СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА: «Бастауыш Біліктісі».
Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып,
білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты
дамыту.
Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін
қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз ойларын жеткізу, қорғау, көрнекілік
Көрнекілігі: слайдтар
Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі:
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Бастауыш Біліктісі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз).
Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Бастауыш біліктісі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «Ғажайып төрттік»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға»
Сайысқа қатысатын оқушыларға сәттілік!
1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл.
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? (Қатаң дауыссыз)
5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
6. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
7. Тудың түсі? (Көгілдір)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
10. Сиырдың төлі? (Бұзау)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16. Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
20. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
2 – бөлім: «Тіл өнер»
Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс тілдерінде айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка
3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко
4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев
5. Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга
7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа
8.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. Қар-снег
9.Аппақ қардай тоны, күдірейген жоны,
Көзі қызыл моншақ, білесің бе оны? Қоян-заяц
10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея
11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко
12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь
13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама
14.Жазудан бір жалықпаған, жаза-жазаарықтаған. Мел-бор
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
3 – бөлім: «Ғажайып төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30, 40, 50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Қазақ тілі
30. Б, в, г, ғ, д, ж, з дауыссыз дыбыстарды қай түріне жатады?
Жауаптары: А) қатаң Б) ұяң В) үнді
40. Тасымалданбайтын сөзді тап:
Жауаптары: А) асық Б) шағала В) жылқы
50. «Асқар қаладан келді.»-қандай сөйлем?
Жауаптары: А) хабарлы, Б) сұраулы В) лепті
Әдебиеттік оқу.
30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?
Жауаптары: А) А. Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А. Құнанбайұлы
40. Адамның өз-өзімен ішкі ойын айтуы әдеби тілде не деп аталады?
Жауаптары:А) Эссе Б) диалог В) монолог
50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?
Жауаптары:А)Жұмбақ Б)Жаңылтпаш В)Мақал
Математика.
30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
40. 8 - х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу
50. 1сағатта неше минут бар?
А) 30 б)60 в)90
Дүниетану.
30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
4 – бөлім: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.(16 сөз)
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, Астана.
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1 – оқушы
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)
2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға)
3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
10. Бұл қандай бұрыш? (Тік бұрыш)
2 – оқушы:
1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)
3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)
4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
10. Бұл қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)
Мұғалім: «Бастауыш біліктісі» марапаттау.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.
бастауыш сыныптарға арналған сыныптан тыс шара, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру