Тақырыбы: «Шалқан»
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге,балалардың сөздік қорын дамыту.Балаларды қамқорлыққа, татулыққа,достыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Жылулық шеңбері , ертегіні түсіндіру, «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау, сергіту сәті,мақал, ойын, қорытынды.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің маскалары, АКТ, слайд,ертегідегі қажетті заттар (шалқан, шелек, күрек), ертегінің мультфильмі
Сөздік жұмыстар: шалқан, ата, апа, қыз, күшік, мысық, тышқан.
Билингвалдық компонент: шалқан –репка, ата- дедушка, апа - бабушка,
қыз- девочка, күшік- собака, мысық- кошка, тышқан-мышь
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Балалар: жақсы.
Тәрбиеші: Тамаша, олай болса бүгінгі оқу іс- әрекетімізді бастайық.
Қане, қане тұрайық,
Жылулық шеңберін құрайық.
Жылулық шеңбері
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да,
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да,
Шуағын төгіп тұр,
Мейірімді күн ана!
Тәрбиеші:-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
Ойын «Қай ертегі?» слайд арқылы суреттермен жұмыс жүргізу.
Балалар: Бауырсақ ,Маша мен аю, Үйшік (өздеріне таныс ертегілерді суреттер бойынша атайды)
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар,сендер көптеген ертегілер біледі екенсіңдер.
Жұмбақ жасыру.
Атай шалқан егіпті, ол үлкен болып өсіпті.
Тәрбиеші: Бұл қай ертегі балалар?
Балалар: «Шалқан» ертегісі
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Шалқан орысша – репка. Қане, бәріміз қайталайықшы. Шалқан-репка
Мультфильм желісі арқылы ертегіні дауысын ырғағына сала отырып, ертегінің мазмұнын айтып беру.
Тәрбиеші:Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар: иә ұнады.
Сергіту сәті:
Атай шалқан егіпті,
Шалқан үлкен болып өсіпті,
Көмекке бәрін шақырыпты,
Шалқанды ары тартып,
Бері тартып,
Шалқанды жерден жұлып алыпты,
Алақай!
( Балалар қимылмен орындайды.)
- Шалқан қайда өседі?
-Атай көмекке кімді шақырды?
Тәрбиеші: осы ертегідегі кейіпкерлерді атап жіберейікші.
Балалар жауабы: Атай, әжей, қыз, күшік, мысық, тышқан.
(балаларға айқызу) жеке-жеке, топпен
Тәрбиеші: Кәне, болай болса осы ертегіні рөлдерге бөліп ойнайық.
Балалар «Шалқан» ертегісін рөлдерге бөліп орындайды.
Тәрбиеші: Міне, балалар татулық пен достықтың арқасында шалқанды жерден барлығы бірге жұлып алды. Сендермен татулық туралы мақалды үйреніп алайық.
Ойын «Кім және не жоқ?» ертегі кейіпкерлерін жасыру
Қорытынды.
Суреттер бойынша жұмыс жасау.
Жарайсыңдар! Сау болыңыздар!