Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту.Ойыншықтардың атауларын анық айта білуге ,ойыншықтардың нелерден жасалатыны және оларды ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды ұқыпты ұстай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: жылулық шеңбері, түсіндіру-көрсету, саяхат, ойын, тақпақтар, өлең, қорытынды.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, себеттер, кішкентай доптар, қуыршақ, машина
Сөздік жұмыстар: ойыншықтар, сындыруға болмайды, пласмасса, ағаш, резеңке, шүберек.
Билингвалдық компонент: ойыншықтар- игрушки.
Ашық тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Балалар: жақсы.
Тәрбиеші: Тамаша, олай болса бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық.
Жылулық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді біз білмейміз.
Тәрбиеші: Балалар сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?
Балалар: Ойыншықтармен ойнаймыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, сендер балабақшаға келгенде көптеген ойыншықтармен ойнайсыңдар, олай болса бүгін біз сендермен ойыншықтар туралы әңгімелесетін боламыз.
Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
Балалар: Қуыршақ, машина, доп т.б.
Тәрбиеші: Бүгін біз сендермен ойыншықтар әлеміне саяхат жасаймыз.
Тосын сәт: Осы кезде Айжан жылап келеді,балалармен амандасып, ойыншығын жоғалтып алғанын айтады.
Тәрбиеші: Балалар Айжан ойыншығын тауып беруге көмектесеміз бе?
Балалар: Ия Айжанға көмектесеміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар ендеше ойыншықтар әлеміне саяхат жасайық.
Сөрелерде ағаштан, резеңкеден және пластмасса мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.
Балалар мына жердегі не екен қарайықшы жаймен деп бетін ашайықшы және Айжанның ойыншығын іздейік?
Балалар: Ия қарайықшы.
Тәрбиеші: Мына жерде тағы ойыншықтар бар екен. Мынау қандай ойыншықтар?
Балалар: Домбыра, үстел, сандық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, қазақтың ұлттық аспабы –домбыра, үстел, сандық бұл ойыншықтар ағаштан жасалған.
Тәрбиеші: Айжан мына жерде сенің ойыншық бар ма?
Айжан: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншықтар?
Балалар: машина, доп, шелек, күрек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, осы ойыншықтар пласмассадан жасалған. Қатты болып келеді.Айжан мына жерде сенің ойыншық бар ма?
Айжан: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Тәрбиеші: Мына кішкентай доптармен бір ойын ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам?» балалар кішкетай доптарды себеттерге түсіне қарай орналастырады.
Тәрбиеші: Мына жерде тағы ойыншықтар бар екен. Мынау қандай ойыншықтар?
Балалар: піл, түлкі, қоян, аю
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар бұл ойыншықтар резенкеден жасалған.
Айжан сенің ойыншығың жоқ па мына ойыншықтың арасында.
Айжан: Жоқ, көре алмай тұрмын ойыншығымды.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншықтар?
Балалар: қоян, кірпі
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, осы ойыншықтар жұмсақ матадан жасалған. Жұмсақ болып келеді.
Тәрбиеші: Балалар, қоян нені жақсы көреді?
Балалар: Қоян сәбізді жақсы көреді.
Тәрбиеші: Қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Ұзын, құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып, сыбдырды,
Ойлы, қырлы жерлермен,
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан тоңпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Айжан: Алақай, міне, менің ойыншығым табылды.Мынау менің ойыншығым.
Тәрбиеші: Оның киімі қайда, үсті басы неге кір? Балалар мына машинаға қараңдар дөңгелегі бар ма?
Балалар: Машинаның дөңгелегі жоқ.
Тәрбиеші: Машинаның дөңгелегі қайда?
Балалар: сынып қалған, оны бұзық балалар сындырып тастапты.
Тәрбиеші: Олай болса ойыншықтарды сындыруға бола ма балалар, Айжан сенде үйіңе барған соң ,қуыршағыңды жуып, киім киізіп ұқыпты ұстап ойна, әйтпесе қуыршағың саған ренжип қалады.
Айжан: Жарайды, дегендерің болсын, балалармен бір ойнасам бола ма?
Тәрбиеші: Әрине, болады.
Ойын «Не жоқ?» ( жасырынған ойыншықтарды табады.)
Айжан: Балалар сендер ойыншықтар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Иә, біз ойыншықтар туралы тақпақтар білеміз.
Тақпақтар
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншалық,
Көтермесең жүрмейді.
Добым, добым, домалап,
Қайда кеттің домалап.
Алға сырғып жүгірдің?
Шатырға сен секірдің
Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырсам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды , қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.Мен қайтайын.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар қонаққа кім келді?
Балалар: Айжан келді
Тәрбиеші: Біз оған қалай көмектестік?
Балалар: Ойыншығын табуға көмектестік.
Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?!
Балалар: Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.
Ән «Ойыншықтар»