Тема: Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

(8-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Сөйлем мүшелеріне талдауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқалы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.

Түрі: Дәстүрлі.

Типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, интерактивті.

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта,бор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу, түгендеу.

Ә) сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І,ІІ,ІІІ қатарға есімшелі, көсемшелі, тұйық етістікті мақал-мәтелдер жазып келу. Етістіктен өткенді қайталау.

Бекіту сұрақтары:

  1. Етістік дегеніміз не? Оның неше шағы бар?

  2. Осы шақтың түрлері, мысал ойлаңыз. Қалып етістіктерін атаңыз.

  3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.

  4. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.

  5. Етістіктің райларын атаңыз.

  6. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.





ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Жақсы,балалар, етістік жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік.

Бүгінгі жаңа сабағымыз етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, сұрақтарын қайталап өтейік.

(Ауызша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары еске түсіріледі.)

Мұғалім: Жақсы, рахмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік. (ауызша)

Мен биыл мектепті бітіремін. (баяндауыш)

Оқу-білім бұлағы. (бастауыш)

Білгенге-маржан, білмеске- арзан.(толықтауыш)

Ол күлімсіреп қарады. (пысықтауыш)

Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш)

Оқушылар тапсырмаларды ауызша орындайды.

Түсінбегендерін сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келетін баяндауыш қызметінде болады.

Сөйлем соңында келген тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларда тұрып та баяндауыш қызметін атқарады.

Көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.

Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.

Етістік есімше, тұйық етістік тұлғаларында атау септігінде келіп,сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

Етістік есімше немесе тұйық етістік тұлғаларында атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.



Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгенімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 216-жаттығуға назар аударыңыздар.



Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып алып, сұрақтар қою арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.



Тақтамен жұмыс.

217-жаттығу (Етістіктің шақтарын, райларын ажырату.), 218-жаттығу (Етістіктерді тауып, тұлғасына қарай ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау).

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

«Етістік» сөз жұмбағын шешу.

Есімше

Бастауыш

Ілік

Пысықтауыш

Толықтауыш

Есім

Көсемше

  1. ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістік.

  2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістіктің қызметі қандай?

  3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді?

  4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі?

  5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі?

  6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі.

  7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі?



V. Үйге тапсырма: Тұйық етістікке сөйлем құрап келу. 215-жаттығуды көшіріп келу, мәтіннен етістіктерді табу.

Сыныпта 131-беттегі пысықтауға арналған сұрақтармен ауызша жұмыс жасау, етістіктің сөйлемдегі қызметіне 5 сұрақтан тұратын тест құрап келу, 215-жаттығуды орындау.

VІ. Оқушыларды бағалау.