Мероприятие на тему «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ»


МАҚСАТЫ:

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, Тәуелсіздік туралы бейнетаспа, ҚР-ның Туы, жалаушалар

І БЛОК. МЕРЕКЕЛІК КЕШТІҢ АШЫЛУЫ

«Домбыра-дастан» ансамблінің орындауында «Әлқисса»

«Қолбасшы» күйі



[pic] [pic]


ФАНФАР

1-жүргізуші:

Қайырлы күн! Рухы биік, намысы берік, ел болашағын тұлға ретінде білім нәрімен сусындатып жүрген - ұстаздар қауымы!

2-жүргізуші:

Армысыздар! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің - жас өрендері.

1-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

Бүгін біз жерінің асты байлыққа, үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 24 жылдығын үлкен салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің жарқын істерінің табысын көрудеміз.




2-жүргізуші:

Тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – нұрлы жолымызды мерейлі белестерге жетелейтін ұлық мереке.

Бірге: Мерекеміз құтты болсын!


1-жүргізуші:

Қазақстан –егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

2 –жүргізуші:

Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік –ұлтың менен ұраның.

Шартарапта шаттығындай азаттық,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк Байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

Гимн орындалады

2-жүргізуші:

«Тарихтың тағдырлы көші» дейтін ұзақ жолда небір сұмдықты көріп, жақсыны да, жаманды да бастан кешірген қазақ халқының қаймағы бұзылмай, ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқандығына міне, биыл 24 жыл. Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбіреді.

1-жүргізуші:

Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитын, сыйлайтын деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін бүгінгі және келешек ұрпақ зор мақтанышпен айтары сөзсіз.

2-жүргізуші: (музыка фон қойылады)

Сахна төрінде патриоттық рухы жалындаған жігерлі жастар.

Әдеби монтаж

1-оқушы:

Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік»

Жарылқасын Назерке

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Асан Сымбат

Сабыр Алтынай

[pic]

ДУЭТ «ТЕК АЛҒА!» (Жанна, Назерке)

2-жүргізуші:

Елге бірлік ынтымақ бақ орнады

Еңкеймейді Көк Туымыз қолдағы

Жанымызға шуақ берген нұр берген

Елбасының әрбір жаңа Жолдауы

1-жүргізуші:

Әрбір қазақстандықты рухтандыратын, болашаққа деген сенімді арттыратын Елбасының биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалау, даму» атты Жол­дауында тәуелсіздік алған 24 жыл ішіндегі еңсерілген қиындықтарды да, қол жеткізген табыстарымызды да, басып өткен асуларымызды да айтып берді.

2-жүргізуші:

Бұл тарихи құжаттың ойға ой қосатыны, жанға жігер, бойға күш беретіні, халыққа қолдау жасап, елге серпіліс әкелетіні анық.

Сахнада «СЫР САМАЛЫ» вокалды тобының орындауында «ҚАЗАҚСТАНЫМ АЛҒА! әні

1-жүргізуші:

Қазақ еркіндікті ерекше бағалаған ұлт. Тәуелсіздік бізге, әрбір қазақстандыққа шексіз мүмкіндік берді, ол - ой, іс-қимылдардың еркін мүмкіндігі, өзімізді-өзіміз таныту мүмкіндігі. Өз болашағымызды өзіміз құратын, сол болашақтың қандай болатынына келешек ұрпақ алдында тікелей жауапты болатын сын.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің таңы атқан шақта дүние есігін ашқан Тәуелсіздік құрдастары осы бір сәйкестікті өздеріне берген Тәңірдің сыйы деп есептейді. Олар мемлекетімізбен бірге өсіп келе жатырған жаңашыл, бастамашыл, белсенді жастар. Жаңа заманның өр ұрпағы білім-ғылымда, өнер мен спортта жарқырап көрініп, Қазақстан атағын әлемге асыруда.

1 – жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз-біздің нұрлы жолымыз!

2-жүргізуші:

Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!

