Баяндама Мәңгілік ел мұраты (высшая школа)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты»

баяндама

Арынова Азима Маратовна

Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен селосы

«№1 Успен жалпы орта білім беру мектебі»


Адам – қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі.

Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек.

Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық.

Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы.

Хронологиялық тұрғыдан келер болсақ, қазақстандағы ұлттық идеяның жасы - қазақ этносымен түйдей құрдас. Ол қазақтармен бiрге дүниеге келдi әрi тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкiн емес. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiктi нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру болса, одан кейінгі кезеңде Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнатып, елдігімізді сақтап қалу болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға» айналдыруымыз, «қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек», – екендігін ескертті.

Сонымен қатар, «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!» екендігін ерекше атап өтті.

Айналып келгенде, аталмыш әлеуметтік-экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, Ұлттық мемлекеттігіміздің тұғырлы тіректері. Олардың әрбірі – Қазақ мемлекеттігінің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы ауқымды да абыройлы қадамдары.
2015 жылы Қазақстан тарихында тұғырлы жыл болды. 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы» екенін тілге тиек етті, яғни, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атап өтілді. Биылғы 2016 қазақ жерінде үлкен айтулы оқиға. «Қазақстан Респуликасының тәуелсіздігіне 25 жыл» толады.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.

Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз (әсіресе жастар) білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет.

Себебі, кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл әрине оңай шаруа емес.

Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың сөзімен айтатын болсақ:

«Қазақтың ендігі ұлттық идеологиясы осы «Мәңгілік ел» деп ойлаймын. 2050 жылы біз «Мәңгі ел» бола саламыз деп ешкім кесім жасай алмайды. Елбасы оны айтып отырған жоқ. Қазақтың түпкі арманын меңзеп отыр. Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат керек. Бұл кешегі Жолдауда айтылған, қазақтың көкейіндегісін дөп тапқан сөз болды деп санаймын».

Қазіргі таңда ұлттық санамыз саяси өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі тектілердің ұрпағы екендігімізді ұғынып, келешекке жеткізу парызымыз.

Аз уақытта дамыған елу елмен иық теңестірдік, енді отыздықтың ортасынан ойып орын алуға ұмтылудамыз. Мемлекеттік саясаттың тірегі – халықтар достығы, ел бірлігі, қоғам тұтастығы. Осы үш тұғыр бекем болса, Мәнгілік елдің шаңырағы да биік болатыны аңық.

Ғасырдан ғасырға ата-бабалардан келген мұраларымызды келе жатқан жастарымызға жалғастыру біздің еншімізде екеніні белгілі.

Сондықтан мен мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымен мақтанамын.

ХХІ ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын біз - жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен, тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға жетелесін демекпін.

Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!

«Мәңгілік Ел – болашақтың жобасы,, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығы мен жалғасатыны мәлім. Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құңдылықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат болатындай игі істер атқару – бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа – аманат.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Мәңгілік Ел идеясы – ұрпаққа аманат»// Егемен Қазақстан 17 ақпан 2016 жыл. 9 бет.

  2. Қазақстан тарихы: (әдістемелік журнал) 4.2015 жыл 3-5 бет.

  3. «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан , 15 желтоқсан 2012 жыл.

  4. «Мәңгілік Ел идеясы»// Егемен Қазақстан 1 ақпан 2015 жыл. 3 бет.

  5. Қазақстан тарихы: (әдістемелік журнал) 2.2014 жыл 6-8 бет.