Таза болса деніміз, Сұлу болып өсеміз
Тәрбиелік шара
Тақырыбы: «Таза болса деніміз
Сұлу болып өсеміз»
Мақсаты: 1.Оқушылардың тазалық,денсаулық туралы түсінігін кеңейту,
өз денсаулықтарына,тазалықтарына ұқыпты қарауға
тәрбиелеу.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
3.Топпен шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа,ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке,
жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ,плакатқа салынған сурет,мақалдар жазылған
плакат,суреттер,үлестірме парақшалар.
Түрі: сайыс сабақ
Жүрісі: 1.Ұйымдастыру
2.Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Тазалық»
[pic]
1.Көзің ауырса қолыңды ... ....
2. ... қайда,сұлулық сонда.
3.Денсаулық- ... байлық.
4 Бірінші ... –денсаулық
5. ... адам – кіршіл
6.Ыдыс таза болса, ... дәмді.
7. ... түбі – дерт.
3.Мағынаны тану
Топпен жұмыс «Ойлан,жұптас,пікірлес» стратегиясы
І топқа: Тазалық,денсаулық туралы мақал-мәтелдер
ІІ топқа: Тазалық туралы өлеңдер оқу
Кубизм
Суреттеңіз
1-көрініс.Сағат шырылдайды.Болат орнынан тұрады.Терезені ашады. Жаттығу жасайды.Жақсылап беті,қолын жуады.Мектепке келеді.Сабаққа белсенді қатысады.
2-көрініс.Сағат шырылдайды.Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш тұрады.Беті қолын шала жуып,мектепке асығады.Сыныпта отырып ұйықтап қалады.
Салыстыр.
[pic]
Бұл бала Бұл бала
Қай бала Қай бала
Пай-пай Бай-бай
Тап-таза Бет ауыз
Ақ қаздай Кір айғыз
Киімі Бес батпан
Мұнтаздай Мойыны
Жарайсың Күс қатқан
Балақай Аяқ-қол
Дейміз біз Жарылған
Мадақтай Батпаққа
Пай,пай! Малынған
Киімі
Кір сатпақ
Осы ғой
Нақ салақ.
Зерттеңіз.
Тазалық туралы мақалдардың мағынасын ашып,түсіндіру.
1) Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
2) Тәні сау тасты да шайнар
3) Денсаулықтың жаңасын
Ақшаға қайдан аласың.
4) Ыдыс таза болса, асы дәмді.
5) Саулық қайда, сұлулық сонда.
6) Монша тәнді сауықтырады.
Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Қолданыңыз
«Кірқоймастың » үлкен суреті.
Суреттегі сабын,тіс пастасы,щеткасы,сүлгі не үшін керек,қайда қолданады. Сол туралы айту.
Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?
Жұмбақ жасыру.
Ертемен күнде сен Шомылған соң баланы
Қолыңды сүйкесең Аймалап алады.
Кетіп кір,ласың Сүртеді қолын да,
Тап-таза боласың! Сүртеді жонын да.
Бұл не? Бұл не?
(сабын) (сүлгі)
Аузы жоқ,көзі жоқ Иілсең иіліп,
Тілі жоқ,сөзі жоқ Түйілсең түйіліп.
Бірақта тісі бар Қарайды ол кісіге
Басыңмен ісі бар. Сүйсіне ұқыпты ісіне.
Бұл не? Бұл не?
(тарақ) (айна)
Оқушыларға жұмбақтың шешімдерін суреттер көрсету арқылы не білетіндерін сұрау.
Тазалық жоқ жерде жұқпалы аурулардың да тез тарайтыны белгілі, сендер тазалық сақтаудың денсаулыққа қаншалықты пайдасы зор екендігін ұғынған боларсыңдар.
Талқылаңыз.
Тазалық
Ой толғаныс
Еркін жауап
1. Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Оқушыларға перфакарта үлестіріп бүгінгі сабақ жөнінде алған түсініктерін жинақтап,қортындылау.
Тазалық – денсаулық кепілі.Адам өз денсаулығын күтпесе,оған ешқандай дәрігер де, дәрі де көмектесе алмайды. Тамақты уақытылы ішіп, денешынықтыру жаттығуларын жасап тұру керек.Сонда ғана еркін,денсаулығы мықты,елінің мұраттарын іске асыратын салауатты азамат болып шығасыңдар.
Хор: «Таза жүрем әрдайым»