Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін
Мектеп директоры: Ж.Дуанаев
«Ардақты ұстаз, асыл әке » атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі
Физика пәнінің мұғалімі
Кунафина А.К.
Беріктас ауылы, 2016 жыл
«Ардақты ұстаз, асыл әке » атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі
2.Жүргізуші Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Шамиль ағай келеді ортамызға,,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! ! -дей отырып, шыбығынан көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек тұлға, Ахметжанов Шамиль ағайды тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты жиынның төріне шақырамыз.
(Шамиль ағаны алып келіп, сахна төріне отырғызады) 1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ахметжанов Шамиль Омарович «Ардақты әке,асыл ата!» атты зейнеткерлікке жету салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Еңбегімен ел алдында сыйланған,
Ағай десе тартылады сый балдан.
Мерейтоймен құттықтайды қуана,
Мектебіңіз, мына отырған жиналған.
1-жүргізуші:
Ән: « Әке» орындайтын Бота
Алия апай, Нұршат апай сөздері. “Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы” деген сөз тегін айтылмаған. Әкеден – ақыл, шешеден мейір көріп өскен Шамиль Омарұлы бойындағы асыл қасиеттерінің бәрін оның тектілігінен іздеген жөн шығар.
Кішкентайынан білім мен өнерге,спортқа қатысып жоғары шыңнан көрінген тұлға.
Қазіргі таңға дейін Беріктас орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде жас бүлдіршіндерге сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі – ол өзі үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен Шамиль ағамыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.
2.жүргізуші. Шамиль ағаны рухани байлығы , ең алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар тұлға – бүгін біздің ортамызда, ертеңгі-зейнеткер.
1.Жүргізуші: Күн нұрындай шашылған
Кеудесінен ерек нұр,
Шамиль ағай асыл жан.
Құрмет артқан әскери ұстазымыз.
Жарқыраған аспанда,
Дәл өзіндей жұлдыздың,
Жол сілтеген асқарға
Ұстазымыз бұл біздің, - деп алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Дуанаев Жақан Ноғайбаевичқа береміз.
2.жүргізуші. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.дей келе ендігі жерде әнге кезек береміз. Ән «сарбаздар » орындайтын 8 сынып оқушылары .
1.жүргізуші. Әдептілік іздеп салдар себебін,
Дейді олар әр жүрекке егемін.
Әріптестері көп мұнда,
Аямайтын адамдардан көмегін-деп ортаға Шамиль ағаның барлық әріптестерін шақырамыз.
2 .жүргізуші Көңілдірге дем беріп сыйымыз бен,
Жарасамыз әсем ән биіміз бен,
8 ші сынып қыздары өнерлерін,
Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.
8 сынып қыздарыңыздың өзіңізге арнаған әсем әні мен биін қабыл алыңыз.
Жүргізуші. Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,
Арнадым еңбегімді мектебіме,
44 жыл өтіпті ғой ұжымдастар,
Осы мектепте қызмет еткеніме.
деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Шамил ағамызға сөз кезегін береміз.
2. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,
Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.
Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,
Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.
Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,
Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,
Шаттық күнде көңіліміз марқайып,
Деп тілейік болсын ылғи амандық.
Құрметті ақылы дария, шежірелі қария – Шамиль аға тағы да мерейлі мерекеңіз құтты болсын!
Отбасыңызға береке – бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дей келе, құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып«Ардақты әке,асыл ата!» атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
[pic] [pic] [pic]
[pic]