Разработка внеклассного мероприятия (на казахском языке) «Менің тандауым»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: « Менің тандауым»


Мақсаты: Мамандық таңдауға көмектесу, маман иелерінің атқаратын қызметін білу;

Бала шығармашылығын, тілін, ойын дамыту;

Кәсіпке тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін беру.

Көрнекілігі: Мамандық иелерінің суреттері, нақыл сөздер, альбом,плакат (Өнерпаз болсаң арқалаң. Сендер бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та, бар, қалан).Балалар әр мамандық иесіне байланысты киім киеді.


Барысы.

(Мамандық иелері қонаққа шақырылады).


Көрініс «Қалада»

Таңертен әкесі баласын оятады.

-Балам, тұра ғой, мектепке баратын уақыт болды. (Баласы тұрмай жатып алады.) анасыда оятады. Содан кейін әрең орнынан тұрып келеді. (Сахнаның артынан шығады).

-Әке, ана, бүгіннен бастап мектепке бармаймын. Себебі мен хат танимын, математиқалық төрт амалды меңгердім. Оқудың маған керегі жоқ. Одан да сіздерге бір септігін тигізейін. Маған қандай да бір мамандық таңдауға көмектесіңдерші.


Әкесі: Ой, бәрекелді! Осыны сезіп едім. Жақсы болды ғой жақын жерден көмекші табылып. Ендеше достарыңның сөздеріне құлақ сал.


Ақын: Мен ақын боламын,

Суылдаған қаламын.

Адамдардың жүрегін,

Жырмен жаулап аламын.


Бала: Ақын болу менің қолымнан келмейді.


I-инженер: Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Жолын қуам әйгілі

Академик ағаның.


II-инженер: Өндіріске көптеген,

Өрісі көп тоқ берем.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысың,

Мен арқылы өткерген.


I-инженер: Инженер -мен, шын іскер,

Игерілер ұлы істер.

Тау кені мен жолдың да

Инженері – білгіштер.


II-инженер: Құрлыстың түрін де,

Техника тілін де

Инженерлер біледі,

Игілі білімде.


Екеуі: Құдіретін білген ел,

Құп мамандық -инженер.

Бала: Әке,инженер болу да менің қолымнан келмейтін сияқты.


Әкесі: Кішкене күнінде ғарышкер болам деуші едің. Ендеше ғарышкер достарыңды тыңда.


I – ғарышкер: Тұңғиық ғарышты,

Тұнып тұрған алысты.

Ғарыштық нық сертпенен,

Ғарышкерлер зерттеген.


II – ғарышкер: Шапақты нұр, өр сырын,

Шарлап өтті жер шарын.

Сөремізге биіктен,

Сөйледім бас иіп мен.


I – ғарышкер: Ғарыш жақтан қараңыз,

Көркем -ақ жер -анамыз.

Ерлігіме ғаламат

Риза бүкіл адамзат.


II – ғарышкер: Аймақтарын жұлдыздың,

Араладым, мың жүздім.

Барлап елдің әр қырын,

Бағалаймын әр сырын.

Екі ғарышкер: Әрі батыр, ғалымбыз,

Жер жүзіне мәлімбіз!

Бала: (Басын сипап тұрып) Ғарышкер болу арман ғой.


Анасы: Балам, үйге от жағу керек. Көмір әкеле қойшы.

Баласы: Қолым кір болады.

Анасы: Ендеше осы көмір қазатын достарыңның сөзіне құлақ сал.

I-шахтер: Кен қазатын комбайн,

Келер іске дап -дайын.

Қазып кенді, темірді,

Ағылтамын көмірді,

II-шахтер: Өндіріп мол кеңімді,

Өркендетем елімді.

Өнді болат, өнді мыс...

Өсті біздің өндіріс.

I-шахтер: Ерлік жұмыс атқарам,

Ел байлығын ақтарам.

Шын байлықтар шахтардан

Шықты деп ел мақтаған.


II-шахтер: Машиналар, кемелер

Металдарын кен берер,

Еңбегіме сене бер,

Ел байлыққа кенелер.


Екеуі: Шахтер күшті қуатты,

Шахтер ісі қымбат – ты.


Бала: Мынау өзі қиын іс екен.Одан жеңілдеуі жоқ па? Бұған менің денсаулығым жарамайды ғой. Шахтер болу үшін көп күш керек. Менде ондай күш қайда?!


Әкесі: Балам, ендеше маған машынамды жөндеуге көмектесші.


Бала: Күн суық. Темірді ұстасам қолым тонады. Содан кейін тағы да ауырып қалуым мүмкін. Айтқандай, әке, осы темір қандайн келеді?


Әкесі: Ендеше металлург достарыңды тыңда!

I-металлург: Техника тетігін

Мен өмірге келтірдім.

