Жаманннан жирен тәрбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Жаман қылқтан жирен».

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі сияқты қоғамның кері кетіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу,слайд, анкеталық сұрақтар.

Барысы:

Мұғалім: Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

Бұлар қандай әрекеттер?

Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Мұғалім:

Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылады. Бес дұшпанды , бес асыл істі ажыратады. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.

І – топ

Балалар арасындағы ұрыс – керіс, төбелес.

ІІ - топ «Ішімдік»

1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.

2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

ІІІ – топ «Нашақорлық»

1-оқушы: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

2-оқушы: Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

3-оқушы: Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.


Бейне баян көрсету (талқылау)

Бүгінгі біздің қонағымыз мектеп инспекторы сөз кезегін береміз.


Электрондық почтадан хат келген екен балалар.

Салеметсіздерме балалар, мен сендер білетін темекімін. Балалар мен сіздермен дос болуға ұсыныс жасап отырмын. Менімен дос болыңыздар, мені шексеңдер менің жағымды исімді ұнатасыңдар, рахатқа бөленесіңдер. Мен сендердан жауап күтетін болам.

І – топ

Темекінің хатына жауап жазыңдар.

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

ІІ – топ

Темекінің хатына сурет салып жіберіңдер.

ІІІ – топ

Темекінің хатына өлең шығарып жіберіңдер.


Арақ ішіп, ................ шеккен,
Денсаулықтың түбіне жеткен.
2. Темекі шегу- ........................ орынсыз
Тілегінен туған ....................

1 Темекі- тегін келмейді
......................................... Теңгеге келеді
2Темекі шеккенің,
......................... шеге қаққаның. Темір табытқа



Қорытынды.


Мұғалім: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ру-руға бөлініп, атыссын, шабыс-

сын демеген. Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бас-

тайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!


Жарқын балалық шақ

(гүлдерге болашағымыз жарқын болсын деп жақсы сөздерімізді жазамыз)



Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Шыгысова Гулзия Сайлауовна































Дайындаған: Шыгысова Гулзия

1