Алтын күз! /іс-шара/

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: Балалардың көңілін көтеру,тілдерін дамыту.

Көрнекіліктер: Түрлі түсті жапырақтар,түлк,қоян,күз апасы,қыз.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ойнату,мадақтау.



Тәрбиеші: Арайлап таң атты ,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң,қонақтар!

  • Кәне,балалар,қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Балалар: Күз.

  • Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

  • Әңгімелесу;

  • Ағаштардың жапырақтары сарғаяды,күн суытады,жаңбыр жауады,адамдар жылы киіне бастайды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,т.б.



Ән: «Күз жомарт».



Қонаққа қыз келді.

Қыз:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендер бүгін әдемі киініп алғансыңдар гой.

-Балалар,мен «Күз апама» қонаққа кетіп барамын.Жалғыз орманда жүруге қорқамын.

-Балалар,менімен бірге барасыңдар ма?

-Балалар: -Иә.

Қыз:

-Онда жиналайық,естеріңде болсын,жол алыс,алдымыздан көп кедергілер кездеседі.



Алдарынан қоян шығады.

Қоян:

-Балалар, сендер қайда кетіп барасыңдар?

Қыз:

-Біз орманға «Күз апамызға» кетіп барамыз.

Қоян:

-Маған өнерлеріңді көрсетпесеңдер,сендерді жібермеймін.

Тәрбиеші:

-Қане,балалар,біздің өнеріміз көп қой,қоянға өнерлерімізді көрсетейік пе?Тақпақ айтып берейік пе?

Балалар:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан тоапаңдап,

Көжегі екен өзінің.



Тәрбиеші:

-Қоян,балалардың саған дайындаған тақпақтары бар,біраз дем алып,соларды тыңдасаң кайтеді?

Қоян:

-Жарайды.



Айназ Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.



Алихан Қарашы күз келді,күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуенін түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.



Айша Жеміс-жидек пісіп жатыр,

Түсіп жатыр бау-бақта.

Жапырақтар түсіп жатыр,

Түсіп жатыр жан-жаққа.









Батыр Көктемде егін егетін,

Күзде жинап беретін.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.



Адия Қамба толы астыққа,

Рахмет саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап астық алдық біз.



Қоян:

-Жарайсыңдар,балалар,жолдарыңнан қалмаңдар, күн жарықта апаларыңа жетіп алыңдар.

Келе жатып алдарынан түлкі шығады.

Түлкі:

-О, мынау неткен балалар,қайда кетіп барасыңдар?

Қыз:

-Біз «Күз апамызға» кетіп барамыз.

Түлкі:

-Қазір менімен бір қызықты ойын ойнаңдар,содан кейін сендерді апаларыңа жіберемін.

Қараңдаршы ,жерде көп жапырақтар жатыр.

-Ал,кане, осы жапырақтарды топтастырып,түстерін ажыратып,жинайықшы.



Ойын: «Жапырақтарды жинау».



Би: «Жапырақтар» (қыздар)



Тәрбиеші:

-Түлкі,сен балалармен бірге біраз серігіп алдың,енді отырып қалған балалардың тақпақтарын тыңдай гой.

Түлкі:

-Тыңдасам тыңдайын.





Нұрәлі: Қандай өзі береген.

Алмасын-ай,алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсын.



Сұңқар: Берекелі,мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да,далада да,

Жаның бәрі алтын күз.



Әмина Жаз айында жүрдік жайнап,

Көңілдіміз жарқынбыз.

Сайрандадық,күліп-ойнап,

Келді,міне алтын күз.



Түлкі:

-Жарайсыңдар,балалар,сендер ақылды екенсіңдер.Апаларыңа бара беріңдер.

Қыз:

-Қане,балалар,шаршадық па?

«Күз апамның» үйіне де келіп жеттік.

Күз апасы:

-Қызым,келіп қалыпты гой.Мына балалар,кімдер?

Қыз:

-Апа,егер мына балалар болмағанда,мен сізге жете алмас едім гой.Осы балалардың арқасында талай кедергілерден өттік.

-Апа,балалардың сізге дайындаған билері бар.Билерін барлығымыз тамашалайық.

Би: «Саңырауқұлақтар». (ұлдар)



-Апа,біздің балалар сізге тақпақтарын дайындап қойыпты.Соны отырып тыңдайық.



Айзере Қазан болды молшылық

Дәулет қорын қалады

Зеңгір көкке жол сызып

Құстар қайтып барады



Мөлдір Жүзім,алма жинаймыз

Алтын мақта тереміз

Үлкендерді силаймыз

Көмектесе береміз



Нурдин Өрік,шие,балы бар

Қауын,қарбыз көбкейді

Жегін келсе бәрін ал

Неге аласын демеймін





Кәусәр Астық-дала сәулеті

Астық-Отан дәулеті

Біздің дала байдала

Алтын астық айнала



Альдина Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті кайтып



Ажар Келші-келші алтын күз!

Келші-келші жарқын күз!

Мерекені жалғастырып

Ойнап-күлші алтын күз

Альтайыр Күзім-ау,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.





Ән «Жемістер мен көкеністер»





Күз апа:

-Балалар,сендерге үлкен рахметімді айтайын.

Рахмет сендерге, балалар!

Өнерлерің үстем болсын!

-Маған қонаққа келгендеріңе өте қуаныштымын,сендерге сыйлығымды дайындап қойдым.Барлығыңды дастархан басына шақырамын.