Мен ерітіп құйғанмын

Металдарын не түрін.


II-металлург: Қорытқамын құрышты,

Қорғасын мен мырышты.

Барлық іскер адамға

Бастап берем ұлы істі.


I-металлург: Кендер пеште балқыды,

Металл-құйма қалқыды.

Күндей етіп жайнаттым

Күміс, алмас, алтынды.


II-металлург: Мамандық пен бар жақсы,

Менің ісім жалғасты.

Еңбектің әр сәтімен

Елде белгі қоймашы.


Екеуі: Металлург-ер маман,

Бас иеді ел маған.


Анасы: Әкесі, мына баламыздың мамандықты таңдауы қиын болды. Шамалы ән тыңдап көңіл көтерсек қайтеді.


Әкесі: Ендеше ін-биге кезек берейік. (Музыкалық нөмерлер.Екі қыз сахнаға шығып, баланың үйіне келеді).


I-қыз: Вова, сен неге бүгін сабаққа келмедің?


Бала: Жұмыс іздеп жүрмін. Маған мамандық таңдауға көмектесіңдерші.

- Ендеше сен теледидардан хабар жүргізуші бол.

- Ой, ол оңай шығар. Дайын бағдарламаны судырып оқып бере саламын.

- Ендеше, сен бүгінгі ауа райын айта қойшы.


Бала: Міңгерліп, бір сөзін қайта-қайта айтып, сөзінің мәні болмайды.


II-қыз: Вова, сен қарапайым ауа райын айта алмай тұрсың.

Хабарды қайтіп жүргізесің? (Бала ойланып қалады).


I қыз: Сен журналдың редакторы боларсың.

Бала: Ертеңгі күннің газетін,

Көремін елден бұрынмен.

Күндегі осы әдетім-

Оқимын қызыл іңірден.

Түзейтін газет қатесін-

Корректор менің тәтешім.

Болсам, боламын. Елдің жазып бергенін журналға баса салам.


I-қыз: Сенің ойыңша редактор болу оңай деп ойлайсың ба? Ол үшін сен салауатты, мәңерлеп оқуын керек...

Бала: Шынымен редактор болу оңай емес екен ғой.

- Әке, мен қаладан жұмыс таппадым. Енді ауылдағы ата – әжеме барып көмектессем қайтеді?

- Жарайды. Оған да келістік. (Бала енді ауылға келеді).

- Ата – әже, мен сіздерге қолқабыс тигізуге келдім. Оқуды қойдым. Бәрін білемін. Мен құрылысшы болсам ба деп едім.

(Екі құрылысшы келеді)


Жүргізуші: Қуанып әр жанұя,

Алды жарық, ең ұя.

Ол- шекіген әр тасты

Құрылысшының арқасы.


I-құрылысшы: Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қалаймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын.


II-құрылысшы: Биік салам шатырын,

Биіктесін шаттық үн.

Антеннасы самғаған

Әрбір үйім салған.


I-құрылысшы: Терезеден күн күліп,

Аулада гүл құлпырып,

Шаттасың бар балалар,

Бақыт тапсың аналар.


II-құрылысшы: Үйге толып ырыс – құт,

Үйлесіп тұр тыныштық.

Еңселі сән үйіміз,

Елге тартқан сыйымыз.


Екеуі: Құрылысшы ізетті,

Құрметті қызметі.


Бала: Үлгі деген не? Терезе мен есікті қоя алмаймын. Кірпіш қалау оңай емес шығар. Ата, егін егіп, диқан болсам қайтеді?


I-диқан: Сан машина, комбайн,

Сайлап бәрін қамдаймын.

Мерейлімін ісіме,

Мезгілден кеш қалмаймын.


II-диқан: Айдағаным трактор,

Баптағаным қырат – қыр.

Дархан еңбек жемісі

Дала сәнін құрап тұр.


I-диқан: Алтын таудай қырманым-

Арай күні қырладың.

Кенелткенмін ісіммен

Кең даланың нұрларын.


II-диқан : Ел қуанттым нанымен,

Еңбегімнің мәнімен.

Мойлатамын шаттықты

Молшылықты әнімен.


Екеуі: Мақта, астық егінім-

Мақтаныш елімнің!


Бала: Диқан болу оңай ма десем, техника тілін білу керек екен ғой. Онда әпкеме көмектесейін. Дәрігер боламын. Рецепт бойынша дәрі – дәрмек беріп отырсам қайтеді.


Жүргізуші: Енді сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Дәуірлерге жеткізер

Дәрігерлік мамандық.


I-дәрігер: Бабын тауып баланың,

Емін тауып ананың,

Қарт пен жастың бәрін де

Қамқорыма аламын.


II-дәрігер: Әр сезімге нұр ектім,

Әміршісі жүректің.

Өзім болып емдедім,

Өмірге мен тірекпін.