«ҚАЗАҚ ЕЛІ ОСЫНДАЙ» АЛМАБЕКҰЛЫ ӘСЕТ


[pic] [pic]


ІІ БЛОК


АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛУ

Жүргізушілер Маханов Ермек пен Арғынбаева Жұлдызай шығады.


1-жүргізуші:

Салтанатты жиынымыз нұрлы мерекелік кешке жалғасады.

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біздің мектебіміздің ардагер ұстаздарының салтанатты түрде құрметті демалысқа шығу сәтіне куә боласыздар. Бұл Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр үлкен қуаныш. Бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады.

1-жүргізуші:

Сіз -Тұлғасыз, барша жан ардақтайтын,

Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек, төккен тер жемістерін,

Көретін кез де келді ұлықтайтын-демекші ардагер ұстаздарымыз география пәні мұғалімі Кемалова Күләнда Жиенейқызына, бастауыш сынып мұғалімі Сатбаева Сайлаукүл Теңгебайқызына, Байсалбаев Владимир Кайсбековичке құрмет көрсетіп қояйық.



2-жүргізуші:

Ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетейік.

1-жүргізуші:

Құрметті Сайлаукүл апай, Күлянда апай және Владимир ағай, сіздерге дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз.

1-жүргізуші:

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік салтанаттың құттықтау сөзі және ардагер ұстаздарымызға ыстық лебізін білдіру үшін сөз мектеп директоры Байдилдаева Мария Шыналықызына беріледі.

1-жүргізуші:

Құрметті ардагер ұстаздар! Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының атынан мерекелік сыйлығымызды қабыл алыңыздар!

(МҰҒАЛІМДЕР СЫЙЛЫҚТАРДЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАПСЫРАДЫ)

1-жүргізуші:

Ардагер ұстаздарымыздың ізбасаларға білім кілтін табыстау рәсіміне куә болайық.

1-жүргізуші:

Ыстық ықыластарыңызға алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші:

Маған мәңгі ұстаз болып қаласыз,

Жүрегімнен үлкен орын аласыз.

Көп мұғалім бірі болып қалмайсыз,

Сеніңізші, сіз өйткені ұстаз әрі анасыз, - дегендей мектебіміздің мақтаныштары, өрендері, терең білімді оқушыларымыздың, ұстаздарымыздың құттықтауларына берсек.

С.Бексұлтан, Ш.Жалғасбекова, Л.Мотышева, А.Календарова, Г.Асқарова

[pic]

1-жүргізуші:

Құттықтау сөзі ардагер ұстаздарымыз, ардақты апайларымызға беріледі.

(АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ)



[pic]


Сахнаға 2 мұғалім, 1 оқушы шығып, өлең оқиды.

Айжамал:

Мұғаліммін жан оты жарқылдаған,
Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.
Жүргіншімін қағаз жүк қолтықтаған,
Азаматтық ақ тыныс алқынбаған.


Ұлдана:

Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.

Оқушы:

Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

ХОР «ҰСТАЗЫМ» орындайтын М.Аружан, Ж.Аружан, Айжамал, Ұлдана /Вальске ардагер ұстаздарды шақыру/

2-жүргізуші:

Еске алғанда осы күндерді жиылып,

Таусылмасын естеліктер тыйылып.

Ұстаздарым, көп рахмет сіздерге

Бас иеміз алдарыңызда иіліп!

Құрметті ардагер ұстаздар және мектебіміздің педагогтар қауымы! Мерекелік кешіміз концерттік номерлерге жалғасын табады. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Сұрағанқызы Жансаяның орындауында «КҮЗГІ ӘУЕН»

Нұрбай Нұрғиса мен Багатов Мұхамеджаннның орындауында«СВЕТ И ТЕНЬ»





1-жүргізуші:

«Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

2-жүргізуші:

«СЫР САМАЛЫ» вокалды тобының орындауында «ОБЛАКА» әні

2-жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін,міне, Тәулсіздік, ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

1-жүргізуші: 

Біздер бүгін жасампаздық пен бейбітшілікке бастар даңғыл жолмен келеміз. Ол – Қазақстан жолы. Айқын мақсатымыз, асқақ арманымыз бар. Тәуелсіз қазақ елінің тағдыры – Елбасы тағдыры. Елбасы тағдыры – қазақ елінің тағдыры.

