой.

Әйел: Иә Ауданымыздағы білімі де, тәрбиесі де өте жақсы гимназия мектеп қой. Ондағы ұстаздар да, мектеп басшылары да өте білімді. Өзім де сол мектептен білім алдым.

Әже, Е,е,е,е дұрыс екен.

Әйел: Мектепке де келіп қалыппыз ғой. Анау есік алдындағы тұрған дайындық сыныбының мұғалімдері. Жүріңіз жолығайық.

(Фериде мен Мақпал тұрады)

Мұғалім:1 Саламатсыздар ма? 2Қош келдіңіздер 3 Балалар мектепке білім алуға келдіңдер ме?

Балалар: Иә, иә...

1.Мұғалім:Жүріңдер сыныпқа барайық... (Балалар сахнадан шығып арттағы оқушыларға қосылады)

Мұғалім: Құрметті ата –аналар ең алғаш балаларыңыздыдайындық сыныбына алып келген кездеріңіз есте болар. Содан бері міне 1 – жылда өте шықты.

2.Мұғалім:Иә кешегі бүлдіршін, бүгінгі даярлық сыныбының түлегі.Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шәкірттерімізді шақырайық.(Оқушылар ортаға шығады)

1.Мұғалім: Айналайын балалар,

Сендерде ой сана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнершілер, даналар

2.Мұғалім:Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпыз.

Құтты болсын тойларың!

2 – мұғалім бірге:Қанекей, тойымызды бастайық!!!

БИ: Ұлдар мен қыздарымыздың орындауында.

1-жүргізуші: Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алдыңдар,

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар.

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың.

2-жүргізуші:Алмысыздар, қадірлі қонақтар мен қымбатты бүлдіршіндер, Міне бүгін сіздер осыдан 8 – ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндердің «ТІЛАШАР » мерекесіне жиналып отырсыздар.

1-жүргізуші:8 – ай ішінде бүлдіршіндеріміз әріптермен танысып, сауатын ашып, жаза да оқи да алады. Кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған 0 – ә және 0 – б сыныптарының бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, бүгінгі тойымызды ашып беру, үшін мектебіміздің басшысы сүйікті ұстазымыз Нұртаев Санат Ағайымызды ортаға шақырсақ.

2-жүргізуші:Ланида мен бүлдіршіндерімізге сұрақ қойғым келіп тұр қалай ойлайсың, жауап бере адар ма екен?

1-жүргізуші:Әрине жауап береді.

2-жүргізуші:Балалар, біз қайда тұрамыз?

Балалар: Қазақстанда

1-жүргізуші:Біздің елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә.Назарбаев.

2-жүргізуші:Біздің ауданымыз қалай аталады?

Балалар: Сайрам ауданы.

1-жүргізуші:Қай мектепте оқисыңдар?

Балалар: № 20 С.Сейфуллин мектеп- гимназиясында.

2-жүргізуші:Қалай Сая Қанағаттандың ба? Ендеше бүлдіршіндер мектеп туралы не білетінін тыңдайықшы.

1 – оқушы:

Армысың мектеп ар – бесік

Айқара ашқан есігін.

Тәрбие, білім бар нәсіп,

Өзіңде өрлеп өсемін.

2 – оқушы

Армысың мектеп киелім,

Мен сені сондай сүйемін,

Сен берген бағыт бағдармен,

Рухы бай елге иемін.

3-оқушы

6 жасқа біздей толған баланы.

Мектеп ана құшағына алады

Ата-ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды биыл міне балаңыз...



4 – оқушы

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Білім жиып өсемін,

Төгіп адал терімді.

Мен мектепке барамын.

5 – оқушы

Омырауда қуаныш,

Мен бүлдіршін баламын.

Енді жайнап нұр жүзім.

Мен оқушы боламын.

6 – оқушы

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

7 – оқушы

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз болып өсетін,

Біз оқушы боламыз.

1-жүргізіші: Тамаша балалар, рахмет!

Ендеше мектеп туралы әндеріңді тыңдайықшы.

2 – жүргізіші: ХОР: СӘЛЕМ САҒАН МЕКТЕБІМ!

