Разработка открытого классного часа по теме Әдеп жолы әріден басталады

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«Опытное поле орта мектебі» КММ




ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ


ТАҚЫРЫБЫ:

[pic]


[pic]



Өткізілген сынып: 8 «А»

Сынып жетекшісі: Г.Ж.Ахметова



Опытное поле ауылы

2015-2016 оқу жылы



Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Әдеп жолы әріден басталады».

Өткізілген сынып: 8 «А»

Өткізілген күні: 22.01.2016 ж.

Мақсаты:
Дамытушылық: Ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін, дастарқанды дұрыс жаюға, қоғамдық орындарда өздерін ұстай білуі, дұрыс киінуді білу, оқушы мәдениетін сақтауды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік, кішіпейілділік, бауырмалдық, ұқыптылық, дұрыс сөйлеу мәдениетін беру, баулу, тәрбиелеу.
Үлкенге - құрмет
Кішіге – ізет көрсетіп, үлкенді сыйлап, қадірлеп, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: қазақ халқының ұлы даналарының нақыл сөздері, кітап көрмесі, жабдықталған дастарқан.

Нақыл сөздер:

Ізгілік-бір биік үй мұнарасы, Кісіге адамшылық неге керек?

Алқызыл жайнап өскен гүлбақшасы. Адамдық-өзге айуаннан артық демек...

Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап, Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам-

Сол үйдің не болмаса ірге тасы. Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.

Ахмет Иүгінеки Шәкәрім Құдайбердіұлы

Кіріспе сөз:
Армысыздар бүгінгі «Әдеп жолы әріден басталады» атты тәрбие сабағымызға қатысып отырған оқытушылар мен қонақтар. Тәрбие сағатымыздың эпиграфы ретінде И.Гетенің мына сөздерін алғым келіп тұр. «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін». Іс - шарамыздың негізгі мақсаты: оқушыларға әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жол: әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу. Өйткені қоғамдағы ең бағалы адам - ол әдепті адам. Әдепті адамдар - қоғамның ең баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі екендігін айтып түсіндіріп, жас ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі оқушы, ертеңгі мәдениетті маман болатындығын естеріне салу. Өз ұлтымыздың баға жетпес салт - дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, өнерін жастарға жеткізу. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана - сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым - қатынастардың түрі. Олай болса Еркежанды өзінің шығарған өлеңін оқып беруіне ортамызға шақырайық.

Әдеп жолы, әріден басталады.

Әдептілік ар - ұлтым намысым
Әдеп жолы, әріден - ақ басталар
Әдепсіздер ар - ұлтты танысын
Білмей жатыр әліде оны басқалар



Болса егер әдептілік бойыңда
Мәдениет, өркениет тоғысқан
Сақтап қойған әдептіні ойыңа
Салт - санамен әдеп ғұрып толысқан

Сақтаған ғой ата - бабам әдепті
Дәлелді де мағыналы дәйекті
Солар салған сара жолмен ізетті
Сөйлемеп пе еді салмақты сөз мәйекті

Мұғалімнің сөзі: Оқушылардың әдепке байланысты дайындап келген мақал - мәтелдеріне кезек берейік.
1) Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.

2)Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

3)Әдепті бала
Ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала
Ата - анасын қақсатар.

4)Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені,
Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.

5) Әдептілік, ар - ұят -
Адамдықтың белгісі.

6)Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы.


7) Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.

Со
ңғы айтылған мақал өте орынды соған байланысты қазір мен берген тапсырма бойынша өз ойларыңды жазып, немесе сахналап берсеңдер де рұқсат.

Жағдаят: Бейтаныс әже шаршап сөмкесін көтеріп келе жатады....

Бірінші топ әдепсіз баланың әрекеттерін көрсетеді. Ал екінші топ әдепті бала не істейтін еді деген сауалға жауап жазады.

Ендігі кезекте біз дастарқанға назар аударсақ. Дастарқанға тағамдар қойылған, бірақ жабдықталмағанын көріп тұрмыз. Олай болса қазір сыныбымыздан төрт қызды шығарсам деймін.

(қыздар дастарқанды жабдықтайды).

-Араларыңнан біреуің әңгімелеп берсеңдер. Еркежан әңгімелейді.

Жақсы ендеше қазір Сұлтан мен Руслан, Раян мен Айшаны тамақтануға шақырған екен. Барлығымыз бақылап отырайық.

(Султан мен Раян бірінші кіреді. Екінші болып Руслан мен Айша кіреді).

-Не байқадық? Қай жұп және қай тұстан бастап қателіктер жіберді?

Дұрыс. Мұқият қарап отырған екенсіңдер.

(Сұлтан бас киімін шешеді де кешірім сұрайды. Содан соң сыртқы киімдерін шешеді).

Ал, енді, жабдықталып қойған дастарқан басына ұлдар қыздарды жайғастырады. Рұқсат.

(Раян барып бірінші өзі отырады Султан ешқандай ілтипат білдірмейді. Ал Руслан Айшаға орындығын шығарып отырғызады).

- Бұл әрекеттерден не байқалды? Кім әңгімелеп береді?

-Дұрыс. Мұндайда қандай адамның әрекеттері ерсіз көрінеді? Әрине, әдепсіз адамның. Осыдан былай Султан мен Раян және де осы уақытқа дейін осындай әрекеттер жасап жүрген оқушылар сабақ алды деп ойлаймын.

Оған себеп болатындай әлгінде қыздар дастарқанды жабдықтаған кезде Еркежан әңгімелеп берген ережелерді барлығымыз тыңдап отырғанмыз.

Дастарқан басында өзін ұстай білу әдеп ережелерін тек қана қоғамдық жерде ғана емес

күнделікті үйде де ұстануымыз қажет.

(Дастарқан басынан тұрады. Екі жұп та әдеп ережелерін дұрыс орындайды.)

Енді барлықтарыңа ортақ қоғамдық орындарда, көшеде жүрген кездегі әдеп ережелерін тыңдаңдар:

  • Ер балалар ғимараттың мейлі мектеп, дүкен, аурухана болса да ішіне кірген кезде бас киімдерін шешулері қажет.

  • Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.

  • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.

  • Тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.

  • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды

  • Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.

  • Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады.

«Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз» - дейді, Әбу Насыр әл Фараби

Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен – кішіні сыйлау - инабаттылықтың көрінісі - дейді, қазақ халқының дарынды жазушыларының бірі, Ғабиден Мұстафин

Дөрекі болу - өз басының қадір – қасиетін ұмыту деген сөз - дейді ұлы орыс халқының жазушысы, Н. Г. Чернышевский





1.«Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде». Осы мақал - мәтелдің мағынасын қалай түсінесіңдер?




Қазір қыздарымыздың заманауи флешмоб биін тамашалайық.

Осымен «Әдеп жолы әріден басталады» атты тәрбие сағатымыз тәмамдалды. Барлық ережелерді жадымызда сақтайық! Кез келген жерде әдепті бола білейік.