ІІІ БЛОК

«Жас ұлан» қатарына оқушыларды қабылдау

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгін сіздер «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімінің куәсі боласыздар. Сөз кезегі «Жас ұлан» ұйымына беріледі.

Жас ұлан жарқыра, жалында

Ұмтылып тек алға адымда

Болашақ көшбасшы ұрпақпыз,

Жалғассын игі істер ғасырға.

2- жүргізуші:

Бүгін салтанатты жиынға дайын екендігі жөнінде рапорт қабылдау үшін «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Маратқызы Аружан мен жас «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларына сөз кезегі беріледі.

Ұланбасы:

Жас Ұланның намысы мен бірлігінің символы «Жас Ұлан» ұйымының туы кіргізуге дайындалсын!

Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр! Ортаға «Жас Ұлан» ұйымының туы кіргізілсін!

«Жас ұлан» гимні орындалады.

Ұланбасы:

Жас Ұланды ел танысын,

Көтерейік оң қолды.

Мың алғысқа лайықсың сен

Көтерейік сол қолды.

Көрсін әлем

Естісін әлем

Өскелең елдің Жас Ұланын (Шапалақ)

1- жүргізуші:

Ел ертеңі мына сіздер болашақ,

Ұландарсың өзгелерден дара,сап

Мойныңызда көк галстук желбіреп,

Ұлы істердің басында жүр мөлдіреп!


Ұлан басшы:

Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Жас ұлан ұйымының салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсырылсын

Ұланбасы: «Жас ұлан» ұйымына оқушы қабылдау салтанатына арналған жиынға дайын! Рапорт беруші №267 орта мектеп Жас ұлан ұйымының ұланбасы Маратқызы Аружан.

Ұлан басшы: Рапорт қабылданды!

Ұланбасы:

Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

А Н Т

Ұлан басшысы: Жас ұлан ұйымына қабылдансын!


1-жүргізуші: Жас Ұландықтарға галстук тағу рәсіміне ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдерін шақырамыз.

Ұланбасы:

Жас ұлан! Еліміздің болашағы үшін атқарылатын игілікті істерге әрқашанда дайын бол!

Жас ұландықтар:

Әрқашанда дайынмын!


1-жүргізуші:

Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

Ұлан басшы:

Түзеліңдер , Тік тұрыңдар ! Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын! (музыка ойналады)


«ЖАС ҰЛАН» ӘНІ ОРЫНДАЛАДЫ (флешмоб)

Орындайтындар: Әбіл Өмірзақ, Маратқызы Аружан, Мұханбет Диас (Жас ұландықтар флеш-моб)

1-жүргізуші: Жас ұлан!

Жарқылдаңдар, күліңдер!

Бақытты өмір сүріңдер!

Бар жақсылық-Бейбітшілік, білімде

Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер

2-жүргізуші:

Әрбір күн ала келсін жақсылықты,

Көп көрді халқым менің тапшылықты.

Тойымыз тойға ұласқан заман болсын,

Еліміз әрқашан да аман болсын!


ХАБАРЛАУСЫЗ «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН !» АЛМАБЕКҰЛЫ ӘСЕТ (ФЛЕШМОБ)

1-жүргізуші:

Мәңгілік ел идеясына үлес қосу үшін бізде бәрі бар. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

2-жүргізуші:

Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көріне берсін!

1-жүргізуші:

Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ істеріміз мәңгі болғай!

БІРГЕ:

Мереке құтты болсын!


ХОР «АТАМЕКЕН»

(Ән соңында іс-шараның аяқталуына қатысушылар шығады, ән әуенімен қимыл жасап тұрады)

1-жүргізуші:

Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

2-жүргізуші:

Осымен «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты мерекелік шарамыз аяқталды.


[pic]