1-жүргізіші:Балалар, мектепте тәрбие үйретіп, білім берген ұстаздарыңа айтар алғыс құрметтеріңді тыңдайықшы.

8 – оқушы

Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың,

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұстадың.

9- оқушы

Мынау менің сезгенім,

Ол сыныптың анасы,

Өзінің де өзгенің

Баласы оның баласы.

10-оқушы

Күнде бестік алсаң сен,

Онда басқа арман жоқ.

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.

11 – оқушы

Мұғалімді жақсы көрем анамдай,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай,

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады ой алла –ай.

12 – оқушы

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал,

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзі бар.

2-жүргізіші:Жарайсыңдар не деген керемет сөздер, ұстаздарыңды өте жақсы көреді екенсіңдер. Олай болса ұстаздарға арнап ән айтып беріңдерші.

1-жүргізіші: Ұстаздар жақсылықтың жолашары.

Қолында шәкірттің болашағы.

Өмірде алға қарай өрлететін

Сіздер ғой Ұлы Отанның болашағы дей отырып кезекті Сұлтан ұлдарыңыздың орындауында Ұстазым әніне береміз.

2-жүргізіші:Лана бүлдіршіндеріміз мектепте, ұстаздарының үйретуімен сауат ашып, санап үйреніп,жұмбақ, мақал мәтелдер жаттапты.

1-жүргізіші:Олай болса бүлдіршіндермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Балалар, мен сендерге дыбыстардыайтамын. Сендер дауысты болса бір қолдарыңды дауыссыз болса екі қолдарыңды көтересіңдер. Жарай ма?

А,Б,Ә,Ө,С,Ш,Н,Қ,Ы....

2-жүргізіші:Керемет, жарайсыңдар. Балалар енді сандардысөйлетіп көрейікші.(1,2,3,4,5 деген сан ұстаған оқушылар ортаға шығады)

13-оқушы

Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрмын.

14-оқушы

Бірден кейін мен тұрамын.

Бірден кейін тұрағым.

Бірді бірге қосқанда.

Мен шығамын шырағым.

15 – оқушы

Екіден соң әрқашан,

Үш саны мен тұамын.

Орыныма барамын,

Екі айшық саламын.

16 – оқушы

Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы,

Төрт түліктің аяғы.

17 – оқушы

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағымен,

Оңай табасың бесті.

1-жүргізіші:Сая біздің бүлдіршіндеріміз математика сабағынан әзілдер дайындап келген екен...

2-жүргізіші:Ендеше, неге тұрмыз, әзілге кезек берейік...

КӨРІНІС:

Математика сабағынан көрініс.

Мұғалім: 3+3 қанша болады?

Оқушы: (Үндемейді. Басын қасып тұрады)

Мұғалім: Ендеше саған басқаша түсіндірейін мына жақтан үш ат шауып келеді. Оған тағы үш ат қосылды барлығы қанша ат шауып келеді.

Оқушы: Уффф апай шаңнан түкте көрінбейді ғой(жан – жағына қарайды)

КӨРІНІС: Әкесі мен баласы

Әкесі: Балам сабағыңнан неше алдың?

Баласы: (күнделігін көрсетіп) – міне 5 алдым!

Әкесі: Қайдағы бес? Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік. Неге айтасың өтірік?

Баласы: Ой папатай, есіпті.

Білмеуіңді қарашы,

Үшті қоссаң екіге

Бес болмайма санашы.(Бала қашып кетеді. Әкесі соңынан кеттеді)

1-жүргізіші:Иә, бір көңіл көтеріп, сергіліп алдық. Енді сахнаға бишілерді шақырғымыз келіп тұр.

2-жүргізіші:Бүлдіршіндеріміздің орындауында Би тамашалайық .

1-жүргізіші:Балалар, кім мақал мәтелдер ата – алады. Қане ортаға келіңдерші.(4 – оқушы шығады)

18- оқушы. Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы.

19 – оқушы. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.

20- оқушы. Еңбек түбі зейнет.

21 – оқушы. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

18- оқушы. Отан отбасынан басталады.

19 – оқушы. Отан үшін отқа түс күймейсің

20- оқушы. Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.

21 – оқушы. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.