III-дәрігер: Ендіремін күшіңді,

Емдеп берем тісіңді.

Құлан таза жазып тек,

Бұлдамаймын ісімді.


IV-дәрігер: Еңбекшілді жақтаймын,

Ерлік істі ақтаймын.

Адамзаттың әрқашан

Амандығын сақтаймын.


Екеуі: Денсаулықпен бергенкүш,

Дәрігерлік – ерес іс!


Бала: Дәрігер болу оңай іс емес екен ғой. Тісті қайтіп емдеймін? Тілі жоқ баланың қай жері ауырғаның қалай білемін? Бұл да маған қол емес екен. Қолымнан қой бағу келетін шығар.


I-шопан: Қойдың жүні биязы

Еліме сән, сый әні.

Баққан малым Отанға

Байлық құтын құяды.

II-шопан: Еселеймін дайындап,

Ет, ірімшік, майын да.

Балалар ән салады

Батыр малшы жайында.

III-шопан: Аялаған отарды,

Алып ер деп шопанды

Анасындай мәпелеп,

Ардақтаған Отаным.


IV-шопан: Қойым қоздап егізден,

Қойшы құтты дегізген.

Атақты ер шопанмын

Ақтылы қой өргізген.


Екеуі: Еңбегіммен от алдым,

Ерлігі көп шопанмын.

(Қойшы туралы да өз пікірін айтады).


Бала: Ата,әже мен тіпті ауылдағы мамандықты да меңгере алмадым. Ендеше оқуымды жалғастыруым керек екен ғой. (Қалаға кетеді).


Жүргізушы: Өреннің зор талабы,

Өмірден жол табады.

Мақсатына лайық

Мамандығын алады.


Әр адамды шындаған

Мамандық бар мыңдаған.

Бейім болып бәріне,

Біреуі қалар ұнаған.

Мамандық иелеріне сұрақ беру.

Дәрігерге

а) Осы мамандықты неге таңдадыңыз?

ә) Мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?

б) Айлық табысыңыз қандай?

в) Алғвш жұмысқа шаққан кезде қиыншылықтар болды ма?


Журналисттерге

а) Журналист болу қызық шығар.

ә) Мамандықты таңдау себебіңіз?

б) Жұмысыңыз қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталған ба?

Дүкен меңгерушісіне

а) Сізге күні бойы халыққа қызмет ету қиын емес па?

ә) Қиналған сіттеріңіз болды ма?

б) Басқа мамандықты таңдаау ойыңызда жоқ па?


Құрылысшыға

а) Құрылыста істеу сізге қиын емес па?

ә) Жылына қанша құрылыс кешендерін аяқтай аласыздар?

б) Жалақыңызға көңіліңіз тола ма?


Мұғалімге

а) Неге осы мамандықты таңдадыңыз?

ә) Шәкірттеріңізден алғыс алған сәттеріңіз болды ма?

б) Демалысыңыз қалай өтеді?

в) Шәкірттеріңізден алғыс алған сәттеріңіз болды ма?

г) Өзіңізді бақыттымын деп айта аласыз ба?

ғ) Еңбекақыңыз жанұяңызға жете ма?


Жұрізуші: Достарым, мақал айтып, жұмбақ шешсек қайтеді?


Жұмбақтар

  1. Әрі атсыз,әрі жансыз болсадағы, халықтың неше түрлі тілін білген.


(телеграф)

  1. Топтанып келе жатыр қара қабан,

Ойлаған жерлеріне тынбай барған.

Аузынан қара көбік – бұрқ шығып,

Болдырып шаршамайтын сондай айаун.

(паровоз)


  1. Қара атым тынбай жүріп ақырады,

Артынан ертіп жүріп төрт – бес жанды

Қыртысын қара жердің қақ айырар,

Күштіде көріп пе едің мұндайларды?

  1. Жоғарыдан айдадым,

Белін жіппен байладым.

Сыпыра тақта астында

Шалып, қағып ойнадым.

(іс машинасы)


  1. Бір үйде бір құс отыр мекен еткен,

Он жігіт кезек – кезек қызмет еткен.

Қолына қалам алмай хат жазады,

Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.

(баспа машинасы)


Даналар сойлейді

Әбунасыр әл Фараби «... адам кез – келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, рахатың көру біздің мақсатымыз болып табылады».


Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңінің ішінен.

Әбунасыр әл Фараби


Байлық – қанағат пен еңбекте.

Ыбырай Алтынсарин


Аз жұмысты қиынсыңсаң – көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң – көптеген құр қаласың.

Ыбырай Алтынсарин


Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

Ыбырай Алтынсарин


Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды.

Абай


Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек,

Біз үшін отқа, түсіп жүр деп.

Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров


Еңбекті жан – тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д.И.Менделеев

Еңбек – адам үшін ең асыл қазына.

