« Деңсаулықпен достасу,табиғатпен сырласу.»
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Тақырыбы: «Деңсаулықпен достасу,табиғатпен сырласу »
Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімдерін кеңейту, және денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, табиғатты аялап табиғат –бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аяулы бесігі, құтты қоныс пен өсіп-өнер мекені
Білімділік: Балалардың өлі және тірі табиғат туралы ұғымдарын бекіту, адам игілігі, денсаулығы үшін пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ақыл – ойын, ынта – ықыласын, танымдық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялап қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сөздік, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: табиғат суреттері. слайд
Сөздік жұмыс: қоршаған орта, өлі және тірі табиғат, деңсаулық,
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері:
Біз жапырақпыз бір бұтақтың
Бір бақшаның гүлдеріміз
Бізге келініз, бізге келініз
Сен және мен бірге
Деңсаулықты тілейміз сіздерге.
Тәрбиеші балаларға өлең оқиды:
О, табиғат, қандайсың,
Тіл жете ме, сыйыңа?
Адамзаттың керегін
Өзің беріп тұрасың.
Жұтсам – ауа, ішсем –су,
Табиғатым – жұмағым.
-Балалар өлең не туралы?(балалардың жауабы)
-Бүгінгі сабақтын тақырыбына байланысты әңгімеміз денсаулықтың және табиғаттын жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Табиғат туралы не білесіңдер? Ал табиғатпен денсаулықтын қарым-қатынасы қаңдай?
1-Бала:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке-тамыр жүйесі.
2-Бала:
Үлкен өзен-көлдері,
Үлкен орман –шөлдері.
Үлкен қала, тауы бар,
Бағы жанған жерім бар,
Денсаулықты тілеген
Егеменді елім бар!
3-Бала:
Дене қимылы-дәрісіз ем,
Шынығажүріп дертті жең
Таза болса-табиғат,
Аман болар азамат.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек
(балалардың жауабы)
-Бізді қоршаған орта: жан – жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат тірі табиғат, өлі табиғат болып екіге бөлінеді.
-Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа нелер жатады?
(өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер т.б.)
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
(тау, тас, ауа, су, тау, ай, жұлдыз т.б. жатады)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, тірі табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп – өнетіндердің барлығы жатады екен. Яғни тірі табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал өлі табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді.
Жұмбақ жасыру:
Жылт – жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.
(су) (су адам баласына қандай пайдасын тігізеді?)
Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді
(ауа) ауаны не ластайды? Таза ауа болу үшін не кәжет?( ағаш туралы әңгімелеу)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн) (микроптарды өлтіреді,жерді жылтады)
Тәрбиеші: -Тамаша, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Енді сендермен бір ойын ойнайық. Ойынның аты «Ғажайып сөзді аяқта»
Ойын: «Ғажайып сөзді аяқта»
Мен табиғатты ...........(сүйемін)
Табиғатсыз..................(өмір жоқ)
Суды ........................(ластамаймыз)
Орманда от ..............(жақпаймыз)
Ағашты......................(сындырмаймыз)
Құстарды...................(қорғаймыз)
Ағашты көп ..............(отырғызамыз)
Таза ауамен................(дем аламыз)
Денсаулықтың қадірін----- (ауырғанда білерсі)
Дені саудың----------(жаны сау)
Тазалық –------- (денсаулық кепілі).
Тазалық-саулық негізі,---------( саулық – байлық негізі).
Тәрбиеші: -Керемет, балалар шаршадыңдар ма, онда бәріміз сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Жаңбыр, жаңбыр жаусың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
Тәрбиеші: - Жазда жасыл, қыста ақ көйлегін киіп алар.
(жер)
-Балалар сонымен бізді қоршаған табиғат ауа, су, жер, ағаштар, құстар, жан – жануарлардан тұрады. Біз ауамен дем аламыз. Суды шөлдегенде ішеміз. Ал жерде асыр салып ойнаймыз. Балалар бір дыбыс естіледі біреудін тыңысы тарылып демі жетпей жылаған дыбысы шығып түрған сияқылды? (Жер ана кіреді, үсті ластанған жылап балалармен сөйлейді)
-Балалар салеметсіндер ме, тыңысым тарылып демім жетпей жатыр. Кей бір адам баласы өзіңді табиғатта тәртіпсіз ұстайды, демалыста табиғат аясында коқыстарды калдырып кетеді.
Тәрбиеші:Балалар жер анаға көмек көрсетейік, тазартайық. Біз қаңдай ереже білеміз?
(балалардың жауабы)
Алихан: Алдияр:
Табиғат біздің анамыз! Табиғатты сүю парыз!
Табиғатқа баламыз. Сүю үшін қорғау парыз!
Иіліп сәлем береміз! Табиғатсыз күнің жоқ.
Біз әдепті баламыз. Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ!
Нурай: Жамиля:
Уланса ауа, Табиғаттың ауырғаны
Уланамыз бәріміз. Ауырғаның сенің де
Уланса су, Табиғатты қорғау сенің,
Уланатын тағы біз. Міндетің біл, тегінде.
Алина:
Табиғат та еркелейді,
Сен де оған еркеле.
Оны анаңдай аялашы.
Бір шөбін де өртеме.
Рамина:
Табиғаттың тарылтпасын тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің жырысың.
Ей, адамдар, қатыгездік жасама!
Ол Анам ғой, ал сен кенже ұлысың!
Тәрбиеші: -Балалар күннің суретін бейнелегенде қандай түспен бейнелейміз?
-Ал жерді ше?
-Бұлтты қандай түспен бейнелейміз?
-Ауаның түсін көрсетіндерші?
(балалар карточкадағы түстерді көрсетеді)
Ойын: «Жер, су, ауа»
Шарты: Жер дегенде отырамыз, ауа- қолдарын жоғары көтереміз, су- жүземіз, күннің көзі- сәулесін шашамыз.
Жер:Рахмет достарым мен риза болдым сендерге. Елдің болашақ азаматтарсындар жерінді,елінді қорғап, аялап жүретің баллар екенің көзім жетті.Сыйлығымды беріп кетейін.Сау болындар.
Қорытынды:
-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
-Табиғат нешеге бөлінеді екен?
- Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау біздің парызымыз.
-Адам баласының, табиғатпен байланысы өте тығыс,сондықтан мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау керек.
Табиғат біздің анамыз!
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз!
Біз әдепті баламыз.