2-жүргізіші:Әдептілік демекші балалар, әдептілік туралы не білеміз.

22- оқушы

Біз үлкендердің тілін алып, үлкендерге жол береміз.Орнымыздан тұрып орын береміз

23 – оқушы

Үлкендерді сыйлайтын.

Кіші қамын ойлайтын.

Сүймейміз жат әдепті.

Баламыз біз әдепті.

1-жүргізіші:Рахмет балалар, сендердің үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болатындарыңа біз сенеміз. Ендеше, кішілерге қалай ертегі айтып береді екенсіңдер, бір қиялға беріліп ән тыңдайықшы.

2-жүргізіші:Меруерт қыздарыңыздың орындауында ЕРТЕГІЛЕР әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізіші:Балалар сендер қоршаған ортаны тану пәнін де өттіңдер, солай ма? Ендеше, айтыңдаршы бізді не қоршап тұр?

  • ТАБИҒАТ

2-жүргізіші:Табиғатқа не жатады?

24-оқушы

Күн, Ай, Жұлдыз,Тау, Ағаш, Көл,Аңдар, Құстар.

25 – оқушы

Көз көру мүшесі,

Құлақ есту мүшесі,

Мұрын иіс сезу мүшесі.

Тіл дәм сезу мүшесі.

1-жүргізіші: Сая біздің бүлдіршіндеріміз, дайындық сыныбында жақсы білім алғандығы көрініп тұр. Бірінші сыныпта оқуға дайын сияқты қалай ойлайсың?

2-жүргізіші:Солайы солай ау, әйтсе де біздің бүлдіршіндеріміз еркелікті тастап, ауыр сөмкені көтеруге дайын ба екен көргім келіп тұр.

1-жүргізіші:Оны қалай байқамақсың....

2-жүргізіші:Ол үшін, ортаға екі сыныптан екі оқушы келсін, мына сөмкеге стол үстінде жатқан оқу құралдарын , оқулық дәптер рет – ретімен, жылда салып сөмкені асынып қасыма келсін.

1-жүргізіші:Кеттік ендеше ортаға кім шығады? (екі оқушы шығады)

26- оқушы.

Ойыншықтармен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға әліппені аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол.

Оқушы болды, міне енді балаңыз.

27- оқушы

Өсті міне санамыз,

Елжірейді жүрегім.

Даярлыққа әрқашан.

Алғыс айтып жүремін.

АЛҒЫС АЙТУ

Бізді тәрбиелеп өсірген, керегімізді әрқашан алдымызға тосқан ата – анамызға РАХМЕТ.

Әріпті танытып, санап үйреткен, білім бағына жол ашқан ұстазымызға – РАХМЕТ

Өзгетілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші бізге ағылшын, орыс тілін үйреткен ұстаздарымызға – РАХМЕТ

Бізді өркендетіп, әрі қарай жетелейтін ұстаздарымызға -РАХМЕТ

2-жүргізіші:Иә, ұстаздар, ата – аналар бүлдіршіндердің өздеріңізге деген алғысы ретінде тағы да өнерге кезек берейік.

1-жүргізіші:Бишілерімізді сахнаға шақырамыз.

2-жүргізіші:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді.

Білімнің нәрлі сырына.

1-жүргізіші:

Болдыңдар енді оқушы,

Оқитын әрі жазатын.

Білімге қол созатын.

Құтты болсын қарағым

Оқушы деген жаңа атың.

2-жүргізіші:

Иә, құрметті қонақтар, бүгін бүлдіршіндеріміздің білімін байқап, өнерін тамашаладыңыздар. Оқушы деген жаңа атқа ие болып отырған бүлдіршіндерімізді құттықтау үшін, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып оқушыларының қамқоршысы, құрметті ұстазымыз, Жамила апайды сахнаға шақырамыз.

1-жүргізіші:Рахмет Жамила апай Қымбаты мектеп басшылары, ата – аналар , ұстаздар сіздердің де тілектеріңізді тыңдағымыз келіп тұр. Келіңіздер...

2-жүргізіші: Қымбатты қонақтар, бүгінгі Тілашар тойымызды аяқтай отырып, келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет айтамыз сау болыңыздар.