Абай Құнанбаев өзінің қырық үшінші сөзінде «Адам әрқашан еңбек үстінде болу керек, кідіріп қалудан барып пен іс – әрекет үстінде қалыптасады» деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде, бұлшық еттері жан – жақты жетіліп, икемділіктері артады.

«Еңбек тіршілік шырағына май құяды, ойға уыт береді» дейді К.Маркс.


  1. Шығармашылық тапсырма.

Ендеше, «Сұлулық дегеніміз не?» «Еңбек дегеңіміз не?» деген сұраққа диаррамма арқылы жауап берейік.

Мінеки, осының бәрі де еңбектен бастау алады. Еңбек еткен адамның мейірі үстем болады, еңбегі бағаланады, бақыт соған қонады.


  1. Ой толғау.

Ал енді мына суреттерге қарайық. Сұлулық патшалығы, әлем таныған сұлулар! Олардың алдында бәрі де бас иеді.



Мұғалімдер жан-жақтылығымен


Ел басқарушылар

өткірлігімен сұлу

Ғалымдар

ақылдығымен сұлу


Өнер иелері

Дарындылығымен Сұлулық

дегеніміз не? Дәрігерлер

білімділігімен


Археологтар Кәсіпкер

тапқырлығымен еңбексүйгіштігімен


Білімгерлер талаптылығымен












Қанағат пен қуаныш

Шығармашылық

белсендік Ақыл-ой өрісін дамыту


Еңбек

Өмір үшін

күрес дегеңіміз не ? Сұлулық,эстетиқалық

талғам


Қабілеттілік пен икемділікті

Адамның ұзақ жасауының бойға сіңіреді

қайнар көзі

Тіршілік көзі










Ал мына суретте ел билеушілері, шахтерлер, еліміздің ғарышкерлері.

Балаларға сұрақ:

Осы кісілердің барлығы бірдей сұлу деп айта аламыз ба?(Балалардың жауабы).

Күнделікті өмірде біз олардың жалпы түрінен ешқандай да таңқалушылық, не тамсанушылықты сезбейміз, қастарынан тіпті көз салмай да өтіп кетеміз.

Ал, шындығында олардың бәріне асқан әсемдік бар. Бұл әсемдік – олардың күнделікті істеп жатқан еңбегіңде. Мысалы: шахтерлерді алайық, мыңдағын тереңдіктегі жер астынан әкелінген көмірдің түйірі біздің пайдамызға асып жатыр, үйімізді жылытады. Ал ел билеушілерді алайық, бұл азаматтардың еңбегін ең қиын деп түсінемін. Олар күнде бүкіл ел, халық үшін жауап береді, тыныштығымыз, татулығымыз үшін еңбек етеді. Немесе ғарышкерлерді алайық, олар жаңа ғылымның қатерде, ашық ғарышта жұмыс істеуден тайынбайды. Сонда адам сұлулығы неде – деп түсінесіңдер? (Балалар жауаптары тыңдалып, талқыланады).

Ендеше, адамның сұлулығы атқарып жатқан әрбір ісінде. Халқымыз - «Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі» деп жай айтпаған.









  1. Сәулелі ойдың шуағы (сергіту сәтті).

«Ертегілер» әні орындалады.

  1. Тренинг. Бір күні оқымысты бақ ішінен құмырсқаның

IV. Сәулелі ойдың шуағы (сергіту сәті).

«Ертегілер» әні орындалады.

V. Тренинг. Бір күні оқымысты бақ ішінен құмырсқаның илеуіне тап болады. Құмырсқаны қарап тұрған бәреуі жоқ. Бір тобы індерін кеңейтіп жатыр. Бір тобы үлкен дәнді сүйретіп келеді. Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады.

- Сенің басын неге үлкен?

- Құйрығын неге үлкен?

- Ал сенің ішін неге жіңішке ?- деп сұрайды.

- Құмырсқа не деп жауап беред? (балалардың жауабы талқыланады). Мінеки, құмырсқа ақылымен, қайратымен, қанағат етумен, еңбек сүйгіштігімен сүйкімді де сұлу.

VI Атаның сөзі – ақылдың көзі.

Әр топ еңбек, байлық, сұлулық туралы мақал – мәтел айтып, сайысқа түседі.


VII. Шеберлік бастауы – Шеберлік бастауы – ізденіс. (көрме).

Еңбек етсен терлеп, оның аты – еңбек,

Гүл өсірсен терлеп, оның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерлеп, оның аты – еңбек,

Ағаш ексең терлеп, оның аты – еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.


«Із қалдырып өрнегіндей шебердің,

Әрбір адам еңбегімен танылар».


Қорытынды:

Өнер, білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақсыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақсыз.

Тұла бойы тұңған бір,

Сұлу болар ұрпақсыз.